Сабақ тақырыбы мерзімі сыныбы Жауапты мұғалім 1 Онкүндіктің ашылуы 19. 11



бет2/14
Дата19.02.2017
өлшемі2,77 Mb.
#10969
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Сабақ тақырыбы: Графика өнері. ( стильді сурет)

Сабақтын мақсаты: Оқушыларды графика түрлерімен таныстыру. Графиканың әдіс- тәсілдерін менгеруге баулу.

Дамытушылығы: Сурет салу барысында балада талдау, жалпылау ойлау, ойын жүйеге келтіріп жинақтау, өз идеясын әсем түрде жеткізе білу, еңбекті бағалау, шыдамдылық сияқты қасиеттер дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастыру.

Сабақтын түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Ойтолғау, денгейлеп оқыту.

Мұғалім құралдары: слайд, тақта , оқулық, бор.

Оқушы құралдары: альбом, қарындаштар, қалам түрлері, маркер,өшіргіш.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі -5 мин

2. Үй жұмысын тексеру -3 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру -15 мин

4. Практикалық жұмыс -20 мин

5. Қортынды: -2 мин

« Графика» - қағаз не қатырма қағазға қарындаш, қаламұш, көмір, қылқалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынатын сурет. Графика-грек сөзі, «жазамын», «суретін саламын» деген мағнаны береді. Графиканын ең қкрапайым түрі ақ қағазға қарындашпен тушпен орындалады.Графика орындалу ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.Олар: гравюра, линогравюра, оффорт, оттиск, ксилография. Мағналары түсіндіріліп айтыла кетеді.Дағды мен шеберлік арасында айқын айырмашылық бар. Шеберлік игерген білім мен дағдыны практикалық тапсырмаларды орындауда ұтымды қолдана алу қабілеті. Ал дағды автоматизм деңгейіне дейін жеткен қандай да бір әрекет, ол көптеген қайталаудың, үздіксіз жаттығудың нәтижесінде қалыптасады. Ал, стиль ол латын сөзі- аудармасы түрлендіру деген мағнаны білдіреді.

Дағды ұзақ жаттығулар барысында қалыптасады. Сурет салуға аз уақыттың ішінде үйрету мүмкін емес, ол ұзақ та қажырлы еңбектің жемісі. Әуелі қарапайым штрихтауға үйрету. Графитті қарындаштан басқа қалам, фломастер қолдануға болады. Оқушы шығармашылығына шектеу қойылмауы тиіс. Дәстүрлі штрихтаудан басқа әртүрлі декоративті әдістерді қолдануға болады. Әрине алдымен қарындашты дұрыс ұстауға үйрету керек. Оқушылардың көпшілігі сурет салуда қарындашты қалам сияқты ұстайтындары белгілі. Оларға бейнелеу құралын дұрыс қолдануды үйретіп, штрих, дақ, тушевка, градация ұғымдары туралы мағлұмат беру керек.

Штрих, дақ, нүкте - суреттің басты мәнерлеу құралдары. Оны меңгеру үшін ұзақ және жиі жаттығу керек. Төменде бірқатар жаттығулар ұсынылады.





3 шаршыны әртүрлі материалмен бояу. (тушевка) (қарындаш, қалам, фломастер)



Нүктемен сурет. Басты құралдар қара фломастер, қалам, қарындаш болуы мүмкін. Формат көлемі аса үлкен емес, шағын болғаны дұрыс. Мысалы А5, А4 формат. Себебі нүктемен жұмыс үлкен шыдамды қажет етеді. Ал жұмыстың тым ұзаққа созылуы оқушыны жалықтырып жібетіні сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет