Сабақ тақырыбы Ортақ тақырып Баға «Тағам және сусын», «Дені саудың, жаны сау»



Дата23.08.2017
өлшемі132,92 Kb.
#25365
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп : Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп

4A бөлім:

Күнделікті өмірдегі есептеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Айғарақова. Қарлығаш

Сынып: 1

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Ортақ тақырып

Баға

«Тағам және сусын», «Дені саудың, жаны сау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1. Сандар және өлшемдер

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері.

1.3.6. 1тг,2тг,5тг,10тг,20теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау


Сабақ мақсаттары

Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі.Бір-бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады. Өз  бетінше  шешім  қабылдап,  қорытынды  шығарады.

Жетістік критерилері


Барлық оқушылар білу керек:

Монета (теңге) номиналдарды таниды, атайды, тауардың ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады

Көпшілігі:

Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Өз бетінше қорытынды шығарып, ой-пікірін білдіре отырып, төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады

Бағалау критерийі

Монеталар мен олардың тобын салыстырады.

1 тг,2тг,5тг,10тг,20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды.

Күтілетін нәтежие

*Бағаның не екенін білетін боласың;

*Монеталардан қажет соманы құрастыруды үйренесің.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Тиындар, ақша құны, баға,теңге, жалпы сан, қалдық ақша, қайтарым.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

• … теңгеге не сатып алар едің?

• Сенде осы теңгелер болса, сен не сатып алар едің?

• Бұл зат қанша тұрады?

• Төлеу үшін қандай монетаны пайдаланасың?

Ақша (монета) артылып қала ма? Қандай монетамен төлейсің/ қайтарым аласың ба?

Ақша-деньги-money, монета-монета - coin



Тірек сөздер

Теңге, ақша, баға,құн,сома

Құндылықтарды

дарыту

Құрмет,еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ана тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңгені тану. Монеталар туралы сен не білесің? тақырыбы қарастырылған.

Сабақ барысы










Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын

2).Балалардың көңіл -күйлерін сұрау. «Бас бармақ» әдісі

Көңілсіз Көңілді



Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Сабақ ортасы
3 минут

2 минут


7 минут

12 минут



5 минут

1 (Т) «Мозайка құрастыру» арқылы сабақтың тақырыбын ашу

-Мозайканы білеміз бе , оқушылар?

-Оны қалай пайдаланады?

- Дұрыс. Енді алдарыңда мозайкалар жатыр.Осы мозайканы дұрыс құрастырып шықсаңдар келесі бетінен сурет шығады. Ол суреттің не екенін білгілерің келе ме?Олай болса мозайка құрастырып ойнап көрейік.

-Суреттен не шықты? ( Монеталар)

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Баға ».

-Сабақтың мақсаты: Монеталарды танып және айыра білу, заттардың бағасына сай ақшамен төлем жасай білу.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не үйренеміз, не білеміз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Монетаны (Теңгелерді) ажырата аламыз;

Заттарға төлем жасай аламыз.

Үш тілде айтып көрейік.



Ақша-деньги-money, монета-монета - coin

(Ұ) Топ аттарын таныстыру

Сабағымызды бастамас бұрын әр ауылдың аты болатыны сияқты әр топқа ат қойып алайық.

1- топ : 2 теңге

2- топ : 5 теңге

3-топ : 10 теңге

4-топ: 20 теңге

Монета туралы білімімізді пысықтап көрейік.

№2 (Т) «Математикалық » ойын

Оқушылардың монета туралы білімдерін қайталау мақсатында кестеде берілген монеталарды өсу және кему ретімен орналастыру.



Өзара тексеру және бағалау

Мұғалім тақтада дұрыс жауаптарды шығарып көрсетеді.Топтар парақшаларын ауыстырып, бір-бірінің парақтарын тексеріп, мөр таңбасы арқылы бағалайды.


3(Т)Белгілі бір соманы әртүрлі монеталар арқылы бірнеше тәсілмен жинауға болады.

Дескриптор:

*Бірнеше монеталар жиындығының құнын салыстырады;

*<,=,> таңбаларын дұрыс қолданады.

Дәптермен жұмыс: Дәптерде берілген монеталарды өз ара салыстырып жазады.

4(Ж) «Дүкен » ойыны

Сыныпта жұппен жұмыс жасайды. Тақтада ілінген суреттердің арасынан тағамдарды таңдап алып, құнын есептеп монетамен төлем түрін көрсетеді.

-Балалар, біз сендермен қандай бөлімді оқуды бастадық?

-Тағам және сусын

-Ендеше, мен сендерге «Дүкен » ойынын ойнауды ұсынамын.



/мұғалім ойын ойнаудың шартын түсіндіреді/

Алдарыңда дүкенде азық- түліктер берілген соған қарай отырып таңдауларың бойынша жұбыңмен бірігіп екі тағам түрін

сатып аласыңдар.Алған тағамның ақысын монетамен төлеп көрсетесіңдер.

Бағалау: Монеталар арқылы бағалаймын.

Сергіту сәті:

5(Ө)Оқулықтағы тапсырманы өз бетімен жеке жұмыс түрінде беру Өз бетімен жұмыс практикалық түрде орындалады.



Дескриптор: - Құны әртүрлі монеталарды қолдана отырып, қажет соманы түрлі тәсілмен жинақтайды.

Бағалау: Монеталар арқылы бағалаймын.

Топты бағалау үшін 5 салыстыру арқылы








13тг




13тг




13тг




13тг






Сабақтың соңы

5 минут


Бекіту сұрақтары:

- Теңге дегеніміз не?
- Теңге монетасында не бейнеленген?

Кері байланыс:

-Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және вагонға отырғызып , өз таңдауын түсіндірсін.

-Кім критерийлерге жетті?

-Қандай қиындықтар болды?

-Қандай тапсырма қызықты болды?


Сабақтың басында жазылған критерийлер мен маркерлер
Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер

Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын.

Нұрболдың тиын салғышында 2 теңгелік бірнеше монета бар. Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер. Тиын жинағышта қанша ақша бар? Осы соманы тек 1 теңгелік монеталардан жинаса,оның неше монетасы болар еді?5тг-ден жинаса ше? 10тг-ден жинаса ше?

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Ықшам сабақта өз мақсатыма жеттім. «Математикалық» ойын арқылы өткен сабақты қорытып,жаңа сабақты оқушылар «Мозайка» құру арқылы жаңа сабақты оқушылар өздері ашып алады. «Дүкен» ойыны арқылы оқушылар ұжымдық және топтық жұмыстарда балалар өз ойын еркін жеткізіп сөйлеуге калыптасады.Айтылым ,оқылым,тыңдалым,жазылым 4 дағдыларын негізге ала отырып,сабақты «дүкен» ойыны,өздік жұмыс пен жұптық жұмыс,топтық жұмыстар жүргізіп, Оқушыларды 5теңге арқылы бағалаймын.«Қызықты вагон» әдісі арқылы оқушылардың білімдерін қадағалаймын.

Дескриптор құрастырамын.

Дәптерде жұмыс кезінде партада дұрыс отыру ережесін сақтауды қадағалау.Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.Сабағым жүйелі түрде жүрді. Сабағымды уақытында бастап, өз уақытында аяқтадым.

Осы курста 5 пәннен ықшам сабақ жүргізе отырып,ықшам сабақты құруды үйрендім.

Күзгі демалыста «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру шеңберінде жүргілілетін тақырыптық күндер.

31 қазан –Патриот күні «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша іс- шара өткізілді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет