Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
|
Мектеп: С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы № 10 орта мектеп
|
Күні:24.01. 20 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Наршибаева Гульнара Эдиковна
|
Сынып: 5 кл
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.2.25. бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушы
Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады;
Бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштері болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаза біледі;
Анализ.
Бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштері болмайтын жай бөлшектерді ғана ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын анықтайды;
Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіреді;
Қолдану. Есептер шығарып, жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазады.
|
Сабақ түрі
|
Жаңа білімді меңгеру
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады;
Пәнге тән лексика мен терминология: ондық бөлшек, алымы, бөлімі, қысқартылмайтын бөлшек, үтір, үтірден кейінгі таңбалар саны, ...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұптық жұмыс кезінде құрбысының пікірін тыңдай білу, ашықтық, ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін құрастыру кезінде қазақ тілі пәнімен,бағалау бөлімінде өнер пәнімен кіріктірілу жүзеге асады..
|
Бастапқы білім
|
Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы, жазылуы.
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
|
Бірінші сабақтың басы
1 минут
3 минут
10 минут
|
1.1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын байқау
1.2.Оқушылардың зейінін шоғырландыру:
Жұпқа бөлу.
Мақсаты: Өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа өту.
Оқушыларға жай бөлшектер және ондық бөлшектер тақтаға жазылады. Қосымша 1.
Тең бөлшектерді табу арқылы жұптар құрады.
Мұғалім бөлшектердің дұрыс сәйкестендірілуін қадағалайды, қажет болса оқушыларға көмек көрсетеді.
Дағды: Білу және түсіну
Бағалау: Оқушылардың ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болатынын біліп және түсінгендігін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалаймын.
1.3.Алдыңғы материалды қайталау.
Мақсаты: Жұпқа бөліну мысалдарын талдай отырып, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін құрастыру
Әр жұп өздерінің қолындағы мысалдар арқылы қорытынды жасайды.
Дағды: Анализ.
Бағалау: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмінің дұрыс құрастырылғанын қолдай отырып, бас бармақ әдісімен бағалаймын.
|
Ресурстар
|
Бірінші сабақтың ортасы
2 минут
12 минут
15 минут
|
2. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады және оқу мақсатын айқындайды.
2.1. Жеке жұмыс.
Мақсаты: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дағдысын қалыптастыру.
Оқушылар оқулықтағы № есепті дәптерлеріне орындайды.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі.
Дағды: Қолдану.
Бағалау: Оқушылар тақтада көрсетілген дайын жауаппен салыстырып, өздерін өздері бағалайды.
3.1.Ұжымдық жұмыс.
Мақсаты: Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету.
Мұғалім жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырудың екі әдісімен таныстырады.
Дағды: Білу және түсіну
Бағалау: Оқушылардың жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын біліп және түсінгендігін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалаймын.
|
Т.А.Алдамұратова, Математика. Жұмыс дәптері.-Алматы:Атамұра, 2015.-128бет.
|
Бірінші сабақтың соңы
2 минут
|
4. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Мақсаты: Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыра білуді оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтау.
стикерлер арқылы
Дағды: Анализ.
Бағалау: Сабақ барысындағы оқушылардың жұмыстарын қорытындылап мадақтау немесе ұсыныстар айтамын.
Үйге тапсырма: №
|
Т.А.Алдамұратова,Е.С. Байшоланов Математика 5.
2-бөлім, Алматы:Атамұра, 2015.-176 бет.
|
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушылар:Топтық және жұптық жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын.
Қабілеті орта оқушылар: сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі
Қабілеті төмен оқушылар:
Деңгейлік сұрақтар
Мұғалімнің қолдауы
|
-Ынталандыру,қолдау көрсету, бағалау түрлері;
|
Бөлме температурасының қалыпты болуы қадағалып отырады;
Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|