Сабақ тақырыбы: Жеңіс күні. Сан есім



Дата06.07.2018
өлшемі136 Kb.
#47370
түріСабақ
6 сынып.

Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар»

Сабақ тақырыбы: Жеңіс күні. Сан есім.

1.Білімділік: Оқушылардың жеңіс күні жайлы ілімдерін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды тани білуге, сан есімдерді ажырата білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, түрлі тапсырмалар арқылы ойлау, қазақша сөйлеу, таза да, көркем жазу қабілеттерін, сұрақтар құрастыру дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елімізді сүюге, аялауға тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, жұптық және жеке жұмыс түрлері,баяндау, талдау, сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары ,түртіп алу,жұптасып сурет салу стратегиялары.

Көрнекілігі: сабақ жоспары, интерактивті тақта , суреттер , сауалнама, оқушылардың шығармашылық жұмыстары,сандар, семантикаық карта,АКТ

Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақтың тақырыбы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Түгендеу.

3. Сыныпты сабаққа даярлау.

2. Балалар, бүгінгі сабақ көңілді өтуі үшін, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейік.

«Өзіндік таным»Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі.Ондағы «Мен» деген есімдікке сөз жалғастырып,өзің таныстырады.

3.Жұпқа бөлу.(күрделі және дара сандар бойынша)

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

Ой шақыру стратегия:

1 «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)

- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?

- Сендер неше жастасыңдар?

- Нешінші сыныпта оқисыңдар?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

(14,11,6,17)

(Кесте бойынша сабақты түсіндіру)



ІІІ. Жаңа сабақ

1.Түсіндіру

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Қанша? неше? нешінші? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара-күрделі болады.Тұлғасына қарай негізгі-туынды.

Сан есімнің 6 түрі бар.



есептік

реттік

жинақтық

болжалдық

топтау

бөлшектік

Қанша?

Неше?


Нешінші?

Нешеу?

Қанша?

Қай?


Нешеден?

Қанша?

Неше?


Бір,екі.

Бірінші,екінші.

Біреу,екеу.

Жүз шақты

Екі-екіден,бестен.

Үш жарым,екіден бір.

2.Сандарды ажырату.

Жиырма бес-күрделі,негізгі,есептік.Тоғызыншы-туынды,дара,реттік.Жетеу-дара, туынды,жинақтық.Үш-үштен-күрделі,туынды,топтау.

3. Мәтінмен жұмыс.

Жеңіс күні.

1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы Отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталады. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Бұл күн - Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі.

Қазақстандықтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Қазақ қыздары М.Мәмедова мен Ә.Молдағұлова - Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алды.Бұл атаққа Талғат Бигельдинов,Л. Беда, Сергей Луганский, Иван Павлов екі мәрте ие болды.

4.Сөздікпен жұмыс.

Ұлы Отан соғысы - Великая Отечственная война.

Жеңіс - победа.

Соғыс - война.

Ерлік - героизм

Шығыс - восток

Атақ – звание

Екі мәрте – дважды

Теңдесі жоқ – несравнный

Жауынгер – воин, солдат.

Тапсырмалар:

5.Сұрақ-жауап.

1) Жеңіс күні қашан тойланады?

2) Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

3) Сол атаққа ие болған Шығыстың тұнғыш қыздары кімдер?

4) Мұндай атаққа екі мәрте кімдер ие болды?

6. Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта.

7.Туынды және негізгі сан есімдерді екі бақанға теріп жазу.

8.Мәтіндегі сан есімдерді, топтау сан есімге айналдыру.

9.Ескерткіш лентасы.

Лентада сөйлемдер жазылған.Балалар кезекпен оқып сан есімдерді дұрыс ажыратады.

1лента.Талғат Бигельдинов 1922 жылы дүниеге келген.

2лента. Атақты мерген Әлия Молдағұлова жаудың 42 адамын жойды.

3лента.518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

4лента.С. Луганский 390 рет жауынгерлік сапарға шығады.

5лента.Сергей Данилович Луганский 1918 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

10. Семантикалық картаны толтыру.Сан есімдердің жұрнақтары мен түрлерін сәйкестендіру.

11. Рефлексия:

9 мамыр 2015 жылы – Ұлы Отан жеңісіне -70 жыл.Сіздердің парталарыңызда бейбітшілік құсы көгершіндер жатыр.Қазір біз балалар 21 ғасырдың адамдарына өз тілектерімізді жазып көгершіндерімізді аспанға ұшырып жібереміз.

(Тақтада ашық аспанның суреті сол суретке апарып балалар өздерінің көгершіндерін жапсырды).

12. Қорытындылау, бағалау. «Даналық ағашы» астына смайлик жапсыру арқылы жұптар бір-біруін бағалайды.

13.Үйге тапсырма.



Аты:_____________
Сабақ не туралы болды?______________________
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Ия Жоқ
Сабақ қиын болды ма?

Қиын қиын емес


Сабақ соңында көңіл күйін қандай болды?


Сенімді Сенімсіз Орташа сезімде Жоғары сезімде.


Каталог: uploads -> konspekt
konspekt -> Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Березовский кенті кмм «Пригород орта мектебі»
konspekt -> Қазақша сценарий: Миницентр
konspekt -> Тақырыбы: «Ана тілім ардақтым» Тәрбиеші: Қуаныш бүгін мереке
konspekt -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет