Сабақ Тақырыбы: «Гүл жасау технологиясы.»



Дата27.07.2017
өлшемі89,98 Kb.
#22090
түріСабақ
«№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Гүл жасау технологиясы.»

7 «В»сыныбы

Жүргізген: технология пәнінің мұғалімі Мусина Г.Т.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бапаева Д.Д.

Өскемен қаласы

2017 оқу жылы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы:

«Гүл жасау технологиясы»


Мектеп:№45 мектеп

Күні: 20.04.17

Мұғалімнің есімі: Мусина Г.Т. БапаеваД.Д.

Сынып:

7-сынып


Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Оқушылардың гүл сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік бере отырып, фоамиран материалынан гүл жасау технологиясын, әдісін меңгеру,әдемі өнер туындысын жасап шығару. Ыстық желіммен,үтіктпен жұмыс істеуді,қауіпсіздік ережесін сақтай білуді есте сақтау.


Күтілетін нәтиже

Оқушылардың жалпы сұлулықты сезіне білу арқылы гүлді аялай,қорғай біледі.

Фоамиран материалының түрін,қажетігін түсіне біледі.

Фоамиран матасынан гүлді жасау технологиясын үйренеді.

Ыстық желіммен,үтікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті орындай біледі.

Фоамираннан әдемі өнер туындысын жасай алады.


Әдіс-тәсілдер:

СТО ,мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру тапсырмасы, «Нұрға бөлену», « Жоба қорғау», «Екі айналмалы шеңбер», «Кері байланыс» сұрақ-жауап,АКТ .

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Қағаздар ,маркерлер,слайд-презентация,бейнеролик,фоамиран маталары,гүл сабағы,қылқалам,салфетка,ыстық желім,үтік,тапсырмалар.

Тілдік мақсат:

Фоамиран сөзінің мағынасын түсіне білу. Гүл әсемдік символы. гүл арқылы біз өзіміздің көңіл күйімізді көтереміз және бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз.



Сабақтың кезеңдері:




Ресурстар

I.Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену.»

Топқа «Раушан», «Жауқазын» гүл аттарымен бөліну.Гүлдердің күлте жапырақшаларын жинау арқылы топқа бөліну.

Топ ережесін еске түсіру.

Әр тапсырманы топ басқарушылар бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

Тапсырманы толық орындады- «5»

Қателіктері болды-«4»

Орындады,көп қателіктер жіберілді- «3»

.

Топқа бөліну,

бағалау парағы,

маркер,қағаз,

кесте қағаздар



Алдыңғы оқу


АКТ –ны пайдалану арқылы тапсырманы орындау.

Сәйкестендіру .

1.Гүл өсімдіктерінің қанша түрлері бар ? 3000 –ға жуық

2.Гүлді бөлмеде қандай мақсатпен өсіреміз? Сәндік үшін,ауаны тазарту үшін.

3.Гүлдің көпшілік түрлерін қай елдерден әкелінген? Оңтүстік Африкадан,Үндістаннан,Қытайдан.

4.Гүлді қалай күтеміз? Күн аралатып суару қажет,топырағын қопсыту,шаң-тозаңнан тазартып тұру керек.



5.Гүл қандай газды өз бойына сіңіріп,қандай газды бөліп шығарады? Көмір қышқыл газын сіңіреді,оттегін бөліп шығарады
Гул түрлері әр түрлі, ал адамдар әр түрлі болуы мүмкін бе?

Үндістанда, Қытайда гул түрлері алуан түрлі, ал осы ататлған мемлекеттерде де адам саны бойынша өте көп екендігі белгілі, қорытынды егер адамзат неғұрлым көп болса соғұрлым әр алуан гүл сияқты мінез құлқы де әр түрлі болуы мүмкін бе?

Егер гүл жақсы күтімді қажет етсе, адамзат баласының да жақсы адам болып өсуіне тәрбие қажет пе?)

АКТ –ны пайдалану арқылы тапсырмаларды орындау. «Сәйкестендіру» әдісі


Жоспардың басталуы

Тапсырмалар

Мұғалім сыйы: Қызықты мәлімет
Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.
Жаңа ақпарат

Сұрақтар.

  1. тау бөктерінде орналасқан жертөледетұрған шағын отбасының басыны қандай күндер туды?

  2. Ұл баланың емедлуіне не әсер етті? (әпкесінің сүйіспеншілігі)

  3. Әпкесінің жүрегі неден ауырды (інісіне көмек бере аламаған шарасыздығынан)

  4. Гүл балаға қалай әсер етті (қуаныш сыйлады)


Қорытынды:

Гүл әсемдік символы. гүл арқылы біз өзіміздің көңіл күйімізді көтереміз және бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру: «Гүл жасау технологиясы»

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстырып өту.

