Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика. Геосаясат негіздері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Геосаясаттың өзектілігі
|
Оқу мақсаттары
|
10.5.1.1 Геосаясаттың мақсатын, міндеті мен зерттеу пәнін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Геосаясат ұғымына анықтама беру;
Геосаясаттың мақсаты мен міндетін, зерттеу пәнін түсіндіру;
Дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атап, оларды талдау;
Мемлекеттің геосаяси орны мен жағдайына талдау жасау.
|
Бағалаукритерийлері
|
Геосаясат ұғымына анықтама береді;
Геосаясаттың мақсаты мен міндетін, зерттеу пәнін түсіндіреді;
Дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атайды;
Геосаясаттың мемлекет орны мен дамуына әсерін біледі;
Жекелеген елдердің геосаяси орны мен саяси мүмкіндіктеріне талдау жасайды;
Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Геосаясат, геосаяси факторлар, елдер түрлеріне байланысты пікір айтады (айтылым дағдылары)
Пайдалы сөз тіркестерге келесілер кіруі мүмкін:
Пән бойынша сөздер мен терминдер: геосаясат, саяси карта, саясат, саяси география, геосаяси оқиғалар, мемлекеттің геосаяси орны
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)
Геосаясат ....... бағытталған саясат.
Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар...........
Мемлекеттің геосаяси орны дегеніміз...............
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтар:
-Ынтымақтастық
-Құрмет
Оқушылар жұптасып және топтасып жұмысістеу кезінде ынтымақтастықта жұмыс жасауды, бір-біріне құрмет көрсетуді үйренеді.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу заңдылығын біледі.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих, саясаттану, саяси география
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта, презентациялар.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
1-бөлім
40 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу
Суреттерге қарап тақырыпты анықтау
Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын таныстыру.Саналу арқылы топқа бөліну.
Миға шабуыл сұрақтары
География мен саясаттың байланысы неде?
Өз ойыңызды дәлелдеп көріңіз?
Алдымен оқушылардан терминдерге өздерінің анықтама берулері сұралады. Содан соң, саяси карта, саяси география, геосаясат, мемлекеттің геосаяси орны, саяси қатынастар туралы ақпараттар беріледі, сыныппен талданады.
Тапсырма 1. Топтық жұмыс. «Ойлан-топтас-бөліс».
Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді жақсылап оқып, топта талдап, келесі топқа 3 сұрақ құрастырыңыздар.
Дескрипторлар
|
Білім алушы:
|
|
-Мәліметтердің өзектілігін сақтайды;
-3 сапалы сұрақ құрастырады.
|
Тапсырма. 1-2 топқа арналған тапсырмалар.
Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
Дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атаңыз.
«Африка жылы» деген атау қандай оқиғалармен байланысты.
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы туралы не білесіз? Бұл соғыс тоқтады ма?
КСРО-ның ыдырауы қандай саяси өзгерістерге алып келді?
ТАПСЫРМА.
Екі топ дүниежүзіндегі геосаяси оқиғалардың бірін таңдап, іс-қимылдар арқылы бір-біріне жасырады. Келесі топ оның қандай оқиға екенін тауып, талдау жасайды.
Топтар бір-бірін бағалайды.
ТАПСЫРМА.
Дүниежүзіндегі ХХ ғасырдағы ірі саяси оқиғалардың біреуіне талдау жасаңыз. Мысалы: 1941-45 жылдардағы ІІ-дүниежүзілік соғыс, Корей соғысы, «Африка жылы», КСРО-ның ыдырауы.
Топтар бір-бірін бағалайды.
ТАПСЫРМА.
Екі топ өздеріне жасырын түрде берілген елді алып, оның қай мемлекет екенін тауып, оның геосаяси орнына, өзге мемлекеттермен жүргізетін саяси қатынастарына, басынан кешірген саяси-географиялық өзгерістеріне талдау жасайды.
Топтар бір-бірін бағалайды
|
|
Рефлексия.
|
Сабақты қорытындылау. Географиялық диктант. Орындап болғасын, көрші жұптар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Барлық оқушылар:
1. Геосаясат, саяси география ұғымдарына жалпы сипаттама береді;
2. Геосаясаттың мақсаты мен міндеті саралай алады.
Көптеген оқушылар:
3. Қазақстанның биіктік белдеулерінің ерекшеліктерін анықтап, таралуын кескін картада көрсетеді.
Кейбір оқушылар:
4. Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды.
|
Топтық бағалау-
Мәтінмен жұмыс кезінде
Өзіндік бағалау-
Сабақ соңында кері байланыс беру арқылы өзіндік бағалау жүреді.
|
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағалау
Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?
1:
2:
Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?
1:
2:
Менің келесі сабағымда ескерілетін мен бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?
|