Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет96/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч


V. Үйге тапсырма: §5.7. §5.8. №5.8.1, №5.8.4, . №5.8.5, №5.8.6.

VІ. Қорытындылау. Бағалау.

11-сынып

« Салыстырмалы теория элементтері» тарауы бойынша есептер шығару.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың өткен тарауда алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: есептер шығару

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарау бойынша алған негізгі түсініктер мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару. С. Тұяқбаев:

5.1.12

Қандай жылдамдықта электронның массасы оның тыныштық массасынан екі есе артады?

5.1.16.

Егер ғарыш кемесіндегі уақыттың жүрісі Жерде тұрған бақылаушының көзімен қарағанда екі есе бауласа, онда қозғалмайтын санақ жүйесі Жерге қатысты ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен жүреді?

5.1.19.

Егер Жерге қатысты 0,8 с жылдамдықпен қозғалатын ғарыш кемесінде 21 жыл уақыт өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?

5.1.22.

Егер мезонның толық энергиясы тыныштықтағы энергиясынан 10 есе артық болса, оның жылдамдығы қандай?

5.1.25.



Бөлшек қандай жылдамдықпен қозғалғанда оның кинетикалық энергиясы тыныштық энергиясына тең болады?

IV.Қорытыныдылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: №5.8.4, . №5.8.5, №5.8.6.
11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §6.1, §6.2. Жылулық сәуле шығару. Стефан-Больцман және Винн заңдары.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жылулық сәулелену, энергетикалық жарқырау, энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы, дененің сәулелену қабілеті, спектрлік жұту қабілеті, абсолют қара дене, Стефан-Больцман заңы, Винн заңы, квантт энергиясы туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды ­өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың «Салыстырмалы теория элементтері» тарауын қалай меңгергендерін тексеру.

І нұсқа

Теориялық сұрақтар:

  1. Салыстырмалы теориясының постулаттары.

  2. Дененің жылдамдығын арттырғанда оның массасы қандай формулаға сәйкес артады?

  3. Дененің релятивтік импульсінің формуласы.

  4. Динамиканың негізгі заңы.

  5. Эйнштейн формуласы.

Есептер:

  1. Егер Жерге қатысты 0.99с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 10 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?

  2. Қуаты 100 Вт электр шамының жарық шығару кезінде жоғалтатын массасы қандай?


ІІ нұсқа

Теориялық сұрақтар:

  1. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.

  2. Уақыттың салыстырмалылығы.

  3. Ұзындықтың салыстырмалылығы.

  4. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.

  5. Масса мен энергия арасындағы байланыс.


Есептер:

  1. Егер Жерге қатысты 0.8с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 21 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?

  2. Жерде тұрған бақылаушыға қатысты қозғалмайтын сызғыштың ұзындығы 1 м. Егер сызғыш бақылаушыға қатысты 0,66с жылдамдықпен қозғалса, бақылаушы үшін оның ұзындығы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.

Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.

Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуатын энергетикалық жарқырауы деп атайды.



Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе дененің сәулелену қабілеті:

Дененің сәулелену қабілеті деп оның беттік аудан бірлігінен жиілік интервалының бірлік енінде шығатын сәулелік қуатын атайды.

Спектрлік жұту қабілеті деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.

Спектрлік жұту қабілеті:



Барлық жиілікте түскен сәуленің энергиясын түгел жұтып алатын дене абсолют қара дене деп аталады.



Стефан-Больцман заңы:

=5,67∙10-8 Вт/м2К4 –Стефан-Больцман тұрақтысы.

Винн заңы:



, =2,9∙10-3 м∙К –Винн тұрақтысы.

Әр кванттың энергиясы

h =6,626∙10-34 Дж∙с –Планк тұрақтысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет