Кері байланыс: "Пікір алмасу"
2. Білім дағдысы: қолдану.
Белсенді оқыту: «Аялдама»
Тапсырма (G): Мәтін оқып, мазмұнынды карта құрап, келесі топпен алмасады. Картаны алған топ, берген топқа сұрақ қояды.
1-топ. Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі
2-топ. Энергияның сақталу және айналу заңы.
3 -топ. Өшетін тербелістердің тәуелділік графигі.
Кері байланыс: «Өзара сұрақ»
3. Білім дағдысы: қолдану.
Белсенді оқыту: “Ойлан-жұптас-бөліс”
Тапсырма (I,J,G): 1. Механикалық тербелістер кезіндегі дененің х координатасының уақытқа тәуелділігінің графигі бойынша тербеліс периодын, жиілігін және амплитудасын анықтаңдар
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Тербелмелі процестің теңдеуіне график тұрғызады.
|
Период, жиілік, амплитудалардың формулаларын біледі
|
Өлшем бірліктерін анықтайды
|
Тербелмелі процестің теңдеуіне байланысты график тұргызады
|
2. Серіппеге ілінген массасы 1кг дене периоды 1с-қа тең тербелістер жасайды. Осы серіппеге ілінген массасы 4 кг дененің тербеліс периоды қандай?
3. Қатаңдығы 16 Н/м серіппеге ілінген массасы 200 г дене горизонталь жазықтықта 2 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |