Сабақ тақырыбы Екісанның қатынасы. Екісанның пайыздық қатынасы



бет51/93
Дата18.10.2022
өлшемі23 Mb.
#153728
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
Байланысты:
6 сынып1 токсан

Жеке жұмыс

  1. нұсқа

1) Мына нүктелерді координаталық түзуде кескіндеңіз: А(4), В(-4), С(8), D(-8), E(2), F(14), K(-13), L(-1), M(-6).

  1. нүктелердің ара қашықтығын табыңыз:

D және L; В және С; Е және F.
б) ВЕ кесіндісінің ортасы қай нүкте?
в) 0 –ге қай нүкте жақын Fнемесе К?
г) қай нүкте 0 – ден алысырақ АнемесеD?
д) L нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерді
табыңыз;
e) LC кесіндісінің ортасы Р нүктесі болса, оның коордтнатасын табыңыз.
2) Берілген нүктелердің арасындағы бүтін сандарды жаз:
а) -9 және 10; б) – 9 және 8.
3) Координаталық түзуден X(-21). Y(12) нүктелерін кескіндеңіз, M және N нүктелері XY кесіндісінде жатады. M және N нүктелерінің координаталарын табыңыз, егер:
- М нүктесі NХ кесіндісінің ортасы;
- N нүктесі МY кесіндісінің ортасы болса.
4) А және В нүктелерінің ара қашықтығын табыңыз, егер А(а + 0,8), В(b – 4.2), b – a = -1 болса.


II нұсқа
1) Мына нүктелерді координаталық түзуде кескіндеңіз: А(2), В(-6), С(6), D(-10), E(-1), F(12), K(-15), L(-3), M(-8).
а)нүктелердің ара қашықтығын табыңыз:
D және L; В және С; Е және F.
б)МС кесіндісінің ортасы қай нүкте?
в) 0 –ге қай нүкте жақын Fнемесе К?
г) қай нүкте 0 – ден алысырақ СнемесеD?
д) L нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерді
табыңыз;
e) LC кесіндісінің ортасы Р нүктесі болса, оның коордтнатасын табыңыз.
2) Берілген нүктелердің арасындағы бүтін сандарды жаз:
а) - 10 және 11; б) – 8 және 7.
3) Координаталық түзуден X(-18). Y(24) нүктелерін кескіндеңіз, M және N нүктелері XY кесіндісінде жатады. M және N нүктелерінің координаталарын табыңыз, егер:
- М нүктесі NY кесіндісінің ортасы;
- N нүктесі ХМ кесіндісінің ортасы болса.
4) А және В нүктелерінің ара қашықтығын табыңыз, егер А(а -0,2), В(b+0,5), a – b = -1 болса.

Жеке жұмысты мұғалім бағалайды


Тапсырма 1.
Тапсырмаларды топта орындау процесін пікір алмасуға, бағалауға негіздей ұйымдастыру.
Оқушылардан берілген шарттарға байланысты нүктелерді сандар түзуінде орналастыруға байланысты графикалық жұмыс жүргізуді сұрау.
1. Сандар түзуінде белгіле:
а) координаталық түзу бойынан А(-4) нүктесін белгілеңіз.
А нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
б) координаталық түзу бойынан В(5) нүктесін белгілеңіз.
В нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
с) координаталық түзу бойынан Е(-3) және F(3) нүктесін белгілеңіз.
Е(-3) және F(3) нүктелерінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
Жауаптарды2 - 5 слайдтар бойынша тексеру.
2. |a - b|және|b - a| өрнектерінің мәнін есептеңіз. Мұндағы
1) a=9, b=5 2) a=9, b= -5
3) a= - 9, b=54) a= - 9, b= - 5
Жауаптарды8 слайдбойынша тексеру.
Дер кезінде оқушыларға кері байланыс беріледі.
Тапсырма 2.
а) 1-жағдай.
Координаталық түзуде берілген А(2) және В(6) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |6 - 2|= 4 немесе |АВ| = |2 - 6|= 4

б) 2-жағдай.


Координаталық түзуде берілген А(2) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |-5 - 2|= 7 немесе |АВ| = |2–(- 5)|= 7
с) 3-жағдай.
Координаталық түзуде берілген А(- 1) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |-5–(- 1)|= 4 немесе |АВ| = |- 1–(- 5)|= 4
Жауаптарды9, 10, 11 слайдтар бойынша тексеру.
Оқушылардан координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын үш жағдайда есептеп, берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда осы жағдайлардың байланысынбақылап, қорытынды шығару ұсынылады
Егер оқушыларда қорытынды шығаруда қиындықтар туындаса,
Берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда нені байқадыңыз? деген сияқты сұрақтар қойылады.
Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.
Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.
Оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.
Қорытынды:
Координаталық түзуде берілген А(а) және В(b)
нүктелерінің арақашықтығы координаталарының
айырымының модуліне тең.
|𝒂 −𝒃| немесе |𝒃−а|



Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.



6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет