Дәрілік препаратқа жататын өнертабыс үшін оны орындаудың препараттық нысаны мен дозасы туралы мәліметтер келтіріледі. Егер өнертабыс жалпы құрылымдық формуламен сипатталатын, белгіленген құрылымы бар химиялық қосылыстар тобына (қатарына) жататын болса, алу тәсілінің жалпы схемасын, сондай - ақ топтың (қатардың) нақты қосылысын алу мысалын келтіру арқылы топтың (қатардың) барлық қосылыстарын алу мүмкіндігі расталады, ал егер топ (қатар) химиялық табиғаты бойынша әртүрлі радикалдары бар қосылыстарды қамтыса-осы әртүрлі радикалдармен қосылыстар алу мүмкіндігін растау үшін жеткілікті мысалдар.