МАИ қызметкері:
- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
4-оқушы:
Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.
МАИ қызметкері:
- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?
Оқушы:
Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.
МАИ қызметкері:
- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?
Оқушы:
Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.
МАИ қызметкері:
- Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12027 сайтынан мына бейнебаянды көруге шақырамын.
МАИ қызметкері:
- Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы жатыр. Байқасаңыздар, түрлі жол кедергілері орналасқан. Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Әр дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі)
МАИ қызметкері:
- Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білімдерінді жақсы көрсете білдіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз. Сіздер секілді білімді ұрпақ тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, сәбилеріміздің жарқын күлкісі мәңгі естіледі деген үміттемін. Сабақта білімімен топта ерекше көзге түскен оқушыларды ортаға шақырамын.
(Көп ұпай жинаған оқушыларға «жас инспектор» куәлігі тапсырылады).
|
Достарыңызбен бөлісу: |