Сабақ Тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу»



Дата25.08.2017
өлшемі19,18 Kb.
#26335
түріСабақ
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу»

Дайындаған: Нурманова К


Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.


Сабақтың үш мақсаты:
1. Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету. Есеп шығаруға дағдыландыру, теңдеулерді шешуге, оны дұрыс жазуға үйрету.
2. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі.


II. Ауызша жаттығулар.
1. Мына ондық бөлшектердің арасында орналасқан натурал санды тап.
а) 8, 5<х<9, 5
б) 0, 23<х<1, 7
в) 99, 9< х<10, 1
Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес белгі карточкаларын көтереді.
2. Мына ондық бөлшектерді оқыңдар. 15, 3764; 153, 764; 1, 53764.
4. Сандарды салыстыр: 8, 14 * 7, 82
9, 14 * 9, 1456
0, 075 * 0, 065
9, 001 * 9, 01
2, 91 * 2, 91000
0, 627 * 0, 672

III. Үй тапсырмасын тексеру.

IV. Білім бекітуге берілетін жаттығулар.

1) Амалдарды орындап, нәтижесін өсу ретімен орналастыр. Шыққан нәтиже бойынша философ, математик, физик ғалымының аты - жөнін оқы.


а) 0, 25 + 0, 46=A
б) 13, 123 + 5, 024=И
в) 38, 4 + 2, 06778=Е
г) 0, 83 + 1, 6079=Р
д) 5, 607+0, 193=Х
е) 9, 004+0, 193=М
ж) 0, 251+47, 749=Д
Жауабы: (АРХИМЕД).

V. Тақырыпты оқуды жалғастыру.

а) х -(9, 5+0, 49)=5, 04


х - 9, 99=5, 04
х=5, 04+9, 99
х=15, 03
Жауабы: х=15, 03

б) х -(1, 2+2, 71)=4, 99


х - 3, 91=4, 99
х=4, 99+3, 91
х=8, 9
Жауабы: х=8, 9
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есептеңдер:

1)1,245+(0,755+3,02);

2) (2,716+12,3)+4,284;

3)91,125+(0,83+8,875);

4) (134,06+16,03) +5,94);

5) 612,007+(38,003+6);

6) (16,01+3,99)+15,3;

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептеңдер:

1) 310+8,51;

2) 9,65+5,34;

3) 7,21100+ 16,29;

4) 6,01+16,21;

5)18,35+3,15;

6)27.750+2,36:


VI. Үйге тапсырма \есептер құрастыру және шығару\


VII. Сабақты қорытындылау


VIIІ. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет