Тақырыбы: Көкөністерден салат дайындау
Мақсаты: Көкөністің пайдасын түсіндіріп , қолдану ерекшеліктерін айтып өту. Салат дайындауды үйрету.
Б) еңбекті ұйымдастырып ,олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
В) шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше салат жасатып үйрету.
Сабақтың типі: білім мен іскерлікке үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі иллюстративті, ВЕНН диаграммасы, кубизм БҰҰ әдісі.
Сабақтың түрі: Көкөністер туралы білімдерін жинақтау.
Көрнекі құралдар: нұсқау карта, тест, плакат, журнал.
Сабақтың барысы.
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу түгендеу, қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2 оқушылардан өткен сабақты тест бойынша сұрау. Ас мәзірі бойынша бірнеше мақал айту.
А) Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
Б) Асыңа тойғызбасаңда ақ ,тілегіңе тойғыз
Жаңа сабақ.
Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақтан келеді, оның ішінде көкөніспен жеміс-жидектің пайдасы өте зор. Себебі олар әртүрлі дәрумендерге бай. Дәрумен жетіспегеннен кейбір адамдар ауруға шалдығады. Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам, ол қаймақпен, майонезбен, тұздықпен дайындалады.
Салат жаңа піскен, тұздалған немесе қайнатып пісірілген, маринадталған көкөністен, піскен ет, жұмырқа қосып жасалатын жеңсік тағам. Көкөністі күнделікті пайдалану түрлері одан тағам пісіреді , тұздайды, тосап қайнатады, кептіреді, дәруменге бай дәрі жасайды, маринадтайды, салат жасайды, шырын дайындайды.
Салат дайындаудың нұсқау картасы.
Ыдысқа стаканды төңкеріп жан-жағына қажетті азықты қабаттап салады, әр қабатына майонез жағып отырады, анармен сыртын әсемдеген соң стаканды алып тастаймыз. Сонда ортасы қуыс дөңгеленген анар білезігі салаты шығады.
«Анар білезігі салатына қажетті азық түлік» 2-картоп,1-қызылша, жаңғақ, тауық еті,2сәбіз, анар, сарымсақ, тұз, дәміне қарай бұрыш, майонез.
Дайындалу реті:
1 қабат картоп, 2қабат сәбіз, 3 қабат тауық еті, 4қабат жаңғақ, 5қабат анар саламыз
«Нәзік салаты» Азық түлік 2-сәбіз, 100г мейіз, 150г сыр, 1қызылша, 50г жаңғақ,5 ас қасық майонез.
Дайындалу реті.
1қабат сәбізді майонезбен араластырады.
2 қабат сыр мен сарымсақ, 3-қабат қызылша, 4сәбіз бетіне жаңғақ қоямыз. Әр қабатқа майонез жағамыз. Енді балалар тақтадағы кіші саннан үлкенге қарай оқысақ, сөйлем шығады.
Ол қандай сөйлем?
Тәбетіңіз ашылсын!
ВЕНН диаграммасы арқылы сабақты бекіту.
Картоп
Сәбіз
Ет
Қызылша
Анар
Сәбіз
Қызылша Салат Мейіз
Сыр
Жаңғақ
Ет
Білемін-Салаттың пайдасы.
Білгім келеді-Маринадтау.
Үйрендім-салат жасауды.
Достарыңызбен бөлісу: |