1-тапсырма. «Жоба қорғау» конвертте
1.Фоамиран деген не?

2.Фоамиранның тұрмыстағы қолданылуы?

Фоамиран, материалы немесе шеберлер ол материалды, фом (фоам) — инновациялық материал ,жаңаша шығармашылық жұмыстарға арналған,түрлі түсті бархатты резина тәріздес болып келеді,яғни түрі майда ,бархатты болады. Бұл материалды саңылаулары бар резеңке материал,көпіршік-пластик,көпіршік қағаз,иілгіш замша деп те аталуы мүмкін. Фоамиран материалынан шеберлер балаларға арналған ойыншықтар,апликациялар,жапсыру жұмыстарына негізі етіп алуға да болады.Фоамиран қытай,иран елінен шығарылады.Иран елінен шығарылған жіңішке 0,7-1,2 мм,нәзік болып келеді және 22түрлі түстері болады.Қытай елінен шығарылған фоамиран нығыз және қалыңдау болып келеді,25 түрлі түстері барМұндай фоамираннан қуыршақтар және сәндік бұйымдар жасауда пайдаланады.

Фоамиран матасы шығармашылықпен жұмысты орындайтын өнер адамдары үшін өте керемет материал болып табылады.Фоамиран өте жақсы қиылады,оны бояу арқылы көптеген сәндік қолданбалы өнерде пайдалануға болады.Ыстық температураға ұстай отыра ол материалды басқа неше түрлі пішінге өзгертуге болады.Ол өте суды жақсы ұстайды.

Фомираннан материалынан гүл жасау технологиясы

1.Үлгі бойынша гүл жапырақтарын қиып алу.

2.Жапырақтарды ыстық үтікке ұстау,пішінін өзгерту.

3.Ыстық желімді пайдаланып гүл жапырақтарын гүл ортасына қосып ұқыпты желімдеу.

4.Фоамираннан жасалған гүлді сабағына қосып ыстық желіммен жапсыру.

Ыстық желімді пайдалану қауіпсіздік ережесі.

1.Пистолет желімнің жұмыс істеуін тексеріп алу керек.

2.Пистолет желіммен өте сақтықпен жұмыс істеу керек,өйткені желім ыстық болады.

3.Сулы қолмен ұстауға болмайды.

4.Киімге,үстіңе тигізіп алмау керек.

3.Желімді ұқыпты,артық желімді салфеткаға сүртіп алу керек



Жоба қорғау бойынша жаңа сабақты меңгеру.

Технологиялық карта


Қауіпсіздік ережесі



Ортасы

Бейнеролик көру.

2. Практикалық жұмыс.Фоамиран матасынан гүл жасау.

Технологиялық карта тарату.

Қауіпсіздік ережесі

Практикалық жұмыс.(Музыка үнімен практикалық жұмысты орындау.)

Сергіту жаттығуы «Гүлдер туралы ән.»

Практикалық жұмыс.(Музыка үнімен практикалық жұмысты орындау.)




Бейнеролик көру

Практикалық жұмыс


Сергіту жаттығуы

Топпен практикалық жұмысты орындау.


Түсті қағаздар,қайшы,жел

Аяқталуы


Оқушылар өз жұмыстарын аяқтап,безендіру.

Практикалық жұмысты аяқтау

Саралау

Бағалау топ басшысының қойған ұпайы бойынша қорытындысын шығарып,топ мүшелерінің тапсырманы орындауына тоқталу.Топ басшыларының бағалауы.

Пәнаралық байланыс

биология пәнімен байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ер-і

АКТ-мен байланыс



Үйге тапсырма

Гүлдердің аяқталмаған элементтерін аяқтау.Фоамиранның қолданылуы туралы қосымша ақпараттар біліп келу.




Рефлексия



Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтты.

«Айналмалы шеңбер» әдісі арқылы : «Бүгін не үйрендің?», «Не қызықты болды? » туралы өз ой-пікірлерін айту,бір-біріне жасалған гүлдерін өз бойындағы жақсы қасиетті тілеу арқылы сыйлау.

«Айналмалы шеңбер» әдісімен сұрақтарға жауап беру



Қорытынды бағамдау:


Оқушылардың жалпы сұлулықты сезіне білу арқылы гүлді аялай,қорғай біледі.

Фоамиран материалының түрін,қажетігін түсіне біледі.

Фоамиран матасынан гүлді жасау технологиясын үйренеді.

Ыстық желіммен,үтікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті орындай біледі.



Фоамираннан әдемі өнер туындысын жасай алады.Жаңа сабақ бойынша сұрақтарға толық жауап берді.Топтық жұмыста топ басшылары бағалау критериі бойынша толық бағалады.Топтар жұмыс барысында белсенділікпен жұмысты орындады..





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет