Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні:
Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.
Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.
Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамасы бірлігін электромагниттік өріс дейді.
Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу үшін оны, бір жағынан, электр өрісінің кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінің индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.
Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады.
Электромагниттік толқындардың қасиеттері:
Электромагниттік толқын әртүрлі заттарда, вакуумда да тарала алады.
Электромагниттік толқындар – тек көлденең толқындар.
Вакуумдағы электромагниттік толқындардың жылдамдығы: 3∙108 ``м/с.
Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады.
Электромагниттік толқындар энергия тасиды.
λ-вакуумдағы толқын ұзындығы;
λ/-заттағы толқын ұзындығы;
.
Электромагниттік толқындар шкаласы.
Радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл толқындар, ақ жарық, ультракүлгін толқындар, рентген сәулелері, гамма-сәулелері
|