Өкпе ұлғайған, бозғылт түсті, жұмсарған (мамық тәрізді), кескен кезде одан сытырлаған дыбыс естіледі, тілік беті құрғақ. Макропрепарат №4. Қара малдың интерстициялық эмфиземасы. Өкпе бөліктері аралығындағы дәнекер ұлпа тым жуандаған, мөлдір, көпіршікті. Өкпе жарақаттанғанда, жөтелген кезде өкпе ұлпасы жыртылады да, оған ауа кіреді № 57 б гистопрепарат. Торайдың катарлы пневмониясы. Бронхтар түтігі эозинмен боялған катарлы экссудатпен толған, кілегейлі қабықтың эпителий торшалары дистрофияға ұшыраған, олардың кейбіреулері іргесінен ажыраған; бронхтарды қоршай гистиоциттер мен лимфоциттер жиынтықтары пайда болған. Капиллярлардың шамадан тыс қанға толуына (гиперемияға) байланысты альвеолалар арасы қалыңдаған, олардың қуысы сарысулы экссудатпен толған. Экссудат зозинмен боялған қызғылт сұйық заттан, азғана нейтрофилді лейкоциттерден, іргесінен ажыраған альвеолалардың эпителий торшаларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |