Ортасы
10 минут
|
Қолдану
ТВ шоу
(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)
1. Қозғалу әдістері бойынша жануарларды (кәдімгі амеба, жасыл эвглена, инфузория туфелька, шұбалшаң, шырыш, мөңке балық, бүркіт) топтастырыңдар.
2. Жануарларға тән сендерге белгілі қозғалу мүшелерін атаңдар. Олар- дың қандай жануарларға тән екенін, қандай ортада қолданатынын көрсетіңдер.
Талдау
Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі
1. Жануарлар мен өсімдіктердің қозғалу айырмашылығын талдаңдар. Ол неге байланысты?
2. Тіршілік ортасы, дене пішіні және қозғалуға бейімділік арасындағы байланысты түсіндіріңдер.
|
Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.
Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез Топтық тапсырма
1. Жануарлардың қозғалу мүшелерін талдаңдар. Қозғалу мүшелерінің тіршілік ортасына (жүзу, ұшу) бейімделгенін дәлелдеңдер.
2. Жануарлардың кластарына сәйкес қозғалу мүшелерін анықтаңдар. Оларды эволюциялық ретпен орналастырыңдар.
|
Сызылған дайын кластерлер
|