Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет11/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч


IV. Пысықтау.

  1. Нақты тербелмелі контурдағы тербелістер неліктен өшеді?

  2. Қандай тербелістер еріксіз деп аталады?

  3. Автотербелістердің еріксіз тербелістерден айырмашылығы неде?

  4. Автотербелмелі жүйе қандай негізгі элементтерден тұрады?

  5. Кері байланыс деген не?

  6. Автотербелістерге мысалдар келтіріңдер.

VI. Қорытындылау.

VII.Бағалау.

VШ. Үйге тапсырма: §1.6. Еріксіз тербелістер. Автотербелістер.
.

11-сынып.

«Электромагниттік тербелістер» тарауы бойынша есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың осы тарауда алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Есептер шығару.

Тұяқбаев С. Есептер жинағы:

1.4.

400 Гц дыбыс жиілігіндегі электр тербелістерін алу үшін катушкасының индуктивтіліг 0,76 Гн тербелмелі контурға сыйымдылығы 2 мкФ тербелмелі контурға сыйымдылығы қандай конденсатор жалғау керек?

1.7.

Тербелмелі контур индуктивтілігі 2,5∙10-6 Гн катушкадан және өзара параллель жалғанған, әрқайсысының сыйымдылығы 5∙10-3 мкФ екі конденсатордан тұрады. Контурдағы электр тербелістерінің периодын анықтау керек?

1.8.

Тербелмелі контур әрбір астарының ауданы 100 см2 ауа конденсаторы мен индуктивтігі 10-5 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербеліс периоды 10-7 с. Конденсатор астраларының ара қашықтығын анықтаңдар.

1.13.

Тербелмелі контурдің конденсаторы астарларындағы заряд t уақыт ішінде q=10-6cos104πt теңдеуіне сәйкес өзгереді. Ток күшінің уақытқа тәуелділігін өрнектейтін i=i(t) теңдеуін жазыңдар. Контурдағы тербеліс периоды мен жиілігін, заряд тербелісінің амплитудасын және ток күшінің тербеліс амплитудасын табыңдар.

1.17.

Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал арақашықтығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған. Егер ток күшінің амплитудасы 0,2 мА, ал кернеудің амплитудасы 10 В болса, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған ортаның диэлектрлік өтімділігі неге тең?

1.19.

Тербелмелі контурдың конденсаторына qm=10-4 Кл заряд берілген кезде контурда еркін өшетін тербелістер басталған. Тербеліс толығымен тоқтаған мезеттегі контурда бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар.

.1.20.

Контур индуктивтілігі 22 мкГн катушкадан 1 Ом кедергіден және сыйымдылығы 222 пФ конденсатордан тұрады. Контурдағы өшпейтін тербеліске конденсатордағы ең үлкен кернеу 5В болатын етіп демеу беру үшін контур қанадй қуатты пайдалануы керек?

1.21.

Индуктивтілігі 5 мкГн катушкадан және сыйымдылығы 13330 пФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдағы ең үлкен кернеу 1,5 В. Контурдың кедергісі мейлінше аз. Егер катушканың орамдар маны 28 болса, онда контурдағы ток күшінің әсерлік мәнін, магнит ағынының аң үлкен мәнін анықтаңдар.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Бағалау,

V. Үйге тапсырма: Қайталау. Рымкевич есептер жинағынан:

№938, №940, №945



11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §2.1. Айнымалы ток.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға айнмалы ток, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Электромагниттік тербелістер» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды.

Берілген уақыт мезетінде өткізгіштің кез келген көлденең қимасындағы ток күшінің мәні, яғни ток күшінің лездік мәні бірдей болса, мұндай токты квазистационар ток деп атайды.

Айнымалы ток генераторының құрылысының принциптік сұлбасы:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет