Сабақ тақырыбы Тәуелсіздік тұғырым Мақсаты



бет3/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,74 Mb.
#47848
түріСабақ
1   2   3   4   5
1­­-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар!

Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.
1-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Оқушы

М. Шаханов, «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.



Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
2-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.
1-жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
2-жүргізуші: Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
1-жүргізуші: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.
2-жүргізуші: 1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.
1-жүргізуші:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.
2-жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.
Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.
Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.
Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Оқушы:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.
1-жүргізуші:

Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар. Халық басына төнген осы бір сәтті от тілді, қайсар ақын Қайрат былай суреттейді:
Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың! деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.
2-жүргізуші:

Көрініс.

Ортаға бір топ қыз -жігіттер шығады.

- Қыздар, мен газет әкелдім!

- Қане, не жаңалық бар екен?

- Пленум болыпты.

- Қонаевты орнынан алды дейді.

- Онысы несі?

- Орнына кім болыпты?

- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

- Қазақтан-ақ біреу қойсашы!



Жастар шуласып кетеді.

1-жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар « Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.

- Пленум шешіміне қарсымыз!

- Әр ұлтқа өз басшысы!

- Колбинді әкетсін!

- Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамды ұстап алады.

- Қайрат!

- Қайрат! деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкетеді. «Сот залы»
Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Сот:

- Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сот залына әкелінсін!

- Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сіз өзіңізге тағылған кінәні мойындайсыз ба? Қайрат Рысқұлбеков:

- Жоқ! Мен емес, мойындамаймын!
Сот:

- Куәгер кірсін!
Куәгер:

- Мен Анна Светлановна сағат 10-дар шамасында Қайрат Рысқұлбеков Свицкийді өлтіргенін көрдім!

- Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот үкім шығарды!
Сот:

- КСРО Жоғарғы кеңесінің заңдарының 173-бабына сай Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілсін.
2-жүргізуші:

КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ.
1-жүргізуші:Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.
1-жүргізуші: Би: «Қыздар биі».
2-жүргізуші:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. http://bilimland.kz/kk/#lesson=18641


Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
1-жүргізуші: Би: «Қаражорға».
2-жүргізуші: 1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік? http://bilimland.kz/kk/#lesson=11884






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет