Сабақ тақырыбы: ксро-ның ыдырауына қандай факторлар әсер етті?


-1990 жж. Ішкі жалпы өнім бойынша ең дамыған елдердің салыстырмалы көрсеткіштері (млрд. доллар)



бет2/2
Дата03.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#130597
түріСабақ
1   2
Байланысты:
31-33 сабақ. 10-сынып 15

1970-1990 жж. Ішкі жалпы өнім бойынша ең дамыған елдердің салыстырмалы көрсеткіштері (млрд. доллар)


елдер

1970 жж.

1980 жж.

1990 жж.

КСРО

433,4 млрд. доллар

940 млрд. доллар

778,4 млрд. доллар

АҚШ

1 трлн. 75 млрд. доллар

2 трлн. 862 млрд. доллар.

4 трлн. 600 млрд. доллар.

Жапония

209 млрд. доллар

800 млрд. доллар

1 трлн. 177 млрд. доллар.

Қазақстанның экономикалық жағдайы


1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнім

1988 жылы республикаға әкелінген өнім

6,7 млрд

13, 8 млрд

Неліктен республикалық экспорттан импорты артық?

КСРО-ның ыдырауына әсер еткен факторлар:


Сыртқы факторлар:
  • «Қырғи-қабақ соғысы» шығындары. 10 жыл бойы Ауғанстан соғысына қатысу.
  • Мұнай бағасының төмендеуі. баррелі:1970 жылы – 110 доллар болса, 1985 жылы – 26, 1989 жылы- 19 доллар ғана;
  • Азия, Африканың дамушы елдеріне арзан бағамен тауар сату, қаржылай көмек беру;

Ішкі факторлар:
  • Жемқорлық, қосып жазу;
  • Өндірістің тиімділігінің төмендігі, шикізаттық бағыттың сақталуы;
  • «көлеңкелі экономикаға» жол берілуі;
  • Әскери шығындардың көптігі. Мемлекеттік бюджеттің 14-15% ӘӨК жұмсалуы;
  • Мемлекет басшыларының, оның ішінде М.Горбачевтің де қате шешімдері.

Неліктен КСРО да қайта құру реформалары қажет болды?


Саяси саладағы дағдарыс

Әлеуметтік-экономикалық

саладағы дағдарыс

Идеологиялық саладағы дағдарыс

Қай себеп басым? Қандай сала бойынша өзгерістер жасау қажет болды?


КСРО-ның қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Саяси саладағы дағдарыс: Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. Заңдылықтың бұзылуы. Жариялылықтың болмауы.

Экономикалық

саладағы дағдарыс:

Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. — Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. — Бақылаусыз басқару аппараты. — Инфляция. — Тауар зәрулігі.



Идеологиялық саладағы дағдарыс:

Коммунистік идеологияның экономикалық дағдарысқа әкелуі;

Республикалардың тәуелсіздікке ұмтылуы;

Ұлтаралық қақтығыстардың көбеюі (1989 ж.)




Қайта құрудың нәтижесі

  • Әміршіл-әкімшіл жүйенің шайқатылып, қоғамның демократиялана бастауы (көппартиялылық, баспасөз бостандығы, парламент сайлауы);
  • КСРО-ның ыдырауы;
  • Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың күшеюі;
  • «қырғи-қабақ соғыстың аяқталып, қару- жарақ өндірісінің азаюы.

+

-

4-тапсырма. (Т/Ж) Қазақстанға тікелей қатысты Қайта құру өзгерістерінің қайсысы позитивті және қайсысы негативті? Таңдауыңызды түсіндіріңіз.

  • 1986 жылы желтоқсанда Қазақ КСР басшысын ауыстырып, Г.Колбинді тағайындауы.
  • 1986 жылы 16-желтоқсанда басталған желтоқсан қозғалысын күшпен басу.
  • 1989 жылы Жаңаөзенде ұлтаралық қақтығыстың болуы
  • 1989 жылғы жаздағы Қарағанды кеншілер ереуілі.
  • Кеңес басшыларының бұрынғы қателіктерін мойындауы, стаинизмді айыптауы


+

-

2-тапсырма (Ж/Д)

  • Қазақстан қайта құру кезеңінде (45-46) тақырыбын оқып және сабақта алған білімін қолданып кестені толтырыңыз (жетістіктері (+), кемшіліктері (-)

3-тапсырма. КСРО-НЫҢ ЫДЫРАУЫНА ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТТІ?

  • КСРО-ның ыдырауына әсер еткен факторларды PEST-талдау кестесіне, әрбіреуіне 2 аргумент келтіріп талдау жасаңыз:


КСРО-ның ыдырауына әсер еткен факторлар

P- саяси

 

Е – экономикалық

 

S – әлеуметтік

 

Т - технологиялық

 

Үйге тапсырма. http://abai.kz/post/view?id=5764   «КСРО НЕГЕ КҮЙРЕДІ?» мақаласын оқып, КСРО-ның ыдырау себептерін конспектілеу.


http://www.youtube.com/watch?v=sf-QGA_t8_E СССР. КРУШЕНИЕ. 1-ая серия фильма
  • http://www.youtube.com/watch?v=VNdDip_XYnk Кто устроил "перестройку" и зачем? (5 мин)

Рефлексия

  • Не білдім?
  • Не үйрендім?
  • Нені білгім келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет