Жауап: Әрбір су бөлшектері жерге жақындаған сайын тез қозғалады (жердің тартылысы көп) және сығылады, өйткені су ағыс жылдамдығы көп кезде қысымы аз, ал сырттан қоршап тұрған ауа жылдамдығы аз, қысымы көп, сондықтан ауа суды қысады, сонда су сығылады да жіңішкереді.
Слайдтар
Бағалау парақшасы
Сабақтың ортасы 30 минут
3 тапсырма. Жеке жұмыс. Тест тапсырмасы (10 сұрақтан тұрады)
4-тапсырма (жұппен жұмыс) Ыстық күні егінді түнде суарған дұрыс. Неге күндіз суарған тиімсіз? (күндіз кебу шапшаң болады, сондықтан топырақ ылғалды бойына жақсы сіңіре алмайды)
Ит жүгіргенде неге тілін шығарады? (кебу үдерісі тезделеді де, ит денесі салқындайды)
Көптеген өсімдіктердің жапырақтары мен гүлдері күн ысығанда бүріседі де, кейін қайта қалпына келеді. Неге? (өсімдік жапырағы мен гүл бүршігінің бет ауданы кішірейеді де булану үдерісі баяулайды. Осыдан барып тіршілікке қажетті су мөлшері үнемделеді)
Бөлме ішіндегі ауа температурасы төмендегенде, неліктен ылғалдылық байқалады? (температура төмендегенде ауадағы су буы конденсацияланады)
Қыстың күні үй ішінде адамдар көп жиналса, терезе әйнегі терлейді. Неліктен?
Есептер шығару. (кестемен жұмыс) 1-қадам Құрғақ термометрдің көрсетулері 160С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 20С
Құрғақ термометрдің көрсетулері 190С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 50С
Құрғақ термометрдің көрсетулері 210С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 50С
Құрғақ термометрдің көрсетулері 250С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 70С
Құрғақ термометрдің көрсетулері 280С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 40С
Құрғақ термометрдің көрсетулері 300С, құрғақ және ылғал термометрлердің көрсетуінің айырмасы 80С