Тапсырма 2: Физикалық шамалар аналогиясы кестесін толтырыңдар.
Механикалық шама
Электромагниттік шама
Тапсырма 3: Есептерді шығарыңдар:
1. Индуктивтілігі L=0,2 Гн соленоид орамы бойымен I=10 А ток жүреді. Соленоидтың магнит өрісі энергиясын W табыңдар.
2. Катушканың (өзекшесіз) индуктивтілігі L= 0,1 мГн. Қандай I ток күшінде магнит өрісі W энергиясы 100 мкДж-ге тең?
3. Соленоидтың N=1000 орамы бар. Орамдағы I ток күші 1 А, соленоидтың көлденең қимасы арқылы өтетін Ф магнит ағыны 0,1 мВб. Энергияны есептеңдер...
4. Темір сақинаға бір қабат болып N=200 орам оралған. Егер ток күші I=2,5 А болғандағы Ф магнит ағыны 0,5 мВб-ге тең болса, магнит өрісі W энергиясын анықтаңдар.
Жетістік критерийлері:
Жетістік критерийлері:
- механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіре алады;
- контурдың индуктивтілігі пен ток күшін біле отырып, магнит өрісі энергиясын есептей алады.