Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»



бет6/8
Дата22.06.2017
өлшемі1,28 Mb.
#19574
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Ойынның шарты:

Оқушылар «Күз» мәтінін іштей оқып, суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып шығады. Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Енді оқушылар жауаптарын өзара талдап, мәтіндегі тәртібі бойынша түзетеді. Осы түзетілген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны жауап үлгісімен салыстырады. Әңгімелеуге кіріседі. Жүргізуші ең белсенді ойыншыны анықтайды.




Жауап үлгісі

Күз

Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әр түрлі: сары, қызыл, жасыл. Олар жерге жайылған кілемге ұқсайды. Құстар топ-топ болып, жылы жаққа ұшты. Адамдар да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше. Егін даласында – қайнаған қызу еңбек. Комбайндар мен тракторлардың гүрілдеген даусы үздіксіз естіліп тұр.




VII. Сергіту жаттығу. Өлеңді жаттау.

Алтын күз

Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл ағымыз.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя-мектепте

Сабақ бастар шағымыз.

(Мұзафар Әлімбаев)

VIII. 3-тапсырманы орындау. Сөйлемдерді дұрыс құрау. Пайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін бір-бірін жауап үлгісі бойынша тексереді.

Жауап үлгісі


  1. Күзде күн қысқарады, түн ұзарады.

  2. Күзде құстар жылы жаққа ұшады.

  3. Күздігүні диқаншылар егін жинайды.

  4. Бақтарда жеміс-жидек піседі.

  5. Жиі-жиі жаңбыр жауады.

  6. Күз айлары-жылдың ең бір ғажайып айлары,






IX. Бекіту. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.



1

  1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

  1. қаптау а) кипящий

  2. үздіксіз ә) дождь

  3. қайнау б) скучиваться

  4. жаңбыр в) непрерывно

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Күзде ауа райы қандай?


Жауап үлгісі

1



  1. 1-б

2-в

3-а


4-ә

  1. Қазір күз.

Күзде күн суытады, аспанды бұлт қаптайды. Жапырақтар жерге түседі. Олар түрлі түсті болады.


Жауап үлгісі

2



  1. 1-ә

2-в

3-а


4-б

  1. – Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

- Күзде жиі жаңбыр жауады. Күн суытады.




2

  1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

  1. топ-топ а) посевное поле

  2. ерекше ә) группой

  3. егін б) одеваться

  4. киіну в) особенный

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Күз айлары қай айлар?

  • Күзде не жиі жауады?



X. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Күз туралы әңгімелеу.

2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қыркүйек. Қазан. Қараша.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік диктант.

Қаптау, үздіксіз, егін, жаңбыр, ерекше, қайнау, құстар, жапырақ, түс, гүрілдеу, естілу, қызу, еңбек.


V. Сөздік жұмыс.

Ерте – ранняя осень

Мағына -значение

Шық - роса

Көбею – умножаться, увеличение

Теңелу - равняться

Алтын күз – золотая осень

Тоңазыту – застывать

Толассыз –беспрерывно

Ену - входить

Сылбыр – вялый

Қоңыр күз -поздняя осень

Күшею – усиливаться

Қырау – иней


  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

үлкен мағына,......

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

  2. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрау (3-тапсырманы орындау).

Қыркүйек айында, жаңбырлы мезгіл, аспан бұлтты, күн қысқа, жылы жаққа, суық жел, адамдар дайындалады, жылы киім, жерге түседі, түрлі түсті жапырақтар, қоңыр күз.
VI. «Қыркүйек. Қазан. Қараша. Осенью» мәтіндерімен жұмыс. «Қарлы кесек» ойыны.

Ойынның шарты:

Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, А,Б,В,Г деген 4 үстелге отырғызамыз. Әр үстел өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындап болған соң, I тур басталады. Оқушылар әрқайсысы үстелдеріне отырып жауап береді де, қолдарына берілген жүру бағыты парағына өзіне ұнаған жауаптың нөмірін белгілейді. Яғни әр оқушы «жүру бағыты» парағы мен оның номіріне сәйкес үстелінің нөмірі жазылған парақты үстелісіне тағып алады. Әрі қарай II турда оқушылар «жүру бағыты» парағында көрсетілген үстелге барып, реті бойынша сөйлейді. Осылай 3 турда 3 үстелге отырып, жауап беріп, тыңдап шығады.



I топтың тапсырмасы: «Қыркүйек» мәтінімен жұмыс жүргізеді.

II топтың тапсырмасы: «Қазан» мәтінімен жұмыс жүргізеді.

III топтың тапсырмасы: «Қараша» мәтінімен жұмыс жүргізеді.

IV топтың тапсырмасы: «Осенью» мәтінімен жұмыс жүргізеді.

Мәтіндердің мазмұнын айтуға дайындалады. 4 топ ең алдымен аударады, содан кейін мазмұнын айтуға дайындалады.







-1

-2

-3

-4

Ең жақсы жауап берген ойыншының нөмірі

Топтың ортақ ұпайы

«А»



















«Б»



















«В»



















«Г»




















VII. Сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Күзде ауа райы қандай болады? Күз айларын атаңдар.

  2. Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?

  3. Күзде құстар қайда ұшады?

  4. Күзде нелер піседі?


VIII. Үй тапсырмасы. 4-тапсырманы жазбашы орындау.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмыс.

Дән – зерно, ядро

Қолшатыр -зонт

Нөсер - ливень

Басқыш – лестница

Жәшік - ящик

Қараңғылық – темнота

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Қолшатырды сатып алу, .....

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырманы орындау.

Сыныпты бірнеше топқа бөлу. әр топ тапсырманы өз бетінше дайындайды. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Әр топтан бір өкіл шығып әңгімелейді.

Ауа райы туралы берілген болжамды оқу. Осы үлгі бойынша ертеңгі ауа райы туралы болжам жасау.

Бүгін Алматыда ауа райы салқын болады. Ауаның температурасы күндіз 7 градус жылы, түнде 2 градус суық болады. Кешке жақын тұман түседі. Жаңбыр жаууы ықпимал.



VI. Жұптық жұмыс. Оқушылар екі-екіден отырады. Әр күн өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұптың жауабын тыңдау.

А

Қазақшаға аудар

Досыңның жауабын тексер

  1. Сейчас какое время года?

  2. Назови осенние месяцы.




  1. Какая осенью погода?



  1. В какие края улетают птицы?

  2. Осень- какое время года?

  3. Что поспевает осенью?

  4. Тебе нравится это время года?

  1. Қазір күз.

  2. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

  3. Күзде күн суытады, жиі-жиі жаңбыр жауады. Суық жел соғады.

  4. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  5. Күз-молшылық жыл мезгілі.

  6. Күзде астық, жеміс-жидек піседі.

  7. Бұл жыл мезгілі маған ұнайды.


Ә

Досыңның жауабын тексер

Қазақшаға аудар




  1. Қазір қай жыл мезгілі?

  2. Күз айларын ата.




  1. Күзде ауа райы қандай болады?



  1. Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

  2. Күз қандай жыл мезгілі?




  1. Күзде не піседі?




  1. Сен бұл мезгілді ұнатасың ба?







  1. Сейчас осень.

  2. Осенние месяцы – сентябрь, октябрь, ноябрь.

  3. Осенью дни становится прохладнее, часто идет дождь. Дует холодный ветер.

  4. Птицы улетают в теплые края.

  5. Осень - самое щедрое время года.

  6. Осенью поспевает урожай, зреют овощи и фрукты.

  7. Мне нравится это время года.



VII. Диалог құру. 1-тапсырманы орындау. Диалогты оқып, өздері диалог құрау.
Ауа райы

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Бүгін күн салқын.

  • Жауын жауа ма?

  • Ертең қар жауады деді.

  • Аспанда бұлт бар ма?

  • Бүгін аспан ашық, жауын-шашын болмайды.

  • Ауаның темпиратурасы қандай?

  • Бүгін күндіз 12 градус жылы, кешке 2 градус суық болады.


VIII. Суретпен жұмыс. Суреттер бойынша шағын әңгімелер жазу. Әңгімелерге ат қою.
IX. Үй тапсырмасы. 4-тапсырманы орындау.
4-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Күзгі суретші.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Фонетикалық талдау.

Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Содан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

I топ: нөсер

II топ: жәшік

III топ: басқыш


Жауап үлгісі

I топ

Нөсер, нө-сер-екі буынды, 1-ашық, 2-бітеу буындар.

н-дауыссыз, үнді;

ө-дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;

с- дауыссыз, қатаң;

е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р- дауыссыз, үнді.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.







Жауап үлгісі

II топ

Жәшік, жә-шік-екі буынды, 1-ашық, 2-бітеу буындар.

ж-дауыссыз, ұян;

ә-дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

ш- дауыссыз, қатаң;

і- дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;

к- дауыссыз, қатаң.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.



Басқыш, бас-қыш- 2 буынды, 1,2-бітеу буындар.

б-дауыссыз, ұян;

а-дауысты, езулік, ашық, жуан;

с- дауыссыз, қатаң;

қ- дауыссыз, қатаң;

ы-дауысты, езулік, қысаң, жуан;

ш- дауыссыз, қатаң.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
V. Сөздік жұмыс.

Тожікелесу- поспорить Үйеңкі- клен

Қайың- береза Қарағай- сосна

Жоке- липа Шырша- ель

Ырғай- бузина черная Ине- иголка


  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Жасыл шырша,.....

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VI. Дәптермен жұмыс. 2-тапсырманы жазбаша орындау. Берілген әр сөйлемге бірнеше сұрақ қою. Әр оқушы өз орнында отырып, тапсырманы жазбаша орындайды. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін дәптерлерін алмастырап, бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

Жауап үлгісі

Күзде не ерте түседі? Күзде қараңғылық ерте түсе ме? Не жиі-жиі жауады? Ненің жапырақтары сарғаяды? Не сарғаяды? Қандай жел соғады? Суық жел соға ма? Күзде ауа райы қандай? Аспанды не қаптайды? Құстар қай жаққа ұшып кетеді? Күзде не қысқарады, не ұзарады?




VII. Сергіту жаттығу.

Жаңылтпаштарды жаттау.




  1. Тары ақта, 2. Лаула, алау, лаула,

Қақпа қапта Алауласын аула.



  1. Көкбазарда күзде бәрі бар,

Барып, барып, бәрін ал!
VIII. Мәтінмен жұмыс.

а) «Күзгі суретші» мәтіні бойынша «Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушыларр мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап қағазға жазады. Жүргізушының қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы ьір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.
IX. Деңгейлік тапсырманы орындау.


Жауап үлгісі

III деңгей



  1. Қаптау, ерекше, егін даласы, қайнау, үздіксіз, мағына, шық, төгілу, күшею, қырау, тоңазыту, дән, қолшатыр, нөсер, басқыш, жәшік, қараңғылық, тәжікелесу, қайың, ырғай, үйеңкі, қарағай, шырша, ине.

II деңгей

1. Шалшық, қолшатыр, етік, суға түскен күшік, нөсер, басқыш, қараңғылық, қоңыр күз, мол астық, жомарт.



қараңғылық,

Жауап үлгісі:

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қүздігүні ауа райы бұзылады. Күзде жиі-жиі жаңбыр жауады. Суық жел соғады. Бау-бақшада жаміс, жидек, көкөністер піседі. Диқаншыларегін жинайды.




5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

III. Тест жазу.


  1. Жаңылтпашты аяқтаңдар.

«Тары ақта,...»


  1. Сөздерді аударыңдар

Қаптау Особенный

Ерекше Скучиваться

Шық лестница

Басқыш роса




  1. Сөйлемді дұрыс құраңдар.

Ғажайып, ең, күз, айлары, бір, жылдың, айлары.


  1. Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңдар.

Бүгін аспан ашық, жауын-шашын... .

а) жинайды ә) болмайды б) ұшады




  1. Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Дұрыс па?

а) иә ә) жоқ

6. Сұраққа дұрыс жауап беріңдер.

Күзде құстар қайда ұшады?

а) желге ә) үйге б) жылы жаққа




  1. Жақша ішіндегі сөздерді дұрыс аударыңдар.

Күзде ауа райы (изменчива).

а) құбылмалы ә) бұлтты б) жылы




  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар.

