Сабақ тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс және оның тұрмыста, техникалық құрылғыларда пайда болуы



Дата31.01.2018
өлшемі63,78 Kb.
#36680
түріСабақ


Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:

Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс және оның тұрмыста, техникалық құрылғыларда пайда болуы.

Мектеп:

Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей

Мерзімі:


Мұғалімнің аты-жөні: Байтұрсынова А.Ж

Сынып: 9 «Б»

Сабақтың оқу мақсаттары

  • жүйенің меншікті жиілігіне жақын сыртқы тербелістер жиілігі кезінде тербелістер амплитудасының графикалық өзгерісін сипаттау, сондай-ақ резонанстың сипаттамасын сапалы түсіндіру

  • -пайдалы немесе теріс резонанс жағдайларына мысал келтіру;




Сабақтың міндеттері

Оқушылар :

  • Еркін және еріксіз тербелістер туралы түсініктері қалыптасады;

  • Олардың пайда болу шарттарын біледі;

  • Резонанс құбылысымен танысады;

  • Резананстың зияны мен пайдасын біледі.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Ағылшынша

Қазақша

Орысша

Oscillation

Тербелмелі қозғалыс

Колебательное движение


Free oscillations


Еркін тербеліс

Свободные колебание

Mathematical pendulum

Математикалық маятник

Математический маятник

Resonance

Резонанс

Резонанс

Forced oscillations

Еріксіз тербеліс

Вынужденные колебание

Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс пероды қандай?

Қозғалысын қарастырып отырған денелер тобын денелер жүйесі деп атаймыз.

Жүйеге енетін денелер арасындағы әрекет ететін күштерді ішкі күштер, ал жүйеге енбейтін денелер тарапынан жүйе денелеріне әрекет ететін күштерді сыртқы күштер деп атайды.





Өткен сабақ материалдары

«Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау»

Практикалық жұмыс. «Серіппелі маятниктің тербеліс периодының жүк массасы мен серіппе қаттылығына тәуелділігін зерттеу»



Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс – шаралар

Ресурстар

Басы

0 – 10 мин

Ортасы

10 – 30мин

30 – 45 мин

45 – 75 мин




І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптарға шолу үшін тест жүргізу.

ІІ. Жаңа сабақ

Табиғатта кездесетін тербеліс түрлерімен танысу, тербелістің пайда болу шарттарын сипаттау, резонанс құбылысын түсіндіру.

Еркін тербелістің анықтамасы айтылады.Еркін тербелістерге мысалдар келтіріледі. Еркін тербелістер әйтеуір бір тоқтайды. Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңуге кететін энергияны толықтырып отыру қажет. Тербелмелі жүйенің энергиясын оған сыртқы периодты түрде өзгеріп отыратын күшпен әрекет ету арқылы толықтыруға болады. Жүйенің энергиясы осы сыртқы күш 

жұмысының есебінен толығады. Бұл жағдайда тербелістер енді еркін емес, еріксіз болады; осы тербелістерді тудырушы периодты түрде өзгеріп отыратын күш мәжбур етуші күш деп аталады. Сонымен еріксіз тербелістер дегеніміз — сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Дене тербеліс жасаған кезде оның тербеліс жиілігі мәжбүр етуші күштің жиілігімен сәйкес келгенде пайда болатын ең үлкен ығысу мәнін резонанс деп атайды.

Резонанс құбылысының пайдасы зияны туралы мәлімет беріледі.

Еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылығын ажырату үшін «Т» кестесін толтырады.



ІІІ. Есептер шығару

Тақтада есептердің берілгені жазылады.



  1. Егер де серіппеде тербеліп тұрған жүкке, массасы 100 г кіртас ілсе, тербеліс жиілігі 1,41 есе кемиді. Серіппеге әуелі ілінген жүктің массасы қандай?

  2. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.

  3. Маятникті суға салғанымызда оның тербелу периоды өзгере ме? Маятниктің судағы кедергісі нөлге тең деп алыңдар.

  4. Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кіші, ал Жердің радиусы Айдың радиусынан 3,7 есе үлкен. Маятникті Жерден Айға көшіргенде оның тербелістер периоды қалай өзгереді?

  5. Серіппеге ілінген мыс шар вертикаль тербеледі.Егер серіппеге радиусы сондай алюминий шар ілінсе, тербеліс периоды қалай өзгерер еді?

https://kahoot.it/

Презентация (1 – 8 слайд)

Моделирование резонанса:

http://phet.colorado.edu/en/simulation/resonance

Такома қаласындағы көпірдің құлауы https://www.youtube.com/watch?v=z9y-BrCtBkQ

9 -10 слайдтар


Соңы

75 – 80 мин



Рефлексия

Үйге тапсырма: Тербелістер тарауын қайталау



Каталог: uploads -> doc -> 0a81
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a81 -> «Наурыз айы келгенде » Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама Би «Наурыз думан»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет