Бағдарлама жоспары: Туризм түрлеріне жалпы сипаттама
Сабақ тақырыбы: Тау туризмі. Жаяу туризм
Сабақ мақсаттары
Білімділік: Туризм түрлеріне жалпы сипаттама беріп, түрлері туралы түсінік беру, әдіс-тәсілдерін үйрету
Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік-спорттық
дайындықтарын, икемділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Туристік-спорттық дайындық
Дене тәрбиесі
Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:
Акт
Топшамалар
Карабин, жұмар, дюлфер
Негізгі және көмекші арқандар
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)
Экскурсиялар арқылы туған өлкені танып білуге болама?
Жалпы туризмнің адам, қоғам үшін пайдасы неде деп ойлайсындар?
Қауіпсіздік ережесі дегеніміз не?
Қауіпсіздік ережесін сақтамау қандай жағдайға әкеліп соғады?
Қазіргі уақытты ОЖБТ және ЭО директоры кім?
ОЖБТ және ЭО қандай бағыттарда жұмыс жасайды?
Туристік бивуак дегеніміз не?
Туристік арқандар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
Көмекші және негізгі арқанның айырмашылықтары?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)
Қазіргі кезде жер шарының түрлі аймақтарында экологиялық дағдарыс шиеленіскен жағдайда экологиялық білім мен тәрбие беруге басты назар аударылуда. Осыған байланысты ең маңызды орын туризм мен өлкетануға беріліп отыр. Туризм жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға( темекі тарту, арақ ішу), мықты денсаулық негізін қалыптастыруға , пайдалы , қызық істерге , салауатты өмір салтына тәрбиелейді. Ғалым Ян Амос Каменский табиғатты қорғау қажеттілігі тәрбиелеудің біртұтас жиынтығын құрайтындығын дәлелдеген болатын. Ж.Ж.Руссо табиғаттың даму жолдарын , адамзат болашағының қарышты дамуын алғашқы түсінушілердің бірі болды.Туризм мен экология , табиғатты қорғау мәселесін В.И.Вернадский ,Э.В.Гирусов, Ю.М.ЛотманА.Д.Урсул қарастырды. Біздің облысымызда туристік - өлкетану бағытындағы жұмыстарды жолға қойып, ол туралы зерттеу жүргізіп жүрген В.П.Фомин, Г.Г. Невзоровтардың зерттеу еңбектері бар.
Бір сөзбен айтсақ туризм дегеніміз жастар үшін - саяхат жасау, ол арқылы жетістікке жету, жаңа дүниені танып білу.
Туризмнің түрлері әр түрлі кретерий бойынша бөліп қарастырылады. Олар І. Туристердің мақсаттары бойынша:
- діни туризм дегеніміз – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша қасиетті жерлер мен орындарға бару.
- конгрестік туризм іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, т.б. мақсаттарын жасайтын сапарларымен, осы мақсаттағы немесе ғылыми конференциялар;
- курортық туризм – туристердің демалысын, емделуін белгілі бір дәрежеде қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы;
- өз бетінше ұйымдастырылған туризм – бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізген жорықтары;
- экскурсиялық немесе танымдық туризм – туристердің белгілі біржердің табиғи ерекшеліктерінен, табиғи мәдени орындарымен, ұлттық этнографиялық салт – дәстүрімен танылу.
Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты – ат туризмі кейінгі кезде кең тараған. Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал – жабдықтарды және аттарға әбден күтім жасауын талап етеді.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады. Халықаралық туризмі мынадай түрге бөлінеді:
келу туризмі, Қазақстан республикасының аумағына тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы жеріндегі саяхатын айтады.
шығу туризмі Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын адамның басқа елге саяхатын айтады.
- ішкі туризм Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағындағы тұрақты тұратын адамның Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты. Ішкі туризімінің мынадай түрлері бар: Әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, әскерлік, конгрестік, емдеу – сауықтыру, мәдени - танымдық, діни және т.б.
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар, азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі.Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс. Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
Жаяу туризм артықшылықтары:
Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Тау туризмі – биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі.Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.
Таулар орналасуына,қалыптасуына қарай әр түрлі болып келетіндіктен олардың беткейлері тік,көлбеу градустарға бөлінеді.Бұлардың өзі жорық қозғалысы үшін үлкен кедергі болып табылады.Сонымен қатар беткейлер қиыршық,басты қорымдар мен өсімдік жамылғысымен жамылып жатады. Таулы аймақпен қозғалыс кезінде бұлар басты кедергіге айналады.Теңіз деңгейімен салыстырғанда таулар әр түрлі болғандықтан, бұл аймақта ұйымдастырылатын туристік жорық түрлері де әр түрлі болады.Тау категориялық жорықтары көбінесе биік таулы аймақта ұйымдастырылады.Өйткені бұған қойылатын талаптар мен ережелерге сәйкес келеді.
Тау туризмінде кездесетін кедергілер дәрежесі
Тау туризмінде кездесетін кедергілер әр түрлі дәрежесіне байланысты топтастырылады.
Асулар. Асулар дегеніміз тау жоталарының арасын өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі.Бұл асу категориялары деп аталады.
- Асу категориясы күрделілігіне қарай санмен және әріппен қоса белгіленеді. Яғни күрделі А1 асуы,одан да күрделі 1 асуы және асулар үш деңгейлікке бөлінеді: 1А 1В, 2А 2В, 3А 3В. - Асулар күрделілігінде теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі қар немесе мұз жамылғысының болуы оның маусымдарға байланысты жатуы немесе қозғалыста болуы – Қорымдар мен куә жартастың болуы,тас құлау немесе қар көшкіні болу қаупі, үлкен тастардың болуы,асулар категориясының дәрежесін анықтайды.
Қорымдар. Тау жорығындағы негізгі кедергілердің бірі қорымдар. Қорымдар дегеніміз тау басынан етегіне дейін созылып жатқан белгілі бір бөліктерде ғана кездесетін жылжымалы тас үйінділері. Қорымдар жер бетіне ашық шығып жатқан гранитті тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен мүжілу,үгілу процесінен пайда болады.Үгілу көлеміне байланысты қорымдардың түрі де әр түрлі болады. Қой тасты,кесек тасты және қиыршық тасты қорымдар[1].
Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы. Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.
Тау туризміндегі қиындық дәрежелері
Тау туризмі бұл тек әдемі ғана емес, бұл өте қиын еңбек те болып табылады. Таулардағы жаман ауа-райы, қатты жел, қардың жаууы, +20-дан -20-ға дейінгі температура үнемі кездесіп тұрады. Таулардағы ең қауіпті деген құбылыс лавина болып табылатын шығар. Көптеген туристер, альпинистер және бүтіндей бір топтар осы қар астында қалып қалған. таулардағы биіктік де адам баласы үшін қауіпті, 4000 м. аса биіктік адам өміріне қауіпті болып келеді. Таулы туризмде өзге туризм түрлеріндей қиныдық дәрежелері болады.
Тау туризмінің бағыттары
Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады.
Шаңғы туризмі
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары ( примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Шаңғы жорығын ұйымдастыру
Шаңғы жорығының ерекшeлігі ,біріншіден, қозғалыс құралы ретінде қолданылады,екіншіден,дене шынықтыру,спорттық құрал түріне жатады.
Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. Енді үйренушілер тобы;
2. Шаңғыны толық меңгерген адамдар;
Бірінші топ үшін шаңғы түрлері ерекшелік қолдану тәсілдері керергілерден өту таулы аймаққа арналған түрі болады. Шаңғышылардың аяқты бекіту орындары әр түрлі болып келеді:арнайы ботинкалармен шығатын шаңғылар,тек бекіту орны бар шаңғылар бар.Шаңғы жорықтарының танымдық ерекшелігі сол,ол кез-келген жастағы адамдарға ұйымдастырылуы мүмкін.
