Сабақ тақырыбы Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы, бүйір беті және толық бетінің аудандары Сабақ түрі



бет3/7
Дата13.11.2022
өлшемі299,78 Kb.
#157904
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 геом-2

Деңгейлер бойынша жеке жұмыс
Деңгейді оқушылар өздері немесе мұғалімнің нұсқаулығымен таңдайды.

Базалық деңгей
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 3 және 7 см-ге, ал бүйір жақтың сүйір бұрышы 450-қа тең. Пирамиданың толық бетін есептеңіз.
Жауабы: Sт.б. = 98 см2.
Дескрипторлар:



Негізгі деңгей
Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының биіктіктері 6 және 9 см-ге, ал табанындағы екіжақты бұрышы 600-қа тең. Пирамиданың толық бетін есептеңіз.
Жауабы: Sт.б. = 69 см2.
Дескрипторлар:

  • есептің шарты бойынша сызбаны салады;

  • үстінгі және төменгі табандарына іштей сызылған шеңберлердің радиустарын табады;

  • пирамида апофемасының ұзындығын табады;

  • пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;

  • пирамиданың толық бетінің ауданын есептейді.



Тереңдетілген деңгей
Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 3 және 6 см-ге тең. Пирамиданың бүйір қыры табан жазықтығына 600 бұрышпен көлбеленген. Пирамиданың толық бетін есептеңіз.
Жауабы: Sт.б. = см2.
Дескрипторлар:

  • есептің шарты бойынша сызбаны салады;

  • үстінгі және төменгі табандарына сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;

  • пирамида биіктігінің ұзындығын табады;

  • пирамида апофемасының ұзындығын табады;

  • пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;

  • пирамиданың толық бетінің ауданын есептейді.

Осы уақытта мұғалім бақылау жүргізу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Оқушыларға жеке кеңес беру» техникасын қолданады: оқушылардың түсіну деңгейін тексеру мақсатында оқушылармен жеке сұхбаттасу жүргізеді. Дәл осылайша әрбір оқушыға бұл іс-әрекет бойынша кері байланыс беріледі.




Уақыт шыққан соң оқушылар өзін-өзі бағалауды ұсынылған дескрипторлар бойынша жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет