Сілтеме
|
Блум таксономиясы, оқулық.
|
Жалпы мақсаттар
|
а) оқулық: оқушыларға күрделі функцияның туындысын табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, күрделі функцияның туындысын табу есептерін шешуді үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижелері
|
- Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін жазып бере алады;
- Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі;
- Күрделі функцияның туындыларын таба алады;
- Есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады.
|
Негізгі идеялар
|
- Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау;
- Уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;
- Өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.
|
Сабақтың кезеңдері:
|
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;
Оқушыларды 3 топқа бөлу және топ көшбасшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап сәтін ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау.
ІІ.1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Интербелсенді тақтадан үйге берілген тапсырманың дұрыс жауабы беріледі. Жұптасып отырған оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмасып, экрандағы есептің дұрыс жауабымен салыстырады. Дұрыс жауапқа 1 балл қойып отырады. Мұғалім оқушылардың үй тапсырмасы бойынша жинаған ұпайларын оқып кетеді.
Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өтеді.
ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/855-analiz_bastamalary#lesson=11276
ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.
|
|
Білу. Күрделі функцияны құрастыру ережесі:
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/855-analiz_bastamalary#lesson=11604
1-мысал: g(x)=x+1 f(x)=x2
1) y=f(g(x)) y=(x+1)2
2) y=g(f(x)) y=x2+1
Күрделі функцияның туындысын табу ережесі:
Y=f(g(x))
Y'=(g(x))'(f'(g(x))'
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/855-analiz_bastamalary#lesson=11604
2-мысал: туындысын табыңыз.
|
Жалпы топтарға ортақ тапсырма
|
Түсіну. Қарапайым функциялардың туындысын табуға арналған тапсырмаларды орындау.
Жалпы сыныппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату. Экраннан: http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/855-analiz_bastamalary#lesson=11604
5-жаттығуды орындайды.
№ 213. №214
|
Топтық жұмыс жүргізу
|
Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу.
№ 215
а) ә) б) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді.
Басқа топтар өз ойларын айтады.
|
1-тапсырма
|
Синтездеу
Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер:
№216 есептің a), ә), б) нұсқаcын топтаса отырып орындату.
|
Қиындықтар кездескен жағдайда бағыт-бағдар беру.
|
2-тапсырма
|
Қолдану:
Топқа есептер: №217 а), ә), б) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу.
|
- жаттығуларды топ болып жұмыс дәптерлеріне орындау;
- бір-біріне сұрақ қою.
|
Қорыту
|
IV. Сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
Топ көшбасшысының бағалауы;
Оқушылардың оқытуды бағалауы;
Оқушыларға бағалар қою.
|
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/855-analiz_bastamalary#lesson=11604
|
Үй тапсырмасы
|
ІІ тарау, §16, №218,219
|