Пән
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Оқытушының аты-жөні
|
Бейсенова А.К .
|
Сабақ тақырыбы
|
Кәсіпкерлік –табыс көзі.Кәсіпкерлік -шеберлік.
|
Оқу мақсаты
|
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау.
|
Бағалау критерии
|
1.Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, аударма жұмысын жасайды
2.Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;
|
Бүгінгі сабақта Кәсіпкерлік тақырыбы бойынша жеке жұмыстар жасаймыз.
Сабақтың жоспары
1.Мәтінмен жұмыс, жаңа тақырыпқа байланысты аударма жұмысын жүргіземіз.
2.Сөздікпен жұмыс
3.Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылықтарын белгілеңіздер.
4.«Қолданып көрейік» дағдысы. Кәсіпкерлердің қызмет түрлерін анықтаңыздар. Ұяшықтарды сәйкестіріңдер.
5. «Кәсіпкер» сөзіне кластер құрастыру
6.Шығармашылық тапсырма:Кәсіпкерлердің касиеті туралы ойларын жазу.
https://cloud.mail.ru/public/2N8U/537VBS4Zf
Осы сілтеме арқылы студенттің жеке жұмысы түсіндіріледі
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқу, аударма жұмысын жүргізу
“Кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк –инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы коптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Нарық экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi.
Сөздік жұмыс
Кәсiпкерлiк -предпринимательство
Шаруашылық қызмет -хозяйственная часть
Жекеменшiк-частный
Нарық қатынастарының –экономические отношения Экономикалық құбылыс- экономические явления
Кәсiпкерлiк қызмет-- предпринимательская деятельность
Жағдайлар-обстоятельства
Тапсырма
Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылықтарын белгілеңіздер.
Кәсіпкерліктің артықшылықтары
|
Кәсіпкерліктің кемшілігі
| | |
Тапсырма
«Қолданып көрейік» дағдысы. Кәсіпкерлердің қызмет түрлерін анықтаңыздар. Ұяшықтарды сәйкестендіріңдер.
№
|
Қызмет
| |
Қызметтің түрі
|
1
|
Әмина мемлекеттік емханада терапевт болып жұмыс істейді.
| |
Кәсіпкер
|
2
|
Әли өзінің жеке клиникасында стоматолог болып істейді.
| |
Жалдамалы жұмысшы
|
3
|
Әмірдің медициналық орталығы бар.
| |
Бизнес
|
4
|
Зауреш қаланың орталығында өз дүкенінде киім сатады
| |
Жалдамалы жұмысшы
|
5
|
Батырбек-асханада аспаз
| |
Кәсіпкер
|
Тапсырма
«Кәсіпкер» сөзіне кластер құрастыру
1. Нарықта бәсекеге түседі 2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысады 3. Тәуекелден қорықпайды 4. Тәуекелге барады 5. Белсенді ізденісте болады 6. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады 7. Тәуекелділікке бас тігеді 8. Фирмаларды, дүкендерді басқарады
Шығармашылық тапсырма.
Кәсіпкердің қасиеттері туралы ойларыңызды жазыңыздар:
1.Өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсын анықтаныз (сіздің кәсіпкер болуыңызға көмектесетін және кедергі келтіретін қасиеттер)
2.Әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыздар.
Келесі онлайн сабақта қорғайсыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |