Сабақ тақырыбы: Эстафеталық жүгіру 4х100 м. 100 м жүгіру. Эстафеталық жүгіру



Дата06.02.2022
өлшемі19,23 Kb.
#79779
түріСабақ
Байланысты:
cfa2a377-8c61-40ad-a4cb-7292ef6e249e


Пән:Дене тәрбиесі
Пән:Дене тәрбиесі
Оқытушы: Дуйсембаев Д.Б
Тобы: 267
17.09.20 ж
Сабақ тақырыбы:Эстафеталық жүгіру 4х100 м.100 м жүгіру.

Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құралған командалардың жүгіруі.Жеңіл атлетикада эстафеталық жүгірудің мынадай түрлері бар: - Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру ( 4х100м,. 4х400 м.) бұл классикалық түрі; - кез келген қашықтыққа жүгіру және «Шведтік» эстафета, мысалы: 800+400+200+100 жүгіру немесе керісінше; -стадионнан тыс жерде өтетін эстафета, мысалы қаланың көшелерінде, олардың ұзындығы, қатысушылары әртүрлілігімен айқындалады
Бірінші кезеңде жүгіру аласа сөреден басталады. Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сөрелік сызыққа тіреледі. Қашықтыққа жүгірудің жай жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру аумағы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10 м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. 4х100м жүгіруді қарастырсақ, 2 , 3 және 4- кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдауға, бір дегенде жүгіріп ӛтуге назар аударады. Кӛбінде 2, 3, 4-ші кезеңінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сөрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады, бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10м қалғанда, 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды, жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жӛнеледі, таяқшаны беру аралығына 2-3м қалғанда,шапшаң жүгіре жӛнеледі, 1-ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нық алақанына салады. Ең әйгілі желаяқтар осы 20м аралықта 2,0с, ал әйелдер – 2,2с көрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты үдетуге дағдылануы қажет.Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа созып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға дайындайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса, жақсы нәтижеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.
Эстафеталық таяқшаны берудің екі әдісі бар: а)астынан; б)үстінен.


Үй тапсырмасы:
-2-3 - кезектегі таяқша берудің ерекшеліктері?
-.Эстафеталық таяқшаның қабылдау зонасы қанша метр?
-.Эстафеталық таяқшаның салмағы?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет