Сабақ тақырыбы Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену (урбандалу)



Дата26.08.2017
өлшемі144,5 Kb.
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

География



Мұғалім

Мырзалиева Айымжан

Мектеп, сынып

Алматы қаласы, "№58 жалпы білім беретін мектеп", 9-сынып

Сабақ тақырыбы

Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену (урбандалу)



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Елді мекендердің қалалық және ауылдық типтерін анықтай отырып есте сақтайды, біледі. Қалалық елді мекендердің қалыптасуына әсер ететін факторларды талдап, кенттену, агломерация, мегаполис, моноқалалардың айырмашылықтарын түсіндіріп, әрқайсысының ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттап бере алады. Ірі қала маңындағы экологиялық жағдайды, моноқалалар проблемаларын шешуде қандай шаралар жүзеге асу керектігін дәлелдейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:




Дерек көздерін пайдалана отырып, елді мекендердің қалалық және ауылдық типтерінің ерекшеліктеріне сипаттап бере отырып, есте сақтай алады.




Оқушылардың басым бөлігі:




Қалалық елді мекендердің қалыптасуына әсер ететін факторларды талдап, кенттену, агломерация, мегаполис айырмашылықтарын түсіндіріп, әрқайсысының ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде сипаттап бере алады.




Кейбір оқушылар:




Кенттену үрдісінің дамуына қандай мүмкіндіктер берілген, моноқалалар проблемаларын шешуде қандай шаралар жүзеге асу керектігін дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар елді мекендердің түрлерін, елдің тығыздығы, кенттену, моноқала, агломерация, мегаполис ұғымдарына анықтама бере алады.




Негізгі сөздер мен тіркестер:




Елді мекендердің түрлерін, кенттену, моноқала, агломерация, мегаполис жаңа сөздермен танысады.




Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




Талқылауға арналған тармақтар:




1. Елді мекендердің қалалық және ауылдық типтер;

2. Қалалық елді мекендердің қалыптасуына әсер ететін факторлар;

3. Кенттену, моноқала,агломерация, мегаполис айырмашылықтары;

4. Ірі қала маңындағы экологиялық жағдай.






Сіз неліктен Астана агломерациясы технология және индустрия -инновациялық орталық ретінде дамуда екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар.




Термин сөздер мен диаграммаларға, кестелерге түсінік береді, картамен жұмыс істей алады.

Алдыңғы оқу

Халықтың ұлттық және діни құрамы.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы

1130 – 1140




Жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

1. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы әр ұлттың тілінде сәлемдесіп, бір – біріне тілек білдіріп, сәттілік тілейді.

2. «Шеңбер» стратегиясы Кім жылдам? әдісімен экспресс сұрақтар беріп оқушының алдынғы тақырып бойынша алған білімін тексеру.

1. Этнос дегеніміз (жеке бір халық)

2. Белгілі бір ұлт өкілінің өз елінен тысқары мемлекетте тұруы (диаспора)

3. Халық санының табиғи азаюы (депопуляция)

4. Қазақстандағы ең көп этнос (орыстар)

5. Халықтардың шығу тегін, орналасуын, мәдениеті мен тұрмыс жағдайын зерттейтін ғылым саласы (этнография)

6. Қазақтар қандай тіл тобына жатады (түрік)

7. Қазақтардың тілдік әулеті (алтайлық)

8. Қазақстанда қанша этностың өкілдері тұрады? (130)

9. Ірі қазақ диаспоралары қай мемлекетте? (Қытайда және Өзбекстанда)

10. Әлемдік діндер (христиан, ислам, будда)
Смайликтер арқылы бағалау.
3. Топқа бөлу:

Түрлі түсті қағаздар тарату, сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөлу 4 топқа: «кенттену», «моноқала», «агломерация», «мегаполис». Әр топқа екі, үш дарынды баладан бөлу



Интербелсенді тақта, түрлі -түсті қағаздар.

Ортасы

1140 – 1145


1145-1210


.


Қызығушылығын ояту.

«Миға шабуыл» тәсілі бойынша интер белсенді тақтадан фото суреттер мен бейнефильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. «Алматы агломерациясы», «Қала және қоршаған орта» 2 минут көрсетілім, 3 минут сұрақ - жауап. (көрсетілімде кинометафораны пайдалану)

1. Бейнефильмнен не көрдік жаңа тақырыпқа қандай қатысы бар?

2. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

3. Алдарыңда қандай термин сөздер бар?


Топтық жұмыс. "Ойлан, жұптас, бөліс" стратегиясы бойынша топтарға тапсырма беремін.

1 тапсырма:

Тақырыпқа сай мәтіндерді оқу, талдау.

Тапсырманың орындалуын бақылау, қажетіне қарай кері байланыс беру. 51-55 беттер. Топта мәтінді оқиды, жұптарына түсіндіреді, топта талдайды.


