Сабақ тақырыбы Мен армандайтын мектеп Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет6/32
Дата11.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#206189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
8-сынып. ҚМЖ (1)

Сергіту сәті.


4-тапсырма. Мәтінді оқы.

Бүгін «Қазақ тілі» сабағында жоба жұмысын қорғадым. Тақырып: «Менің болашақ үйім». Өзім үшін тақырып қызық әрі өзекті болды. Себебі менің арманым – жекежайда тұру. Бос уақытта ғаламтордан екі-үш қабатты жекежайлардың суреттерін тамашалағанды ұнатамын. Соларға қарап, болашақ үйімді көзіме елестетемін.


Жобаны жасау үшін жеделдетіп ғаламтор сайттарын қарадым. Ертелі-кеш соны ойладым, зияткерлік бағдарламаларды іздедім. Ойым онға, санам санға бөлінді.
Болашақ үйімнің сызбасын он шақты күнде өзім жасадым. Ағаштан салынатын екі қабатты үлкен үйдің терезелері тауға қарайды. Ауланың төртке жуық аумағына арша мен шырша отырғызамын. Есіктің алдындағы хауыздың айналасына алуан түрлі гүлдер егемін. Аулаға бес-алты аңның, құстың мүсіндерін орналастырамын. Қақпаның екі жағына мәжнүн талын егемін.
Есік алдындағы террасадағы аспалы құмырады гүл өседі. Жаяу жолдың екі жағына онға жуық аспалы шам ілінеді.
Менің жұмысым «Ең үздік жоба» аталымына ие болды. Инновациялық технологиялар армандаған үйімнің жобасын жасауға көмектесті. Ал мен оны әлі де терең игеруді қалаймын.

Сергіту сәтін орындайды

Мәтінді оқиды. Мәтінмен жұмыс жасайды.



Дескриптор
- өз сөзінде ақпаратты сұрайды
-сұрақтарға жауап береді;
-сөйлеу барысында септік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады
-сөйлемнің құрылымын сақтайды;

Оқулық
14 бет



Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия (Ө)Әдісі: Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтер арқылы көрсетеді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет