Оқушыларға жолда жүру ережесін естеріне түсіруді ұсынамын. Көлік құрал дары қозғалысының әртүрлі бағытына назар аудартамын. Түрлі көлік құралдарының қалай қозғалатыны туралы бейнежазбаны көрсетемін.
Терезеден сыртқа қарауды,
Сыныптан - сыртқа шығуды өтінемін.
Көлік қалай қозғалады?
Адамдар қалай қозғалады?
Қозғалыстың ізі. Суреттерге назар аударыңдар.
-Оның қайсысында қозғалыстың ізі көрінеді?
(Біріншісінде, ұшақтан.)
-Тағы қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? (Суда.)
- Жолдағы көліктің ізін көруге бола ма?
-(Тек жаңбырлы күні, соқпақ жолда.)
Осы жерде оқушылармен шағын зерттеу жұмысын жасап жіберемін ылғал құм салынған табақтың бетінен кішкентай ойыншық көлікті жүргіземін. Сонда балалар көліктің траекториясын көре алады. Тағы да қосымша сол топырақ үстінен допты домалатып доптың траекториясын бақылайды.
- Ізіне қарап нені білуге болады?
- (Көліктің қалай жүргенін.)
- Доптың құмдағы ізі қандай?
-(Ирек ирек болды)
-Кез келген нысан жай көзге көріне ме, жоқ па, соған
қарамастан белгілі бір сызық бойымен қозғалады . Бұл сызық траектория деп аталады.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз?
-Қозғалыс траекториясы (оқушылар) Оқушылар болжам жасайды, өздері тақырыпты анықтайды. Оқушылар үш тілде Сызық - линия - line.
Траектория – траектория – Trajectory сөздерді қайталап айтып тілдерін жаттықтырады.
Тапсырма:
«тапсырма » тәсілі.
Дәптермен жұмыс.
29 жұмыс парағы. Көліктердің қозғалыс траекториясы.
Траекторияны таңда.
Көлік суретін оған сәйкес келетін траекториямен қос
Суретті боя
Бағалау:Оқушылар жұптасып бірін бірі бағдаршам арқылы (Мысалы, Жасыл түс өте жақсы. Сары түс жақсы. Қызыл түс қанағаттанарлық ) бағалайды
|