Сабақ Тақырыбы: Жабайы аңдар Ашық есік күні ата-аналарға арналған



Дата21.07.2017
өлшемі50,5 Kb.
#21768
МКҚК №18 Бөбектер балабақшасы

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Ашық есік күні ата-аналарға арналған



Тәрбиеші: Ж.Ж.Даирбекова


Ақсу қаласы

2016 ж


Білім беру саласы: «Қатынас»,Шығармашылық

Бөлімі: Сөйлеу мәдениеті

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

мақсаты: Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.

Міндеттері:

Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру:

мекені, коректенуі туралы түсінік беру.

Жабайы аңдарға байланысты тақпақ, жұмбақты пайдалана отырып, әңгіме құрауға үйрету.

Дайын форманы ақ қағаз бетіне дұрыс орналастыруға үйрету.

Сөздік жұмысы: Қонжық, көжек, абдан

Көрнекілігі: Жабайы аңдар суреті, слайд, тілұстарту жаттығулары.

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Қорытынды


Шаттық шеңбері:

Біздің ұл-қыздарымыз,

Тату-тәтті ойнайды.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық сыйлайды,-деп.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Өте дұрыс, күз айларын атап беріңдерші?

-Күз ерекшіліктерін айтып беріңдерші?

-Адамдар жылы киімдер киді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Ия ,өте дұрыс айтасыңдар. Енді, балалар, сендер қандай аңдарды білесіңдер? Ол аңдарды қайдан көрдіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар бүгін біз «Жабайы аңдар» жайлы әңгімелейміз.

Теледидарда суреттелген.

Балалар,жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.

Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр - жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды - аң патшасы деп атайды.

Балалар, аңдардың да пайдасы бар .Олардың терісінен тон, ішік, жаға, киім-кешектер жасалады.

-Балалар қазір біз сендермен 2 орталыққа бөлінеміз.Бейнелеу орталығында аңдарға жұлмалау әдісі арқылы тоң жасаймыз.

Әдеби орталығында аңдар туралы білімімізді жалғастырамыз.

1-тапсырма:

Дидактикалық ойын: «Немен қоректенеді?»

1.Қасқыр, жолбарыс- өзінен кішкентай аңдарға шабады.

2.Түлкі –ұсақ кеміргіштер, көбінесе тышқандармен қоректенеді.

3.Қоян –шөптермен қоректенеді. Ең сүйікті тағамы - сәбіз.

4.Аю -жазда жеміс - жидектермен, бал жейді, ал қыста ұйқыға кетеді.
Сергіту сәті

Қатар-қатар тұрайық,

Үлкен щеңбер құрайық.

Көлбең,көлбең көленкем,

Аю қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

2-тапсырма: «Аңдардың күшіктерін атау»

Аюдың баласы - қонжық,

Қасқырдың баласы - бөлтірік,

Қоянның баласы - көжек,

Арыстанның баласы - абдай,

Жолбарыстың баласы - шөнжік,

Түлкінің баласы - мышан.

Тілұстарту жаттығулары:

Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр

Кі-кі-кі бұландайды түлкі

Ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян

Ю-ю-ю қорбандайды аю.

3-тапсырма: Осы жабайы аңдарға байланысты жұмбақтар шешу.

1.Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні.

-бұл жұмбақтың шешуі: -қасқыр

2.Жазда қырады,

Қыста тынығады.

-бұл жұмбақтың шешуі: -аю

3.Орғыған қорқақ көзі еді,

Қыс пен жазда тон киеді.

-бұл жұмбақтың шешуі: -қоян

4.Қу екен аңдардың бір сәтте алдадым.

-бұл жұмбақтың шешуі: -түлкі

-Өте дұрыс, сендер, жұмбақты да шеше білесіңдер.
4-тапсырма:-Ал енді,балалар,аңдардың кейіпкерлері бар қандай ертегілер білесіңдер?

-Өте жақсы, балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.

-Қазір, балалар,біз сендермен «Қоянның үйшігін сахналаймыз».

"Жабайы аңдар" деп неге айтамыз?

Үй жануары мен жабайы жануардың ерекшелігі қандай?

Жабайы аңдарды ата?

Олар немен қоректенеді?

-Күз мезгілі.


-Қыркүйек, қазан, қараша.

-Күн суытады, жапырақтар түседі, жаңбыр жауады.


Жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс жатады.

Балалар белгі арқылы өз қалаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

Балалар 1-ші тапсырманы орындайды.


Балалар айтылған аңдардың жүрісін салады.
Аңдардың күшіктерінің аттарын атайды.
Теледидардан көріп, тілұстарту жаттығуларын қайталайды.
Балалар жабайы аңдар туралы жұмбақтарды шешеді.

«Жеті лақ»,«Үйшік», «Бауырсақ», «Қоянның үйшігі», «Қоян мен түлкі».


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білгенің жаңғыртады: Тақырып бойынша білгендерін айтады.

Түсінеді: Жаңа ақпараттармен танысады.

Қолданады: Қарым-қатынас шеберлігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет