Мәтінмен жұмыс
«Өркениет» ұғымы. Егер өркениет деген не деген сұрақ қойылса, оған жауап беру оңай болмайды, себебі «өркениет» ұғымының 200- ден астам түсінігі бар.
«Өркениет» ұғымы нақты бір түсінікті білдірмейді, ол, негізінен:
«Мәдениет» ұғымының синонимі;
қандай да бір шектеуді аумақтағы локальды (аймақтық) мәдениеттің белгілі бір даму деңгейі;
адамзаттың тарихи дамуының кезеңі;
қандай да бір аймақтың немесе этностың даму деңгейі секілді мағыналарына ие.
Өркениет сөзі (лат. «сivis» - азаматтық;- қалалық, мемлекеттік деген сөзден шыққан. Антикалық уақытта да, орта ғасырлар кезеңінде де өркениет («silvaticus» - ормандық) жабаиы, дөрекі деген сөзге қарама-қарсы мағынада қолданылған.
«Өркениет» ұғымы - қазіргі замандағы қоғамтану ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі, оны ғылымға француз ағартушылары (Ф.М.Вольтер, Д.Дидро, Ш.Л.Монтескье, Үлкен Мирабо) енгізді. Олар бұл ұғымды тек бір мағынада қолданып, өркениеттілікті ақыл-парасат пен әділдік салтанат құрған қоғам деп сипаттады.
«Өркениет» ұғымы – қазіргі замандағы қоғамтану ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі, оны ғылымға француз ағартушылары (Ф.М.Вольтер, Ш.Л.Монтескье, Д.Дидро, Үлкен Мирабо) енгізді.
Өркениетті әр уакытта әрқалай түсінген:
Бостандық, әділдік және кұкық салтанат құрған азаматтық қоғамның келбеті (Ф.М.Вольтер, Ш.Л.Монтескье, Д.Дидро);
Жабайылық пен тағылықтан үстем болған, адамзаттың тарихи даму кезеңі (Л.Морган, К.Маркс, Ф.Энгельс);
дамудың белгілі кезеңінде тұрган коғам (О.Тоффлер, У.Ростоу):
адамдардың тарихи қауымын өзге құрылымдардан ерекшелейтін, өзіндік экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани, құндылықтар тұтастығы (А.Тойнби);
мәдениеттегі тұтастыктың пайда болуы (С.Хантингтон, К.Ясперс);
қандай да болмасын мәдениеттің соңғы эволюциялық сатысы: иңдустрия мен техниканың дамуын бейнелеп, әдебиет пен өнердің тоқырауын адамдардың үлкен қалаларға шоғырлануын: халықтың өзіндік болмысынан айырылып, қалың тобырға айналуын сипаттайды (О.Шпенглер).
Достарыңызбен бөлісу: |