Сабақ тақырыбы: «Ұлттық киім. Сын есім.»



бет3/3
Дата16.02.2018
өлшемі1,17 Mb.
#37689
түріСабақ
1   2   3




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Магизамов Төремұрат Серікұлы

2016-2017 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Қазақ тілі

Күні: 16.02

Сыныбы: 11 (орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың

тақырыбы

Ұлттық киім. Сын есім.

Сілтеме

Қазақ тілі. Орыс тілінде білім беретені мектептің 11- сыныбына арналған оқулық/ Т.М.Артықова,

Г.Г. Ермекбаева Алматы «Атамұра» 2015ж 138 бет



Мақсаты


Мақсаты:

білімділік Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы түсінік беру.
дамытушылық: Оқушылардың ұлттық киімге деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, ұлттық сән үлгілерінің сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар


Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

 Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе


1 мин

2 мин

Ұйымдастыру
Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын ұлттық киім суреттері арқылы топқа бөлу.Топ мүшелері рольдерін өз еркімен бөліп алады. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.




Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:



Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.



Қосымша №1.Семантикалық карта.

оқушылар ұлттық киім түрлері жасырынған суреттерді алып, бас киімдер бір топқа, аяқ киімдер бір топқа бөліну бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Топ мүщелері өз еркімен көшбасшы, баяндаушы, бағалаушы рөлдеріне бөлінеді.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.

Критерийлер:

«5»- 0 қате

«4» - 1 қате

«3»- 2-3 қате


Тұсаукесер

2 мин

Қызығушылығын ояту.

Ұлттық киімдер жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі.

-Балалар, біз осы бейне ролик арқылы қандай киімдерді көрдік?

-Дұрыс айттыңдар, Ол әрине қазақ халқының ұлттық киімдері.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлттық киімдері.


Оқушылар бейнероликті тамашалап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Негізгі бөлім

Білу


5 мин

1-топ.Қазақ халқының ұлттық киімі жайлы екі топқа мәтін ұсынады.

2-топ. Сын есім жайлы мәлімет.



Мәтінмен жұмыс. Мәтін мазмұнымен оқып танысады.


Түсіну

6 мин


Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Мәтінмен жұмыс.

«ЖИГСО» стратегиясы бойынша мәтінді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.




Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.



Қолдану


5 мин

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

оқулықпен жұмыс

2-тапсырма. 139бет. Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.


Қосымша № 2. Жауап кілті.


Оқушылар оқулықтағытағы тапсырмаларды орындайды.

Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырады.


Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.

Егер қатесіз болса, «5»;

1 қате – «4»

2 -3 қате «3» қойылады.



Сергіту сәті


2 мин

Мұғалім оқиды оқушылар қайталайды.

Кәне, кәне, тұрайық!

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.


Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.



Талдау

5 мин

Мақсаты:

Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.

«Мен қандай киім кигім келеді?» ойыны

«Ойтолғаныс» кезеңі

«Бес жолды» өлең құрастыру.


Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар мәтіннен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.
Синквейн құрастырады.

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Фраза

5.Аудармасы



Жинақтау


8 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау





Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқущылар топты бағалайды



Қосымша 3.

Қорытынды

Рефлексия

6 мин

1Оқушыларға жаңа тақырып бойынша тест сұрақтары беріледі.

Қосымша № 4
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?


1. Оқушылар өз беттерінше слайдта берілген тест сұрақтарына жауап береді.

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.




Үйге тапсырма

1мин

Оқулықтағы 4-тапсырма 139 бет.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. Қосымша №5




Қосымша №1 Семантикалық карта.





тау

қазан

төбе

құс

кәсіп

кім

сүйек

беу

бақан

қарас

Көз































ақ































Ақ































түйе































өнер































бел































алты































еш































ас































Көкше































Қосымша №2 Сәйкестендіру.

Тәуелдік форма

Зат есім

Сын есім

1.Менің

А)жейдеміз

сәнді

2.Сенің

Ә)аяқкиіміңіз

жарасымды

3.Сіздің

Б)шаш үлгін

ыңғайлы

4.Оның

В)көйлегім

бағалы

5.Біздің

Г)матасы

таза

6.Сендердің

Ғ)сөмкелеріңіз

сәнқой

7.Сіздердің

Д)әшекейі

әдемі

8.Олардың

Ж)достарың

төзімді

1-в, 2-б,3-ә,4-д, 5-а, 6-ж, 7-ғ,8-г

Қосымша №3

Топ аралық бағалау










Критерийлер




Ұпай

Топ



















ұпайы







1

Топ бірлесе



















жұмыс істеді.
















2

Жаңа сөздерді



















пайдалана білді.
















3

Мәтін
















.

мазмұны толық



















ашылды.
















4

Эстетикалық
















.

жағынан



















тартымды.
















5

Топ алдында
















.

қорғауы.
















6

Тек қазақша



















сөйлеу
















7

Уақытқа бағыну
















8

Сабақта тәртіп



















сақтау











Қосымша №5

Тест Слайдта.
Қосымша №5

Бағалау парағы:



Оқушылардың

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

(Білу)

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Мұғалімнің қорытынды бағасы






















































































1-топ

Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Қазақы киім – көненің көзі. Қазақ халқының ұлттық киімдерін тіккенде климаттық жағдайларды ескеріп, ежелгі дәстүрлер бойынша сәндеп тіккен. Қазақтарда ішкі, сыртқы, бір киер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Салтанатты киімді барқыттан, жібектен тігіп, құндыз, кәмшат терілерін қолданған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Бас киімді қазақ халқы ерекше қасиет тұтқан.Ер адамдар тақия,бөрік,тымақ, қалпақ киген.Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілерінен жасап, барқыт,қыжым, атласпен тыстайды.Тымақ ,бөріктер бірнеше топқа бөлінеді.Ерлер киетін тақиялар қошқармүйіз,шырмауық өрнектерімен кестеленеді.Жас жігіттер кейде тақияға үкі таққан. Әйелдердің бас киімдері:тақия, бөрік, орамал,кимешек,сәукеле, шәлі.Сәукеле ең сәнді,күрлелі бас киім.Қыз бала ұзатылғанда арнайы тігілетін бас киім.Сәукелені алтын,күміс,маржан қымбат тастармен әшекейлейді.Төбесіне үкі таққан, екі жағында салбыраған Ерлер киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған.


2-топ Сын есім.

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал). Синтаксистік қызметі Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Семантикалық топтары Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, затың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М. Әуезов).




Құрметті ұстаз!

Сізден семинар аясында өтіп жатқан ашық сабақ туралы пікір қалдыруыңызды сұраймыз


Сабақ тақырыбы: _____________________ Өткізілген күні:_____________
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты семинар тақырыбына сәйкестігі ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Сабақтың жаңашылдығы ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Шығармашылық ізденістін көрінуі ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Сабақ туралы пікіріңіз ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



5.Ұсыныс___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұғалімнің А.Т.Ә. __________________________________________________
Мектеп ___________________________________________________________
Қолы _______________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет