Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі. ОҚО Түлкібас ауданы
Сабақ тақырыбы
|
Механикалық жұмыс . Қуат
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
|
7.2.3.8- Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану .
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар : Механикалық жұмыс пен қуаттың анықтамасы мен формуласын біледі.
Oқушылapдың бacым бөлігі: Алған білімдерін іс жүзінде ұштастыра алады.
Кейбір оқушылар: Механикалық жұмыс барысын түрлендіріп қуатты есептей алады.
|
Бағалау критерийі
|
- Механикалық жұмыс және қуаттың ұғымын біледі және формуласын жазады. - Механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын түрлендіреді. - Механикалық жұмыс және қуаттың формуласын есеп шығаруда қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:механикалық жұмыс пен қуат туралы өз пікірлерін негіздей алады.
Терминология
|
Қазақша
|
орысша
|
ағылшынша
|
Күш
|
сила
|
strength
|
Жұмыс
|
работа
|
work
|
Қуат
|
мощность
|
power
|
Энергия
|
энергия
|
energy
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларға индустрия және инновациялық, экономикалық өсу үдерісін дәріптей отырып, қуатты двигательдерді жасауға ықпал ету.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, тарих, география, әдебиет, информатика.
|
Алдыңғы білім
|
Біледі: Жұмыс пен қуат ұғымының физикалық мағынасын біледі.
|
Білуі керек: Жұмыс пен қуаттың формуласын пайдаланып есептерді шағаруды үйренеді.
Қосымша білім: теорияны практикамен байланыстыра алады.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
|
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
|
Мұғалім
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
|
I.Ұйымдастыру: -оқушылармен сәлемдесу:сабақтың мақсат –міндетімен таныстыру ; 1-2-3 сандар арқылы 3- топқа бөлу.
II.Оқушылардың алдынғы тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру
|
Стикерлер
Парақшалар
|
|
«Кім алғыр?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары беріледі.
1. Денелердің жүзу шарттары қандай?
Дене батады Дене ортасында жүзеді Дене бетінде қалқып жүреді.
Fа > FА. Fa < FА. Fa = FА
2. Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді?
(Дене материалдарының тығыздығы сұйық тығыздығына жақын болса, дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады.
Рмуз═900кг∕м3; рсу═1000кг∕м3; мұздың оннан тоғыз бөлігі су ішінде болады.)
3. Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρ сұйық және ρ дене )
4. Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр)
5. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші)
6. Архимед күшінің формуласы қандай? ( F = ρс g Vд)
7. Архимед күші қандай шамалардан тәуелді? (ρс– сұйықтың тығыздығы және Vд – дененің көлемінен)
8. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары)
Дескриптор:
-Денелердің жүзу шарттарын біледі.
-Денелердің жүзу шарттары қай физикалық шамаға тәуелді болатынын сипаттайды.
- Сұйықтың тығыздығын қандай құралмен анықтайтынын айта алады.
- Архимед күші қандай күш екенін түсіндіреді.
-Архимед күші қандай шамаларға тәуелді болатынын біледі,күштің бағытын анықтай алады.
«Бас бармақ» арқылы топтық өзара бағалау
|
Суреттер
|
Үй тапсырасын сұрау.
(7 мин)
«Кім алғыр?» әдісі
|
Сабақтың ортасы
(12 мин)
«Джигсо әдісі»
топтық жұмыс
|
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.
Мұндағы: А-жұмыс; Ғ-күш; s – жүрілген жол
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.
1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады. Өлшем бірлігі ватт.
1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт
1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт
Дескриптор:
-Жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын түсінеді.
-Жұмыс пен қуаттың формуласын біледі.
-Өлшем бірліктері біледі, ХБЖ жүйесіне түрлендіре алады.
|
Қима қағаздар.
|
«Кім жылдам » әдісі есептер шығару (10 мин)
|
Тапсырма:
№1.Моторының тарту күші 3000 Н,машина 54 км /сағ жылдамдықпен қозғалып келеді машина 10 с қанша жұмыс атқарады. Ж:450кДж
№2. Қуаты 50 Вт желдеткіш 5 минутта қанша жұмыс істейді?
Ж:15 кДж
3. 7,5 с уақытта 30 кДж жұмыс атқарады қуатын анықта?
Ж:4 кВ
Дескриптор:
-есептің шартын құрады.
-жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіреді,
- жұмыс пен қуаттың формуласын біледі
-формуланы қорытып, есептерді шығара алады.
|
|
Тест
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау арқылы қорытынды жасау
(5 мин )
|
1.Механикалық жұмыс қалай анықталады?
А) F=gm Ә)A=FS Б) FA=pcy gVg
2.Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?
А) Паскаль Ә) Ньютон Б) Джоуль
3. Көтергіш кранның көмегімен массасы 2500 кг жүкті 12 м биіктікте көтереді. Осы кезде қандай жұмыс істеледі?
А) 30кДж Ә) 50кДж Б) 90кДж
4.Қуат қалай анықталады?
А) A=FS Ә)N=A/t Б) F=gm
5. Қуаттың өлшем бірлігі қандай?
А) Ньютон Ә) Ватт Б) Паскаль
6. Штанг көтергіш массасы 125 кг штанганы 70 см биіктікке 0,5 секундта көтереді. Спортшының бұл кездегі қуаты қандай?
А) ≈1,75 кВт Ә)≈2,02 кВт Б) ≈1,95 кВт
Дескриптор:
1.Механикалық жұмыстың формуласын анықтайды.
2.Қуаттың формуласын біледі.
3.Формуланы қолданып, есептегі сан мәнднрді анықтайды.
4.Өлшем бірліктерін ажыраты алады.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың аяғы
(2 мин)
Рефлексия
|
Кері байланыс: (стикер беріледі).
Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығын үш түрлі жемістер арқылы көрсетеді.
|
Стикерлер
|
Үй тапсырмасы
(1 мин)
|
Механикалық жұмыс пен қуат.
|
Оқулық
|