ШҚО,Жарма ауданы,Шар қаласы
Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп
Физика пән мұғалімі
Курсакова Нургуль Шайболатовна
9-сынып.Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.
Сабақ мақсаты:
1.Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
2.Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білуге үйрету
3.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Құрал-жабдықтар:
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер, серіппе, штатив, әр түрлі жүктер, металл шар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Ойды жалғастыр
1.Импулсь дегеніміз..........
Реактивті қозғалыс ...........
Имнульстің сақталу заңы..............
Зымырандар көпсатылы болып жасалатын себебі.........
Абсолют серпімді соққы дегеніміз...........
Абсолют серпімсіз соққы дегеніміз...........
6.Тұйық жүйе дегеніміз..........
7.Күш импульсінің өзгерісі............
2.Шығармашылық жұмыс
«Реактивті қозғалыс» презентацияларын көрсетіп, түсіндіреді(2-оқушы бірлесіп жасауға болады)
3.Бірліктер жүйесін қайталау.
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, соған жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Энергия дегеніміз не?
Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.
1 тірек – сызба.
Механикалық энергия: қозғалыс барысында материалық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Осы дененің немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама
Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы
Потенциалдық энергия денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия
ЕК =
Еn =mqh немесе Еn=
2
толық энергия:
Еm=Еk+Еn= mqh
Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.
Әсер етіп тұрған күштердің әсерінен дененің физикалық жұмысы. Биіктікте тұрған дене ауырлық күшінің әсерінен, сығылған серіппе серпімділік күшінің әсерінен жұмыс істеуге қабілетті
Энергияны сипаттайтын, анықтайтын құбылыс пен қасиеттер
Энергияның жеке жағдайлары
Механикалық энергияның түрлері потенциалдық, гинетикалық болат талдау
Энергияның белгіленуі, анықтамасы
Еm, Еk, Еn әсер етуші күштердің әсерінен жұмыс дененің механикалық жұмыс атқаруға қабілетін білдіретін шама энергия айырмасы механикалық жұмыс болады.
Энергияның формулалары
Энергияның басқа шамалармен байланысы
Кинетикалық энергия жылдамдық квадратына тәуелді, потенциалдық энергия биіктікке не абсолют ұзаруға тәуелді.
Еm=Еk+Еn; Еn =mqh;
ЕК = ; Еn=
Энергияның өлшем
бірлігі
1кг,м2/с2=1Дж ағылшын ғалымы Джоульдің құрметіне аталған.
Қарапайым қондырғыларды, механизмдердіңэнергияны пайдалануда «Қазақстан -2010» стратегиясынан үзінді.
Қолдануы мен қолдану
шегі
Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар.
Еk жылдамдыққа тәуелді.
Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.
А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2
Еn потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі
Еn дене координаталарына тәуелді.
Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең
А=∆En; A=-(En₂ − En₁)=-(mgh₂- mgh₁) немесе
A=-(En₂ − En₁)=-(kx ₂²⁄2 - kx ₁²⁄2 )
Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Еk немесе А=- Еn
Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың
кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.
Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Еk және Еn қосындысы Еm береді.
Еm=Еk+Еn
Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда Еk және Еn қоры
Еm= mqh
m
h1 v₁
v₂ h2
2 жағдай Дене h2 биіктіктен түсті, V2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді ү
А = mq (h1 – h2 ) , ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.
∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2;
mg h₁ - mg h₂= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 немесе mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 )=-(mgh₂- mgh₁);
егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше.
Еk2 +Еn2 = Еk1 +Еn1
Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Энергияның сақталу заңының мәнісі осындай
Еm= Еk +Еn =const
Бірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады.
(жаңа сабақты бекіту)
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.
Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек.
Ой толғаныс.
а) Венн диаграммасын толтыру.
Еn ортақ қасиет Еk
1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия
2. ЕК =
3. Дене массасы мен жылдамдыққа тәуелді
1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.
2. Е = mqh
3. Масса мен көтерілу биіктігіне тәуелді
1.Өлшем бірлігі
2. Жер бетіндегі тіршілік көзі
Формуланы түрлендіру жұмысы.
Оқушыларға формулалар жазылған карточкалар беріледі.Оқушылар берілген формуладан белгісіз физикалық шаманы тауып жылдам жазу керек.
1. ЕК = ; m=?
2. Еn =mqh ; һ=?
3. Еn= ;?
4. Еm= mqh ?
5. ;х=?
6. А = mq (h1 – h2 ) ;h2 =?
7.∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2; v₂=?
Практикалық жұмыс.
Оқушылар қажетті құралдарды таңдап энергияның түрлену заңын қарастырады
1.Серіппенің қатаңдығының деформацияға тәуелділігі
2.Дененің кинетикалық энергиясының потенциалдық энергияға айналуы
IV. Есептер шығару. 19 –жаттығу. №1, №3. 20-жаттығу. №3. №4.
V. Қорытындылау.Рефлекция жасау
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма:
Болашақтың энергиясы .Күн энергиясы .Жел энергетикасы туралы жазба жұмысын жасау, қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |