Сабақ Тақырыбы: Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу ағзалары. Тапсырмаларды орындаңыз: Есту және тепе-теңдік мүшелерінің құрылысының схемасын оқып біле отырып кестені толтырыңыз



Дата07.02.2022
өлшемі97,43 Kb.
#83490
түріСабақ
Байланысты:
4 тақырып


4 сабақ
Тақырыбы: Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу ағзалары.


1.Тапсырмаларды орындаңыз:
1.Есту және тепе-теңдік мүшелерінің құрылысының схемасын оқып біле отырып кестені толтырыңыз.

Сезім мүшелері

Рецепторлы жасушалардың орны

функциясы










2.Ұлу өзектері мен оның ішін тыстайтын тіндерді, жазып, олардың қуыстары немен толғанын кестеге жазыңыз.



Ұлу өзектері

Өзек қабырғаларын төсеп жатқан тіндер

Қуысы немен толған










3. Шиыршық (Кортиев) мүшесі жасушаларының түрлері мен олардың функцияларын кестеге жазыңыз.



Шиыршық (Кортиев) мүшесінің жасушалары

Функциялары







4. Тепе-теңдік мүшесінің рецепторлық жасушаларының түрлерін және рецепцияға қатысатын арнайы құрылымдарын кестеге жазыңыз.



Тепе-теңдік мүшесі

Рецепторлы жасушалардың түрлері

Рецепторлы құрылымдар

Ампулалық айдар







Рецепторлық дақ







5. Дәм сезу буылтығының құрамындағы жасушалар мен олардың функциясы мен шығу тегін кестеге жазыңыз.



Дәм сезу мүшесінің жасушаларының түрлері

Функциялары

Шығу тегі












2.Берілген микропрепараттар мен микросуреттердің суретін альбомға салыныз және сипаттамасын жазыныз:
1.Ұлудың аксиалды кесіндісі. Гемотоксилин-эозинмен боялған.


3.Тақырып бойынша сұрақтарға жазбаша жауап жазыныз:
1.Ұлудың жарғақтық лабиринтінің құрылысы;
2.Шиыршық мүшесінің құрылымының ерекшеліктері;
3.Есту анализаторы;
4.Рецепторлық дақтардың құрылысы;
5.Ампулярлық айдаршықтың құрылысы;
6.Статокинетикалық анализатор;
7.Дәм сезу мүшесінің құрылымының ерекшеліктері;


4.Жағдайлық есептерге жауап жазыныз:
1. Құлағы естімейтін адамның қолданатын есту аппаратының жұмыс істеу принципі жарғақты лабиринттің эндолимфасының толқыны күшеюіне негізделген. Осы есту аппаратын қандай жағдайларда пайдаланған тиімді: а) есту нервісі зақымданғанда; б) есту сүйектері жүйесінің зақымданғанында; в) дабыл жарғағы жарақаттанғанда.
2. Салмақсыздану жағдайында адам кеңістікте бағдар табуға қабілетті ме? Егер қабілетті болса, онда қандай сезім ағзаларының көмегімен болады?
3. Науқаста гравитациялық алаңның әсеріне қатынасты денесінің кеңістіктегі қалпын білдіретін тітіркенулерді қабылдауы бұзылған. Бұл жағдайда қандай рецепторлық жасушалардың функциясы бұзылған?
4. Студенттің рефератында есту ағзасының сенсоэпителиалды жасушалары біріншілік-сезгіш жасушаларға жатады, себебі олар «есту көпіршігінен» дамиды деп жазылған. Мұндай пікір дұрыс деп ойлайсыздар ма?
5. Электрондық фотосуретте жасуша берілген, оның апикалды полюсінде жіңішке қылшықшалар (микробүрлер) және біреу ғана макротүтікшелік құрылымы бар кірпікше орналасқан. Студент бұл жасушаны есту ағзасына жатады деп есептейді. Оның ойы дұрыс па?
6. Асқазан – ішек жолының жұмысы бұзылуының бірден-бір симптомдарына тілдің жоғарғы бетінің таза еместігі («қақтануы») болып табылады. Мұндай жағдайда дәм сезу қабілетінің бұзылуын қалай түсіндіруге болады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет