Атом ядросының құрамы
Нуклондар – протондар мен нейтрондардың жалпы саны.
А=Z+N
A –массалық сан
Z – реттік номері
N – нейтрондар саны
Ядролық зарядтары бірдей, ал массалық сандары А әр түрлі элементтер атомдарын изотоптар деп атайды.
Мысалы: 1Н1 –протий
1Н2 - дейтерий
1Н3 – тритий
Массалық сандары бірдей, зарядтық сандары Z әр түрлі нуклидтерді изобаралар деп атайды.
Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, оның берік байланысын қамтамасыз ететін күштер ядролық күштер деп атайды.
Қасиеттері:
Күшті әрекеттесу күштері болып табылады.
Тартылыс күштері болып табылады.
Нуклондардың электр зарядының бар-жоғына тәуелсіз әрекет етеді.
Ядролық күштер барлық нуклондармен емес, тек өзіне жақын көршілерімен ғана әрекеттеседі.
Ядролық күштер центрлік күштер қатарына жатпайды.
Мя
Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.
∆М=
Eб= ∆Мc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·c2
Eб= ∆Мc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·931,5МэВ
∆М= Eб/c2
Меншікті байланыс энергиясы деп ядроның байланыс энергиясының А массалық санға қатынасын, яғни бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясын айтады:
Ем.б.=Еб/А
Ядродағы нуклондардың меншікті байланыс энергиясының массалық санға тәуелділігі
ІV.Есептер шығару. № 8.3.1, №8.3.2, №8.3.3, №8.3.4, №8.3.5.
V. Үйге тапсырма:. §8.2 §8.3. Ядроның нуклондық моделі. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы. №8.3.6, №8.3.7, №8.3.8, №8.3.9.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §8.4. Радиоактивтік Беккерель тәжірибесі.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға радиоактивтілік, радиоактивті ыдырау, ығысу ережелері туарлы түсінік қалыптастыру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор , слайдтар, электронылқ оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Протон қалай ашылды?
Чедвик тәжірибелерінің мақсаты қанадй?
Массалық сан деген не?
Нуклондар мен нуклидтер деген не?
Химиялық элемен изотоптарындағы негізгі айырмашылық неде?
Изобаралар деген не?
Атом ядросында нуклондарды қанадй күш ұстап тұрады?
Ядролық күштердің қанадй ерекшеліктері бар?
Масса ақауы деген не?
Ядроның байланыс энергиясы деген не?
Меншікті байланыс энергиясы деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1986 ж уран тұздарының люминесценциясын зерттеу барысында уран тұздары қағаз, ағаш, жұқа металл пластиналары арқылы өтетін белігісіз сәуле шығаратынын байқады.
1898 ж. Мария Складовская-Кюри уран рудаларын зерттеп, полоний, радийді тапты.
1908 ж. Резерфорд спектрлік анализ әдісімен радонды ашты.
α- сәуле – оң заряталған бөлшектер ағыны(гелий атомының ядросы)
β –сәуле - өте шапшаң қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер (электрондар)
γ – сәуле –электромагниттік сәулелену
Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элемент радиоактивті, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |