1.Өткенге шолу: «True or False» ( жеке жұмыс-3мин)
№
|
Тұжырымдамалар
|
«F» немесе «T»
|
1
|
Химиялық рекцияның жылдамдығы әрекеттесуші немесе түзілетін заттардың концентрация өзгерісімен анықталады.
|
«T»
|
2
|
Реакция кезінде әрекеттесетін заттардың концентрациялары азаяды.
|
«T»
|
3
|
Жылдамдықты есептегенде қатты заттардың концентрациясы есепке алынады.
|
«F»
|
4
|
Жылдамдықты есептегенде ерітінділердің концентрациясы есепке алынады.
|
«T»
|
5
|
Жылдамдықты есептегенде газдардың концентрациясы есепке алынады.
|
«T»
|
Бағалау критериі: слайдтағы дұрыс жауапқа қарап, бір-бірін бағалайды. Академиялық шынайылықты есте сақтау.
2.Жұптық жұмыс:
1.Төмендегі берілген реакциялардың қайсысы жылдам жүреді?
а) Жылдамдыққа температураның әсері
CuO + H2SO4(10%)=
CuO + H2SO4(10%) қыздыру=
Б)Жылдамдыққа әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері
Zn + H2SO4(5%)=
Zn + H2SO4(10%)=
2.Жауаптарыңды бөлшектердің соқтығысу теориясы арқылы түсіндіріңіздер.
Мұғалім: Демек, химиялық реакцияның жылдамығы тұрақты темпратурада әрекеттесуші зттардың концентрациясына тура пропорцианал болады.
Жаңа тақырып:
Химиялық реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін әрекеттесуші массалар заңы сипаттайды.
Реакцияға қатысқан заттың концентрациясы артса, бірлік көлемдегі молекула саны көбееді, активті молекула саныда сайкес артады.
Гетерогенді реакциялардың кинетикалық теңдеуіне қатты күйде болатын әрекеттесуші заттардың концентрациясы кірмейді, өйткені олардың концентрациясы түрақты. Гетерогенді реакциялар ауданы іс жүзінде өзгеріссіз қалатын бетте жүреді.
Концентрацияның әсері. А және В заттарының химиялық әрекеттесуі жүзеге асу үшін олар-дың молекулалары соқтығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция соғұрлым тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соқтығысу саны көп болады. Осыған сай реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтайтын кинетиканың негізгі заңы тұжырымдалған:
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың стехиометриялық коэффициенттері дәреже түрінде алынады. Газ қысымын арттыру дәл концентрациядай есептеледі.
aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін
V= k[СА]a[СВ] b
К- жылдамдық константасы
С- концентрация
а және в - дәреже
Нақты мысалдар қарастырайық:
а) гомогендік жүйе, фаза бір агрегаттық күйде болса
N2 (г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г);
Шығарылуы :V=k [СN2][СH2]3.
б)гетерогендік жүйе, фазасы әртүрлі агрегаттық күйде болса,:
CaO(к)+CO2(г)=CaCO3(к);
СаО –қатты зат болғандықтан, реакция барысында оның концентрациясы өзгеріссіз қалады.
Шығарылуы :V= k [СCO2]
Тапсырма 2.
2 А(г) +В(г) → 2 АВ2(г) Мына реакция теңдеуіндегі реакция жылдамдығы қалай өзгереді , егер:
А) А затының концентрациясын 3 есе арттырса;
Б) Екі заттыңда концентрациясын 2 есе арттырса;
Шығарылуы.
а) жылдамдық 9 есе артады.
б) жылдамдық 8 есе артады.
Жұптық жұмыс:
1-топ:
Мына реакция теңдеуіндегі:
2NО(г)+O2(г) →2NО2(г) реакция жылдамдығы өзгеріссіз қалу үшін, азота (II) оксидінің концентрациясын 2 есе кеміткенде, оттектің концентрациясын қалай өзгерту қажет.
Шығарылуы.
2 NО(г) +O2(г) → 2 NО2(г)
Тура реакцияның алғашқы жылдамдығы:
υ1 = k·[NO]2·[O2]
NО концентрациясын 2 есе кеміткендегі кейінгі жылдамдық:
υ2 = k·[1/2NO]2·[O2] = 1/4·k·[NO]2·[O2]
Демек, реакция жылдамдығы өзгеріссіз қалу үшін,оттектің концентрациясын;
υ2 /υ1= 1/4·k·[NO]2·[O2] / k·[NO]2·[O2] = 4 есе арттыру керек.
ІІ топ:
Реакция жылдамдығы 60 есе кемту үшін, мына жүйедегі 8NH3(г) + 3Br2(ж)→6NH4Br(к) + N2(г газдардың көлемін қалай өзгерту қажет?
Шығарылуы.
Тура реакцияның алғашқы жылдамдығы:
υ1= k·[NH3]8·[Br2]
аммиак газ болғандықтан,оның көлемін ұлғайтқанда реакцияның кейінгі жылдамдығы:
υ2= k·[x·NH3]8·[Br2] = k·x8·[NH3]8·[Br2]
υ2/ υ1 = k·x8·[NH3]8·[Br2]/k·[NH3]8·[Br2] = 60
тұрақтыларды қысқартқаннан кейін;
x8 = 60
x = 1,66
Реакция жылдамдығы 60 есе кемту үшін,газ көлемін 1,66 есе арттыру қажет.
ІІІ топ:
Мына жүйедегі: 2NO(г) + О2 (г) → 2NO2 (г), ыдыстың көлемін 3 есе азайтса,реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Шығарылуы.
Тура реакцияның алғашқы жылдамдығы:
v = kС(NO2 ) С(O2); ыдыс көлемін азайту қысым беру,қысым бергенде газ концентрациясы 3 есе артады, реакцияның кейінгі жылдамдығы:
v' = k(3СNO )2 3С(O2)
υ2/ υ1 = k3С(NO )2 3С(O2)/ kС(NO2 ) С(O2) = 27kСNO2 СO2.
Жетістік критериі:
Дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар:
А және В заттарының реакция теңдеуі: 2А + В = D.Алғашқы концентрациялар СА = 5 моль/л, СВ = 3,5 моль/л. к= 0,4. Алғашқы және қоспаның реакциядан кейін 60% -ы қалғаннан кейінгі реакция жылдамдығын есептеңдер.
Шығарылуы.
Әрекеттесуші массалар заңының теңдеуі:
v = .
Тура реакцияның алғашқы жылдамдығы:
v1 = 0,4 × 52 × 3,5 = 35.
Қоспаның 60%-ы қалды. А затының концентрациясы 5 × 0,6 = 3 моль/л. Демек, А затының концентрациясы
5 – 3 = 2 моль/л.кеміді.Ол В затымен 2:1 қатынаста әрекеттесетіндіктен 2 моль/л.кеміді. 3,5 – 1 = 2,5 моль/л. , реакцияның кейінгі жылдамдығы:
v2 = 0,4 × 32 × 2,5 = 9.
|