Шаңғы трассаларын 3-ке бөліп қарастыруға болады:
1.Үйренуші мен балаларға арналған;
2.Әуесқойларға арналған;
3.Спорт шеберлеріне арналған.
Шаңғы жорығындағы кедергілер
Шаңғы жорығында өзіне тән табиғи кедергілер жіктеледі. Осындай кедергілерге жарлар мен жыралар,шұңқырлар мен шұңғымалар,тастар мен жартастар,өсімдіктер дүниесі,қураған ағаштар және құрылыс қалдықтары.Шаңғымен қозғалу кезінде кездескен кедергілерден өтудің әр түрлі тәсілдері бар.Бұл тәсілдерді шаңғышы толық меңгеруі қажет.Ал,шаңғы қозғалысы дене қимылына тәуелді.Сондықтан шаңғы жорығы дене тәрбиесін қажет етеді.Өйткені шаңғыда бұрылу,тежелу,қозғалысқа келтіру дене қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.Шаңғыға тұрғаннан кейін оны қозғалысқа келтіру,шаңғы таяқшасының көмегімен адымдап жүру,сырғанау тәсілі пайда болады, ал шаңғымен жүру дене нің толық бұрылуымен ерекшеленеді.Шаңғымен шұңғымалардан және бөренелерден өту кезінде салмақ шаңғының ортасына түседі.Шаңғымен беткейге көтерілудің әр түрлі тәсілдері бар.Бұл беткейдің көлбеулігіне байланысты.Егер беткей 15-20 градус шамасында болатын болса,оған таяқша көмегімен адымдап,жылжып көтерілуге болады.20-30 градус шамасындағы биікке жартылай демалып,одан рі мүмкін болмаған жағдайда шаңғыны шешу керек.Шаңғы жорықтары қыс айларында адамдарды ынталандыратын жорық түрі болған соң,оның ұйымдастырушылық тәсіліне көп мән беріледі.
Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері
Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері қатарына: маршруттың дұрыс түрін таңдау; сол маршрут бойынша болатын қиын жол учаскелерін бөліп, қарастыру;жорықты жүріп өту графигін құрастыру және де қиын учаскелерді қауіпсід түрде өту үшін таңдаулы уақытты таңдау; лавина болатын жерлер мен қауіпті, экстремальды жерлерді өту барысында коллективті жұмысты ұйымдастыру. Дәстүрлі жорықтармен қатар ( ақпан, наурыз және сәуірдің басы), күзгі және көктемгі маусымаралық жорықтар ( елдің солтүстік аудандарындағы маршруттарға сәйкес), сонымен қатар поляр түні ( Полярлы маршруттар бойынша) ұйымдастырылады. Мұндай жорықтар барысында туристер өте жақсы деңгейдегі дайындықта болуылары қажет
Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы,көптеген километрге (1100км дейін ) созылатын,арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын,жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар,жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.Велосипед туризмі,өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар.Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады,соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді,онымен терең орлар арқылы да,құмды жерлерді де,тасты тау жолдарын да,өзенді де кесіп өтуге болады.Күніне қозғалыс қарқынына ,ауа райына,жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді.Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді,ол барлық жүкті велосипедке тиейді.Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі.
Велосипед туризмінің өзінің артылықшылықтары болады.Жаяу адам жүре алатын жерлерден велосипедші өте алады.Велосипедші айтарлықтай аз шаршайды,ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше ретартық болады.Сондықтан да велотуристердің маршрут таңдауда кең мүмкіндіктері бар.Туристің жасы мен физикалық жағдайын есепке алып отырса,велосипед жорықтары әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы.
Велосипед тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам.Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу,реттеу,жинау бойынша білімдері болуы тиіс және өздері велосипедте жүру техникасын жақсы игеруі тиіс. Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған маршрутты таңдағандары дұрыс: ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі маршруттарға да шыға алады.Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.Жергілікті жердің рельефі, ауа-райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде 400-ден 1000 км дейін жол жүре алады.
Велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл.Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол,автомобиль,өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді.Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда 1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға мүмкіндік береді.Ол жинақы,қарапайым,35-45 км/сағ. Жылдамдықта жүре алады;оның жол жылдамдығы 15-25 км.Жанармайға раналған багы 2,3 л,бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді.( 20 км/сағ. Жылдамдықтағы әрі жол сапасына байланысты).Велосипед туризмі қазіргі таңда өте жақсы дамыған белсенді туризмнің түрі болып табылады
Веложорықтардың түрлері
Біркүндік веложорық - түнеуі болмайтын веложорық. Әдетте жолға шығу таңертең, қайтып келуі сол күннің кешінде болады.
Демалыс күннің жорығы (ПВД) - бір түнеуі бар веложорық, яғни, жолға шығу сенбі күні таңертең, ал қайтып келуі жексенбі күні кеште жүзеге асырылады.
Көпкүнді веложорық - бірнеше күнге созылған түнеуі бар веложорық болып табылады.
Спорттық веложорық - туризмнің басқа түрлері сияқты арнайы органдармен бақыланады.
Дәрежелері
Велосипедтік спорттық туризмнің жорықтары қиындық деңгейіне байланысты 6 дәрежеге бөлінеді: бірінші дәрежесі - ең оңай, алтыншы дәрежесі - қиын болып табылады. Жорықтың қиындық деңгейі велосипедтік жорықтарды дәрежелеу методикасына байланысты болады. Велосипедтік жорықтың бірінші категориядағы ең минимум деген ұзақтылығы 300 км. құрайды
Дәстүрлі велотуризмнің ұзақтылығы бір немесе бірнеше күнді құрайтын орташа темптегі жай қарапайым жолдарды жүріп өтуді санауға болады. Маршруттар кез-келген жерде әр түрлі ұзақтылыққа байланысты таңдалады. Мұндай жорық арнайы туристік құрал-жабдықтардың болуын талап етеді. Велотуризмнің бір түрі ретінде агрессивті туризмді атауға болады. Велосипедтік жорық бір немесе бірнеше күнге созылады, бірақ ол жорық өте жылдам темпте сан қилы жолдарда өтеді. Велосипедші өзімен бірге минималды қажетті жүкті қарапайым іліп алып жүретін сөмкесіне салады. Агрессивті велосипедтік жорық бірнеше қысқаша тоқтауларды қамтиды.Олардың барысында әдетте палатканы, отты, лагерьді пайдаланбайды. Туризмнің осы түрі үшін қала сыртында орналасқан арнайы үйлерде - мотельдерде, қонақ үйлерде түнеуге рұқсат беріледі. Көбінесе маршрут пен оны қамтитын жол ерекшеліктері велосипедшіге таныс болмайды, алдын-ала хабардар етілмейді.
Спорттық велотуризмнің негізі болып арнайы таңдалған қиын маршрут болып табылады. Оның құрылымына әдетте перевалдарды, орман жолдарын, қиын жететін жолдар немесе толығымен жолсыз жерлерді өтуді қосады. Қозғалу темпі орташа болып келеді
Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту
Туризм критерийлері?
Экскурсиялық немесе танымдық туризм дегеніміз?
Халықаралық туризм түрлері?
Жаяу туризм түрлері
Жаяу туризм артықшылықтары
Тау туризмі
Асу категориясы дегеніміз не?
Тау туризмінің бағыттары
шаңғы туризмі дегеніміз?
Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты нешеге бөледі?
Шаңғы жорығындағы табиғи кедергілер
Велосипед туризмі дегеніміз?
веложорық түрлері
Веложорық дәрежелері
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!
ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
Технологиялық процестің орындалуын бақылау
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
ІV. Қорытынды нұсқау.
Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту
Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту
Оқушылардың бағаларын хабарлау
Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру
,
Достарыңызбен бөлісу: |