Үзд...кс...з ж...мыс.

а) і,і,у ә) і,і,ү б)і,і,ұ




5 модуль

1- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күнпарақ.

I. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын:

ІV. Граматикалық тақырып.

Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша граматикалық тақырыпты тусіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

СЕПТІКТЕР

Атау


Ілік -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс -ға, -ге, -қа, ке

Табыс -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

Жатыс -да, -де, -та, -те

Шығыс -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

Көмектес -мен, -бен, -пен

А.с. кім? не? сағат

І.с. кімнің? ненің? сағат+тың

Б.с. кімге? неге? қайда? сағат+қа

Т.с. кімді? нені? сағат+ты

Ж.с. кімде? неде? қайда? сағат+та

Ш.с. кімнен? неден? сағат+тан



К.с. кіммен? немен? сағат+пен

VI. Сөздік жұмыс.

Күнпарақ – календарь бүрсугүні – послезавтра

алдыңғы күні – позавчера кесте – расписание

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару№

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұгалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Қабырға күнпарағы, сабақ кестесі.

  1. Сөйлемдерді құрау.

  2. Жаңа сөздерді сөздік даптерге жазу№

VII. Сергіту жаттығу.

VIII. Лексикалық такырып. Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Окушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тындайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содан кейін оқулықта берілген «Күнпарақ туралы қысқаша мәлімет» мәтіңімен жұмыс. Оқушылар мәтінді іштей бір рет оқиды.

б) Мәтін бойынша «Шенбер бойынмен әңгімелеу» ойыны.



Ойынның шарты

Окушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, дәптерлеріне осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитын 10 сөз жазуларын талап етеді. Содан кейін мұгалім өзі алдын ала дайындаған түйінді сөздермен таныстырады. Осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздерді көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.



IX. Топтық жұмыс. 2-тапсырманы аузша орындау.

І топ «А тапсырманы» орындайды.

ІІ топ «Ә тапсырманы» орындайды.

ІІІ топ «Б тапсырманы» орындайды.

Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Содан соң әр топ өз тапсырмасын даустап оқиды. Басқалары оқулыққа қарап, тексеріп отырады.

X. Бекіту. 4-тапсырманы орындау. Сыныптағы окушылар екі-екіден отырады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Жауап үлгісі

Күнпараққа ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер кіреді.

Күнпарақ 365 күннен тұрады. Бір жылда он екі ай бар. Бір аптада жеті күн бар. Сен мектепке қашан барасың? Мен өз анамды жақсы көремін.
XI.Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. 3- тапсырманы орындау.


2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сағат неше?

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Үй тапсырмасын тепсеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын? Барысын айту.

ІV. Сөздік жұмыс.
бұзу- портить, разрушать сотқар – драчун

согу – бить дөрекі – грубый

дүрліктіру - будорожить желіктіру - возбуждать

ерегісу – спорить, препираться кегі - месть

есе - раз басыну – относиться пренебрежительно


  1. осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуга дағдыландыру:

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. Оқулық бойынша жұмыс. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, тапсырманы оқиды.

а) 1- тапсырманы орындау. Сағатты дұрыс айтуға жаттығу.

ә) 2- тапсырманы орындау.

Жауап үлгісі

Тоғызға он минут қалды, бестен бес минут кетті, сағат тұра он екі, екіден бес минут кетті, бір жарым, оңға жиырма минут қалды.


VI. «Жеті септік» өленімең жұмыс.

Көп нуктенің орнына тиісті септіктерді жазып, жақшы ішінде берілген сурақтарды қазақ тіліне аудару. Өленді мәнерлеп оқу.



Жеті септік

... айтты ... таппақ

Кім бұл бұзған ережені? Кімді бұның басынганы?

Не зат сотққан терезені? Нені көздеп, тасынғаны?
...ілді ...жатыр

Кімнің ісі дүрлектірген? Кімде кегі келесі? – деп,

Ненің буы желіктірген? Неде кетті есесі? –деп.
...білмек ... шықты

Кімге сотқар ерегісті? Кімнен алған үлгісі? – деп

Неге істеді дөрекі істі? Неден тұған бұл ісі? – деп

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет