Тапсырма №3.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Катион мен анионға анықтама беріңдер.
Оқулықтан 8- жаттығуды орындау.
ІІ деңгей
Мына қосылыстардың диссоциациялану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар:
Zn(OH)2, Ba(OH)2, H2CO3,H2S, Sr(OH)2, LiOH
ІІІ деңгей
13 г мырыш 24,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутектің қ.ж. көлемі қандай?
Тапсырма № 4.
Химиялық диктант
“+” дұрыс болса, “-” дұрыс емес.
Электр тогын өткізетіндер бейэлектролиттер
Электр тогын өткізбейтіндер бейэлектролиттер
Глюкоза электролитке жатады
Ас тұзының судағы ерітіндісі электролитке жатады.
5.Заттардың иондарға ыдырау процесі диссоциациялану деп аталады.
Оң зарядты бөлшектер анодтар деп аталады.
Еру дегеніміз физикалық-химиялық процесс деген С.Аррениус
Диссоциацияға ұшырамайтын заттар бейэлектролиттер деп аталады.
Жауабы: - + - + + - - +
1)Бекіту сұрақтары:
- Электролиттер дегеніміз не?
- Бейэлектролиттер дегеніміз не?
- Электролиттік диссоциация дегеніміз не, мәні неде?
2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілдіру жолдарын айтамын.
|
Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:
1. Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырату.
2. Электролиттік диссоциация мәнін ашу.
Әр топ өз постерлерін қорғайды.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке, жұптық, топтық талдап, әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды. (Менің мақсатым- берілген мысалдар арқылы оқушылардың электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білуі, не себепті электр тогын өткізетінін, өткізбейтінін теорияға сүйеніп түсіндіруін, тапсырманы орындауда қолдануын қадағалау).
Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін.
Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындап, өзара,жұптық, топтық талдайды. Өз тапсырмаларын қорғайды. Тапсырмалар тақтада орындалады. Топ басшы тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау парағына бағалайды.
Химиялық диктант жауабы флипчартта беріледі. Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Топ басшылары бағалау парағына түсіреді.
Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Әсіресе, соңғы сұрақ бойынша толық жауап алыну керек.
Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.
|
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату.
Смайликтерді көп жинаған топ марапатталады (қол шапалақтау).Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.
Смайликтер тарату
Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.
Оқушылар бағаланады.
|