Сабақ Тақырыбы: Халықтың мақтанышына айналған домбыра, қомуз, шертер, балалайка



Дата10.06.2017
өлшемі35,11 Kb.
#18908
түріСабақ
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Халықтың мақтанышына айналған – домбыра, қомуз, шертер, балалайка.

Сынып: 2


Өткізген: Рахимова Г.У

2014-2015 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Домбыра – комуз, шертер – балалайка.

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі аспап ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі сипаттағы музыканы тани білуге деген ынтасын арттыру; музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдай білуге оқыту.

Сабақтың міндеті: 1) музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.

2) Динамикалық есту қабілетін арттыру; әнді әдемі сезіммен орындауға баулу;

3) өткен сабақта алған білімін терендетіп, тыңдаған, орындаған халық әні мен халық күйлерін еске түсіру, дәріптеу, ұғындыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Интербелсенді сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ – жауап, ән-әуен.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, мүсіндеу

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, фазалар, ноталар, аспап суреттері, видео ролик, плакат, сиқырлы күй сандық

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру «суретпен бөліну»1 мин

  2. Үй тапсырмасын сұрау «Ноталар сырлары» 10 мин

  3. Жаңа сабақты меңгеру «Сыр сандық» 10 мин

  4. Дауысқа жаттығу жасау 5 мин

  5. Жаңа репертуар өту «Домбыра»10 мин

  6. Сөз жұмбақ шешу 4 мин

  7. Қорытындылау «Сиқырлы күй сандық» 5 мин

  8. Бағалау

  9. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сурет таңдау кезеңі.топқа бөліну(Домбыра тобы, балалайка тобы, қомуз тобы, шертер тобы) болып төрт топқа бөлінеді.

Бағалау парағын топтың басшысына түсіндіріп беру.

Үй тапсырманы сұрау кезеңі:балалар нотаны таңдап алып өз топтарымен ақылдасып жауабын айтады.сұрақты оқиды, және жауап береді.

Жаңа сабақ (1мин): Жаңа сабақтың тақырыбы жұмбақ ,(видео ролик) тауып алады

Жаңа сабақты түсіну (10мин): сыр сандықтың ішінде 4 түрлі тапсырма.

І.

1-топқа-Мәтінді оқып, түсініктерін айту

2-топқа-Суретке қарап мүсін жасау

3-топқа-Аспаптарды салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айту

4-топқа-Аспаптардың суретін салу.

Дауысқа жаттығу: до ре ми фа соль ля си до стакатто күйімен айту гаммасы(ми – хи – хи- хи)(папа-пара, папа-пара, па)

ІІ – тапсырма: «Домбыра» туралы ән өту (балалардың алдарында дайын текст тұрады) Әннің әуенің үйретіп қайталатқызу кезеңі.

ІІІ – тапсырма: жұмбақ.

Екі желілі

Күйдің көрігі(домбыра)

ІV-тапсырма «Сөзжұмбақты» шешу.

Қорытынды:

Сиқырлы күй сандық ашылады, ішінен сұрақтар шашылады.

(Әр топ басқыштарын таңдап алады да, сұраққа тиісті жауап айтады)

Бағалау.

Әр топтың басшысы өз мүшелерін бағалап айтады.



Үйге тапсырма: 28 беттегі Домбыра ,қомуз, шертер, балалайка.

«Домбыра» атты әнді жаттау



Балалар тұрады да гамма бойынша қоштасады.

Қобыз аспабында қалай орындаймыз?



Қобызды дүниеге әкелген кім?

Қорқыт атадан кейін қобызды адамша сөйлеткен күйші ?

Ысқышпен ойналатын ішекті аспаптарды не деп атаймыз?

Қобызда орындайтын кісіні кім деп атаймыз?


Қазақ еліне скрипка нешінші ғасырда тараған?

Күйдің екі түрі қалай аталады?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет