Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: №22
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;
6.1.1.7 қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;
|
Сабақ мақсаттары
|
координаталық түзудің анықтамасын біледі және координаталық түзуді салады;
қарама-қарсы сандар ұғымын меңгереді, оларды координаталық түзуде белгілейді;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезені
Бірлескен оқу ортасын құру.
Алған білімдерін жүйелеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Проблемалық оқыту
Тиін ағаш бұтасындағыұясынан шығып жоғары, төмен жүгіре берді. Егер тиін ұясынан 3 м қашықтықта болса, қай жерде болады?
Бұл сұраққа қанша жауап беруге болады?
Тиіннің орнын анықтау үшін не білуіміз керек?
Ұяға дейінгі қашықтықты анықтасақ жеткілікті ме?
|
Актуальдау: Оқушыларға жалпы сұрақ қою:
Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?
Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?
0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?
Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.
•ұзын – қысқа;
•толық – арық; (қалың – жұқа)
•күшті – әлсіз
Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?
Қандай сөздер антоним деп аталады?
Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.
Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертектерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.
Ал математикада қарама – қайшылық кездеседі ме?
Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab
|
Сабақтың ортасы
|
Оқыту практикалық жұмысы 1.
Горизонталь түзу жүргізіңіз;
О нүктесін белгілеңіз – бұл нүктені санақ басы деп атаймыз;
Бірлік кесінді алыңыз, оны санақ басының оң жағына, сол жағына бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салыңыз;
Координаталық түзу туралы түсінік беру.Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
Әр нүктеге сәйкес келетін санды жазыңыз;
Оң бағыт – оң сандар, теріс бағыт – теріс сандарды кескіндеу туралы түсінік беру.
Координаталық түзуде А(-3) және В(3) нүктелерін белгілеңіз;
А және В нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта, бірақ қарама – қарсы бағытта орналасқан, айырмашылығы тек таңбасында, мұндай сандарды қарама –қарсы сандар деп атайды.
Қарама –қарсы сандар туралы түсінік беру.
Теріс санға қарама – қарсы сан оң сан болады.
Мысалы: -2 және 2; -0,6 және 0,6; және ...
Оң санға қарама – қарсы сан теріс сан болады.
Мысалы: 2 және -2; 0,6 және -0,6; және ...
Жеке тапсырма
№1.
№2.
а)А; В; С нүктелерінің координаталарын табыңыз;
в) координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатынE; F; K нүктелерін белгілеңіз.
Дескриптор: Білім алушы:
Қарама – қарсы сандарды сәйкестендіреді;
А; В; С нүктелерінің координаталарын дұрыс тапқан;
Е; F; K нүктелерінің координаталарын дұрыс тауып белгілеген.
Дескриптор бойынша оқушылар өзін – өзі бағалайды.
|
|