Сабақ тақырыбы Тамақтану рационы. Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар



бет1/5
Дата09.02.2020
өлшемі2,65 Mb.
#57518
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 Жаратылыстану 6 сынып Тамақтану рационы Органикалық заттарды тестілеу. ҚМЖ.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Тамақтану рационы.

Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру

6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу



Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • тағамның құрамындағы адам ағзасына қажетті заттармен танысу;

  • қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін анықтау;

  • азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың болуын анықтау;

  • сапалық реакциялардың нәтижесін талдау.

Бағалау критерийлері

Ағза үшін көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су маңызын түсіндіреді.

Тағам құрамындағы энергия мөлшерін есептейді.

Энергия мөлшері мен қоректік заттардың мөлшерін байланыстырады.

Азық-түлік өнімдердегі көмірсу, май және нәруызды атайды;

Азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеуге қоланатын реакциялармен танысады;

Сапалық реакциялардың ерекшеліктерін сипаттайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар заттаңбадағы (этикетка) ақпаратты қолдана отырып, ауызша түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

крахмал, нәруыз, қант, май, үйлестірілген диета



Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Нәруыз ... атқарады, себебі ...

Крахмал ... атқарады, себебі ...

Глюкоза(қант) ... атқарады, себебі ...

Майлар ... атқарады, себебі ...

Азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда ... ерітіндісін қосып, 800 С- қа қыздырғанда ... түске боялады.

Құрамында крахмал болса, онда ... тамызғанда ... түске боялады.

Азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда ... араластырғанда ерітінді ... .

Нәруыз бар болса, ерітінді ... реакциясының нәтижесінде ... түске боялады


Құндылықтарды дарыту

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыстарды орындау барысында өзгенің ойын тыңдауға үйренеді.



Пәнаралық байланыстар

азық-түлік өнімдерінің бірнеше заттаңбаларын (этикетка) пайдаланып, тағамның құрамында адам ағзасына қажетті заттарды анықтауда химиямен байланыс орнатылады.

Тағам құрамында энергия бар екенін көрсету үшін физикамен байланыс орнатылады.



Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта энергия түрлерімен танысты. Оқушылар термометрді пайдалана отырып температураны өлшей алады. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында азық-түлік өнімдерін заттаңбалары бойынша топтастыру арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
0-5

5-10


1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптық жұмыс барысында азық-түлік өнімдерін заттаңбаларындағы(этикетка) ақпараттар бойынша топтастырады.

Тағамның құрамында адам ағзасына қажетті заттар: көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су болуы керектігін түсіндіреді.

Нәруыз, май және көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар ұсынады, кесте толтырады.

Дескрипторлар

Оқушы

Заттаңбаларындағы ақпарат бойынша топтастырады;

Ағзадағы түрлі қызметтер үшін азық-түлік өнімдерінің маңызын түсіндіреді.

Нәруыздың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар ұсынады.

Көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар келтіреді.

Майлардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар келтіреді.


Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, кері байланыс береді.

2. Ой шақыру.

Оқушыларға қоректік заттардың тәуліктік мөлшері туралы ақпарат ұсынып, неліктен осы мөлшер сақталу керек екендігін талқылайды. Азық-түлік өнімдері құрамындағы заттарды қалай анықтауға болады? сұрағы бойынша пікір алмасады.



3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • тағамның құрамындағы адам ағзасына қажетті заттармен танысу;

  • қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін анықтау.

Қосымша 1

Қосымша 2




Сабақтың ортасы

10-20


20-30

30-37


4. Оқушылар тағам құрамында су және энергия бар екендігін қалай анықтауға болатынын болжайды.

5. Оқушылардың болжамы тыңдалғаннан кейін: тағам құрамында энергия және су бар екенін көрсетіңіз.

Ол үшін:


а) 20cм3 суды жуан түтікке құйып, судың температурасын өлшеңіз. Белгілі мөлшердегі тағам массасын газ жаңғыштың (горелки) үстіне ұстап, жанып жатқан өнімді жанып біткенше сынауық астында ұстаңыз. Содан соң судың соңғы температурасын және қалдық заттың массасын өлшеңіз.

b) Белгілі мөлшердегі тағам массасын шыны ыдысқа салып қыздырып, су тамшыларының пайда болғанын көрсетіңіз.



6. Мұғалімнің түсіндірмесі.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/as-qorytu/lesson/tamaqtanu-zhane-densaulyq

Мұғалім оқушыларды негізгі тамақтану рационымен таныстырады. Негізгі тамақтану рационы - ағзанының тіршілігін сақтау үшін қажетті қөректік заттардың жиынтығы.

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмашылығы болады. Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас ағзаға тек өмірлік үдерістерді қолдау үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл ағзаның өсуі, дамуы, қалыптасуы үшін қажет.

Дұрыс тамақтану міндетті түрде үйлестірілген болуы керек және құрамында барлық қажетті қоректік заттар болуы тиіс. Тамақтану рационын құрастыру барысында дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаты жынысы, жасы және кәсібіне байланысты бейімделуі қажет. Осы сипаттамаларға сәйкес келетін тамақ рационы ағзаның дұрыс дамуының, өсуінің және қызмет етуінің кепілі болып табылады.

7. Сапалық реакциялар.

Мұғалім оқушыларға сапалық реакциялар туралы түсінік береді.

Азық-түліктерді тексеру үшін әртүрлі ерітінділерге белгілі бір азық-түлік түрлерін қосқанда түстің өзгеруін көрсетіңіз. Азық-түліктің құрамында крахмал бар екендігін тексеру үшін йод ерітіндісін, ал нәруызды бар екендігін тексеру үшін биурет ерітіндісін, қантты тексеру үшін Бенедикт ерітіндісін және майдың болуын тексеру үшін этанолды қолдану керек.

1. Егер азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда Бенедикт ерітіндісін қосқанда көк түске, 800 С- қа қыздырғанда қызғылт сары түске боялады.

2. Егер азық-түліктің құрамында крахмал болса, онда йод тамызғанда қара көк түске боялады.

3. Егер азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда этил спиртімен араластырғанда ерітінді бұлыңғырланады.

4. Егерде нәруыз бар болса, ерітінді биурет реакциясының нәтижесінде қанық көк немесе сия күлгін түске боялады.
8. Топтық жұмыс. Топтық зерттеу арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі азық-түлік түрлері(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) құрамында крахмал, қант, нәруыз және майдың бар екендігіне тексеріледі.

I топ - йод ерітіндісімен(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) тексереді.

II топ - Бенедикт ерітіндісімен(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) тексереді.

III топ - Биурет ерітіндісімен(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) тексереді.

IV топ - этанолмен(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) тексереді.

Әр топ тексеру нәтижелерімен өзге топ мүшелерімен бөліседі

Дескрипторлар

Оқушы

- азық-түлік өнімдеріндегі крахмалды анықтайды;

- азық-түлік өнімдеріндегі қантты анықтайды;

- азық-түлік өнімдеріндегі нәруызды анықтайды;

- азық-түлік өнімдеріндегі майларды анықтайды;



-зерттеу нәтижелерін салыстырып, ерекщеліктерін көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.
8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар әр түрлі кәсіп иелеріне арналған апталық «Ас мәзірін» әзірлейді. Мәзірдегі әр компоненттің қызметін сипаттайды.


Дескрипторлар

Оқушы

- дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың шығындайтын энергия мөлшері мен ас мәзірі арасындағы байланысты анықтайды;

- ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың шығындайтын энергия мөлшері мен ас мәзірі арасындағы байланысты анықтайды;

- спортпен шұғылданатын адамдардың шығындайтын энергия мөлшері мен ас мәзірі арасындағы байланысты анықтайды;


Мұғалім кері байланыс береді.


Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7




Сабақтың соңы:

37-40


9. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

«Плюс. Минус. Қызықты» әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс жүргізіледі. Бұл әдіс келесі сабақты өте тиімді, қызықты етіп жоспарлау үшін мұғалімге үлкен көмек болады. Оқушылар Плюс бағанасына сабақтағы ұнаған ақпаратты, әдіс-тәсілдерді, эмоцияларын, минус бағанасына сабақтың ұнамаған жақтарын жазады, ал соңғы бағанаға сабақта білген қызықты фактілерді жазады.


Қосымша 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





азық-түлік өнімдерін заттаңбаларындағы(этикетка) ақпараттар бойынша топтастыру кезеңінде оқушылар жұптарға бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау).

Сабақ барысында әрбір зерттеуді қалай жасау туралы нұсқаулықтарды қолдана отырып, зерттеулер жүргізеді. Зертханалық жұмыс барысында қиындық танытқан оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.



Тағам өнімдерінің этикеткаларын дұрыс реттілікте орналастыру арқылы оқушылар алдыңғы білімдерінің деңгейін көрсетеді.

Мәтінмен жұмыс барысында толыққанды тамақтану рационын құруды меңгергендігін көрсетеді.


Топтық жұмыс арқылы азық-түлік өнімдері(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) құрамында крахмал, қант, нәруыз және майдың бар екендігі тексеріледі.

Әр түрлі тағамдарды жандыруда арнайы ыдысты пайдалану, мұнда бір шетін қысқышпен ұстап тұру қажет.

® = техника қауіпсіздігінің ережесі
 Сынауықтағы суды қыздыру үшін қорғаныш көзәйнегін кию және отты пайдаланғанда сақ болу.

® Этанол мен Биурет ерітіндісімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды қамтамасыз ету.



Қосымша 1



Заттаңбалар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет