Әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: 2
|
Мектеп:№ 25
|
Күні:13.05.16
|
Иманбаева Ж Е
|
СЫНЫП: 2 «а»
|
Қатысқандар: 8
|
Қатыспағандар:0
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»
|
Оқу мақсаттары
|
оқушылар оқыған мәтінді түсінеді,
өз ойларын еркін айта алады,
сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады,
өз-өздерін бағалай алады
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар айта алады:
Құстардың үні, дыбыстауы туралы ақпарат алады
Көпшілігі орындай алады:
Құстардың пайдасын мен зияны турады ойланады, дәлелдей алады
Өздерін өздері бағалай алады
|
|
|
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар меңгермеген өткен тақырыптар немесе алдыңғы сабақтағы мәселелер қаралынады
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы (0-6минут)
|
«Атом, молекула» ойыны.
оқушылар «атом» дегенде жан-жаққа тарап, әр түрлі бағытта жүреді, ал «молекула 4» дегенде барлығы төрт-төрттен жинала қалады. Әрине, әр түрлі сандарды айтуға болады
Топқа бөлу: Фамилия алфавиті реті бойынша
|
Проектор, колонка
Оқулық
Стикер, маркер
А3 парағы
Стикер, маркер
А3 парағы
|
Ортасы (30 – 35 мин аралығы)
|
АКТ көмегімен құстардың үнін тыңдау
Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» өлеңді оқыту, бір-бірін түсінгенін айту. Бірінші топ бұлбұлдың сөздерін дайындайды, екінші топ тоқылдақтың сөздерін дайындайды.
жаңа құстардың үнін тыңдадыңдар, енді өлең мазмұны туралы не айта аласыңдар?
Рольдік көрсетілім.
Критерийлер бойынша оқушылар бағаланады
Түсініп оқу
Кідіріссіз сөздерін айту
Рольге еніп оқу
оқушылар өздері бір- бірін бағалайды
Музыкалық сергіту сәті:
«Көңілді күн»
«Стикердегі диалог» стратегиясы
Әр топтан бір оқушы қорғайды
А3 «Табиғаттағы тіршілік иелері өздері-өздерін асырайды» деген пікірді дәлелдеңдер
А3 «Ағаш діңіндегі құрттардың әлденеге пайдасы болуы мүмкін бе? Қандай?»
Стикерге жазып, пікірлерін білдіреді
Міндетті түрде екі топтардың оқушылары жұмыстарын аяқтап, бір-бірін тыңдайды. Жауаптарын толықтырады
|
Соңы (5-10 минут)
|
«Рефлексиялық нысана»
Тақтаға нысана суреті ілінеді, оқушыларға сабақ ұнаған болса, дәл ортасына стикер қойып, пікірін жазып жабыстырады, ал мүлдем ұнамаса, қызықсыз болса нысанадан тыс жабыстырады. Сабақты бағалауына қарай стикерлер нысананың 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3 жолдарына жабыстырады.
Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді
|
Достарыңызбен бөлісу: |