1. «Кенттену» тобы: Елді мекен типтері, қала саны, кенттену дәрежесі, қалалардың жіктелуі олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар. Халықтың тығыздығы картасынан қала халқының санын анықтап кескін картасын жасау, түсіру.

2. «Моноқала» тобы: Қала мен ауыл халқына "Венн диаграммасын" арқылы салыстырмалы сипаттама беру. Ауыл мен қала халқына қатысты алып келген фотосуреттерді кезең-кезеңімен жинақтау, айырмашылықтарын салыстыру, кестеге түсіру, сенің болашаққа деген көз қарасың.

3. «Агломерация» тобына: Агломерацияның негізгі белгілері. Кенттену, агломерация, моноқала, мегаполис ұғымдарына анықтама беру. Астана, Алматы агломерациясының даму болашағына сенің көзқарасың қандай? Сызба түрінде көрсету.

4. «Мегаполис» тобына: Ірі қала маңындағы экологиялық жағдайды моноқалалар мәселелерін шешуде қандай шаралар жүзеге асу керектігін қалай түсіндіресің? Мысалы: Қарағанды, Балқаш, Ақтау, Атырау, Риддер, Өскемен т.б. қалаларға дәлелдер келтір. Қала және қоршаған орта (фильмнен қандай ой түйіндедің?)

2 тапсырма: Тапсырманы постер арқылы қорғау (қалыптастырушы сұрақтар беріп отыру).

Топтағы оқушылар мәтінмен танысып, өзара пікір алмасады. Ортақ тұжырым жасайды, ойларын сызба, кестеге арқылы флипчартқа түсіріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.



«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар екі ұнаған нәрсесі мен бір ұсынысын жапсырма қағазға жазып бірін-бірін бағалайды.

3 тапсырма: Сынақтан өткізу және кері байланыс беру. Интербелсенді тақтадан bilimland.kz № 2837. Елді мекендер, қала және село халқы. Қалалардың өсуі тақырыбы бойынша берілген бейнефильмді көрсетіп, тест тапсырмаларына жауап береді.

Берілген сұрақтың дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

1 топ

Тізімдегі мегаполис қалаларды анықтаңыз



2 топ

Облыстық орталық болып табылмайтын қаланы көрсетіңіз.




3 топ

Курорттық қала болып саналмайтын жерді көрсетіңіз



4 топ

Қайсы қала дара қалалар тізіміне қосылмаған




Екібастұз

Көкшетау

Сарыағаш

Қаратау

Шымкент

Қостанай

Теміртау

Жаңатас

Зырян

Қызылорда

Щучинск

Аягөз

Курчатов

Алматы




Балқаш

Астана










Риддер










Алматы










Ақтөбе












bilimland.kz № 2837. Кіші қалалардың қызметін анықтап жазу.


Кіші қалалардың қызметі

Кіші қалалар

Көмір өндіру




Мұнай мен газ өндіру




Металл рудаларын өндіру




Шикізаттық ресурстардың басқа түрлерін өндіру




Химия өнеркәсібі




Металлургиялық өнеркәсіп




Машина жасау, құрылыс, тоқыма және тамақ өнеркәсібі




Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу




Электр энергиясының өндірісі бойынша салаларды дамыту басым қалалар




Өнеркәсіптік-көліктік орталықтар




Ғылыми-экспериментальдық орталықтар




Курорттық қалалар





3. Тест (балалар тапсырманы орындап болған соң, интербелсенді тақтадан жауабын көрсету).
1. Қазақстандағы қала саны.

А. 22


Ә. 27

Б. 64


В. 87

С. 84


2. Қазақстандағы қала халқының үлесі. А. 54,2 %

Ә. 59%


Б. 60%

В. 58%


С. 62%

Д. 58,1%



3. Қала халқының үлес салмағының артуы. А. Мегаполис

Ә. Демография

Б. Табиғи өсу

В. Механикалық өсу

С.Кенттену

4. Ірі қалалардың маңында шоғырланған көптеген шағын және орташа қалалар жиынтығы:

А. Мегаполис

Ә. Агломерация

Б. Моноқала

В. Кенттену

С. Субурбандалу



5. Атмосфераның ластану көрсеткіші мөлшерінің жоғарылығы жөнінен бірінші орында тұрған қала.

А. Алматы

Ә. Қарағанды

Б. Шымкент

В. Риддер

С. Өскемен

Д. Ақтөбе

Интербелсенді тақта, bilimland.kz,

видео, атлас, кескін карта, постер, түрлі- түсті стикерлер, флипчарт, фломастерлер, маркер, смайликтер.


Аяқталуы

1210-1215




Рефлексия, БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім)

Сұрақ - жауап (тест) арқылы бағалау.



Үй тапсырмасы. Өздерің тұратын елді мекеннің экологиялық жағдайы туралы қысқаша хабарлама жасаңдар.




Қосымша ақпарат: Қазақстан экономикасының өсуінің болашағы. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасымен” таныстыру.



Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу