Алматы қаласы Әуезов Ауданы
№5 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Мамандықтар
Пән мұғалімі: Алхожаева Ұ.Қ.
қазақ тілі пәні мұғалімі
Тексерген: Өмірхалықова Ж.Т.
Ә/б. жетекшісі
Алматы 2017
Cабақ жоспары:
Күні: 17.01.2017
Cынып: 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мамандықтар туралы мағлұмат беру және мамандық таңдаудың адам өмірінде алатын маңыздылығын түсіндіру; етістіктің райларын пысықтау; жаңа сөздермен тақырып төңірегінде сөйлемдер кұрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту; лексикалық тақырыпка байланысты қазақша ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Мамандықты дұрыс таңдау білуге, барлық мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Мәтінмен, суретпен, тірексызбамен жұмыс істеп, негізі ойын анықтай алу, ойын жеткізе білу.
Сабақ әдістері: сұрак-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жинақтау, ой корыту.
Сабақ қолданған құрал-жабдықтар: «Фишбоун» әдісі, постер, түрлі-түсті маркерлер, сандықшалар, бағалау парақтары, фишкалар, Қазақстанның бірнеше ұлы тұлғаларының суреттері, түрлі мамандықтардың суреттері, Абайдың өлеңінен үзінді
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың сабаққа дайындығы.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері»
Топқа бөлу: топ басшысын сайлау, бағалау парақшаларын беру.
Өткен сабақты бекіту сұрақтары:
- Біздің еліміз қандай мемлекет?
- Биыл тәуелсіздікке неше жыл толды?
- Тәуелсіздіктің арқасында қандай жетістіктерге жеттік?
- Осындай үлкен жетістіктерге жеткеніміз білікті, мықты мамандардың арқасы:
білім саласы, өндіріс, онер, экономика т.б. Бүгінгі сабағымыз осы мамандарға байланысты.
«Бұл кім?» ойыны
Н. Назарбаев, Абай, Т. Аубакиров, А. Ашимов, Р. Рымбаева, А. Шахматов, т.б. аты- жөнін, мамандықтарын атау
- Осы маман иелерін не нәрсе біріктіріп тұр?
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Мамандық.
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Жаңа сөздермен таныстыру:
Мамандық – профессия дүние - жизнь
Маман – специалист кәсіп - специальность
Қабілет – спосбность кетік - пустое место
Қалау – желание
Мамандык түрлері туралы мағлұмат:
Заңгер дәрігер
Мұғалім ұшқыш
Мамандықтар
Құрылысшы ақын
кенші
Инженер Тігінші
Мәтінмен жұмыс (постер)
1 топ: “Мамандықтар” мәтіні
2 топ: “Мұғалімдер” мәтіні
3 топ: “Дәрігерлер”мәтіні
Әр топ мәтінді түсініп оқып, мәтіннің негізгі ойын постерге түсіріп, мазмұндап береді.
«Фишбоун»әдісі
себеп себеп себеп
мәселе
қорытынды
Дәлел дәлел дәлел
Сергіту сәті
Грамматикалық тапсырмалар:
1 топ: Етістіктің қалау райына сөйлемдер құрау
2 топ: Етістіктің шартты райына сөйлемдер құрау
3 топ: Етістіктің бұйрық райына сөйлемдер құрау
«Орнынды тап» ойыны:
«Сен де бір кірпіш, дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан»
деген Абайдың өлең жолдарына байланысты әр оқушы кім болғысы келетінін, себебін айтып бос орынға кірпіш қалайды
Бекіту: «Сиқырлы сандық» ойыны
Қорытындылау: қорытындылау сұрақтары
Үйге тапсырма: кім болғым келеді? ойтолғау жазып келу
Бағалау кезеңі:
Рефлексия: «Өз жұлдызыңды жақ»
Достарыңызбен бөлісу: |