Сабақ тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері Жалпы мақсаты



Дата29.09.2019
өлшемі123,15 Kb.
#48991
түріСабақ
Байланысты:
11кл Кмж 2-такырып ЖМБ
11кл Кмж 2-такырып ЖМБ

Бөлім: Электромагниттік тербелістер

Мектеп: «№51 гимназия» КММ

Мұғалім: Қожабаева Жеткерген Ерғалиқызы

Күні:

Сынып: 11 «Б»

Оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

Жалпы мақсаты

  • Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері жайлы мағлұмат беру

  • Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері жайлы мағлұмат алады

  • Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді.

Негізгі идеялар

Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс

периодтары:

T=2π√ℓ/g


T=2π√m/k

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»




Уақыт

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Ресурстар

0-3 минут

Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

Сандар картасы

3-10 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Тербелістер дегеніміз не? Жауабы: Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме- дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

2 . Тербеліс периоды дегеніміз не? Жауабы: Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын айтамыз. 

3. Тербеліс жиілігі дегеніміз не? Жауабы: Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер санын айтамыз 

4. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не? Жауабы: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуының мәнін айтады. 

5. Тербеліс периоды мен жиілігі бір- біріне қандай шамалар? Жауабы: Кері шамалар

6. Периодтың өлшем бірлігі? Жауабы: Секунд 

7. Жиіліктің өлшем бірлігі? Жауабы: Герц 

8. Амплитуданың өлшем бірлігі? Жауабы: Метр 

9. Тербелісті сипаттайтын шамалардың формулаларын жаз. Жауабы: Т=t/n v=n/t



Таратпа материалдар

10-20 минут

Жаңа сабақ

Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі - математикалық және серіппелі маятник.



Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке  ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалды. Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.



Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс
периодтары:

T=2π√ℓ/g
T=2π√m/k





20-35 минут



Сабақты бекіту:

Тапсырмасы:  Оқушылар деңгейіне қарай дайындалды.



1. Тербеліс периоды 2 Гц. Тербеліс периоды неге тең?

А) 2 с  В)  0,2 с  С) 0,5 с



2.  Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуі 4 есе кемісе, тербеліс

периоды қалай өзгереді?

А) 2 есе кемиді          В) 2 есе артады            С) өзгермейді

3.  Тербеліс периоды 500мс. Тербеліс жиілігі неге тең?

А) 2 Гц       В)1 Гц        С) 0,5 Гц



4.  Серіппелі маятниктегі жүк массасын 9 есе арттырсақ, тербеліс жиілігі қалай өзгереді?

А)  3 есе артады               В) 3 есе кемиді               С) өзгермейді



5.  Математикалық  маяниктің  тербеліс периоды 4есе артуы үшін, оның

ұзындығы  қалай өзгеру керек?

А) 2 есе артады                В) 16 есе кемиді               С) 16 есе артады

6.   Серіппелі маяниктің тербеліс периоды 5 есе артуы үшін оның массасы  неше есе өзгеру керек?

А) 25 есе кемиді                  В) 25 есе артады             С) 10 есе артады



7.  Математикалық маятниктің амплитудасын 2 есе арттырсақ, оның

тербеліс периоды қалай өзгереді?

А) өзгермейді                   В) 4 есе артады              С) 4 есе кемиді

Есептер:

1. Қатаңдығы 9,22 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,143 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.


2. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.
3. Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.


35-40 минут

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)

Үй тапсырмасы:

  • Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

  • . А.П.Рымкевич №409, 410, 415, 419





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет