Сабақ тақырыбы: Сен қанша тіл білесің? Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік



Дата26.08.2017
өлшемі85,24 Kb.
#29164
түріСабақ
Жалпы білім беретін №2 орта мектеп

Атырау қаласы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ТАҚЫРЫБЫ: «СЕН ҚАНША ТІЛ БІЛЕСІҢ?»

9-СЫНЫП


(ОРЫС ТІЛДІ)

Орыс сыныбындағы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі,

І (ілгерінді) деңгей, жаңартылған білім беру мазмұны тренері, педагогика ғылымдарының магистрі Н.И.Унгаралиева

2016-2017 оқу жылы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 9 (орыс тілді)

Сабақ тақырыбы:

Сен қанша тіл білесің?

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Мәтіндер арқылы тіл үйрену жайлы ақпарат беруге төселдіру. Лексикалық тақырып аясында сөз тіркесін меңгерту. Жаңа тақырып аясында топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.

Тілдік қатынас барысында тілді құрметтеуге тәрбиелеу.



Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тілдік үлгілер арқылы өзі білетін тілдер жайлы айтады, ол жөнінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы өзі білетін, үйренгісі келетін тілді сипаттайды.



Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): өзі үйренуді армандайтын тіл жайлы сипаттама мәтін құрайды, сұхбаттасады.

Негізгі түсініктер:

Экзотикалық тілдер, таралым, мүмкіндігі кең тілдер, көптілді маман — полиглот, шешен сөйлеу, қызыл тілдің иесі, ресми тіл.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, смайликтер, видеолар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, әліпби желісі «А,Ә,Б», «Бәйтерек» әдісі, «Конверт-тапсырма» , «Жылдарды сөйлету», «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойыны, ««Серпілген сауал» әдісі, «Шағын шолу» тәсілдері, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Пәнаралық байланыс

Орыс, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(2 минут)

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға дөңгеленіп қиылған түрлі-түсті қағаз бен маркерлер таратады.

Оқушылар қағазға маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Мұғалім қазақ тілінде оқушылармен амандасады.

Оқушылар әр түрлі тілдерде амандасады.

Тілдер бойынша топқа бөледі.

Тілдер бойынша топқа бөлінеді.

Өткен сабақты тексеру
(4 минут)

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Әліпби желісі «А,Ә,Б»



Әріптерді пайдалана отырып кезек-кезекпен берілген тапсырманы дауыстап айтады. Әріптер алу арқылы тапсырмаларды орындайды.

Бағалау - «Бәйтерек» әдісі

Өткен тақырып бойынша өздерін бағалау.



Плакаттағы Бәйтерек суретіне өз деңгейлеріне сәйкес атттарын жазып стикерлерді орналастырады

І. Қызығушылықты ояту

(3 минут)


Оқушыларға Отырар мен

Әл-Фараби туралы тақырыпқа қатысты дайындаған видео көрсетеді. Көргендерін айтады.



Видеоны сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану
(2 минут)

(5 минут)

(3 минут)

(2 минут)

(4 минут)

(2 минут)

(2 минут)


1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

І топ


А) Жазылым.

Дұрыс, сауатты жазу үшін

1-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Жазылым.

ІІ топ


Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Тілдесім.

ІІІ топ


«Конверт-тапсырма» конвертке Елбасының сөзі жазылып беріледі, сөз тіркесіне талдату.


Жазылым. Сөз тіркестерінің сыңарларын дұрыс тауып, оларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.

Айтылым. Жазылым. Тірек сөздерді пайдаланып, суретте бейнеленген тұлғаны сипаттайды, тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын тауып жазады.

Айтылым. Тілдесім.

Конверттегі сөйлемнен сөз тіркесін құрап, талдайды. Пікірлерін ортаға салады.



3. Грамматика. Топтарға сөз тіркестері беріледі, ереже шығарта-ды. Сөз тіркестерін меңгертеді. Қызыл алма – алма қызыл

Жағасын ұстау – ұстау жағасын



Ереже шығарады, сөз тіркестерін меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс.

А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, машықтан-дыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады.



Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 5, 6, 7-тапсырманы орындатады.

Ітоп


Мәтінге тақырып қойып, жоспар құру.

ІІ топ


Сөз тіркестерін құрастыру, талдау.

ІІІ топ

Тұрақты тіркестерді сәкестендіріп жазу, сөйлем құрастыру.


Айтылым. Жазылым.

Мәтінге тақырып қойып, жоспар құрады, сөз тіркестерін құрастырады, талдайды, сөйлем құрастырып жазады, тұрақты тіркестерді сәкестендіріп жазады.



Сергіту сәті

«Жылдарды сөйлету»



Партаның астына жапсырылған сандар мен қабырғаға ілінген оқиғаларды сәйкестендіреді.

5. Мәтінсоңы жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы

9-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Сұрақтарға ауызша жауап береді, мәтін құрастырады. Мағынасын түсіндіріп айтады.

Бағалау – «Бағдаршам» бағалау парақшасы

Жаңа сабақ тапсырмаларын қандай деңгейде орындағандарын бағалайды.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

(4 минут)

Видео тапсырма

Мақалда түсіп қалған сөздердің аудармасын таптырады.



Мақалда түсіп қалған сөздердің қазақша, орысша, ағылшынша аудармаларын табады.

ІІІ. Ойтолғаныс

(3 минут)

Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушы-лардың ой-өрісін дамыту үшін «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: әр жұпқа жаңа тақырып бойынша бір сөз беріп, оқушылардың әрқайсысына түсінікті болатындай сипаттап беруін сұрайды.

Әр жұп өзіне берілген сөзді түсіндіріп береді.

IV. Бекіту

(4 минут)

«Серпілген сауал» сұрақтарға жауап беру.

Допқа сұрақ жазып бір-біріне лақтырады, жауап береді.

Тест А,Ә,Б,В.

А,Ә,Б,В әріптерін көтеру арқылы жауап береді.

V. Бағалау

(2 минут)

Формативті бағалау.

«Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.



Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

(1 минут)



Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау. Хатқа жауап жазу. (жазбаша)

«Сыр сандықтағы» сөздердің мағынасын талдау, есте сақтау. (ауызша)

86 бет


VII. Рефлексия

(2 минут)



Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.

«Сұрақтары бар қорап» беріледі.

Оқушылар сұрақтарын жазып қорапқа салады, келесі сабақта талданады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет