Макропрепарат №1. Жіті катарлы бронхопневмония. Өкпенің жоғарғы және жүрек бөліктері зақымдаңған: көлемі ұлғайған, түсі күрең-қызыл, көкшіл реңді (әдетте қызғылт түсті), консистенциясы нығызданған (әдетте серпімді ). Макропрепарат №2. Созылмалы ірінді-қатарлы абсцесстенген бронхо-пневмония. Өкпе үлкейген, оның сырты кедір-бұдырлы, түсі сүрғылт, нығызданған. Мүше тілігінің бетінде көптеген, ақшыл түсті, жүзім шоқтарына ұқсаған кішкене ошақтар және үлкенді-кішілі, іріңмен толған қуыстар (абсцесстер) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |