Сабақ бөлімдері
|
Рефлексия – ойлану, оқушының реакциясы
|
Рефлексияның мақсаты
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Бүгінгі сабақтан мен нені күтемін? Сабақты қайталау кезінде мен белсенділік көрсетемін бе немесе неге ия/жоқ?
|
Психололгиялық жағымды жағдай жасау, өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін туғызу
|
Меңгерген материалды қайталау
|
Білімімді тексерген уақытта мен жақсы немесе әлсіз деңгейлі білім көрсетінбе? Неге мен «үздік» баға алалмадым немесе алдым? Келесі сабақта осындай жағдай болмас үшін мен не істеу немесе істемеу керекпін?
|
Ойлану
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Мен жаңа нені білгім келеді…?
Алған білім қай уақытта маған керек болады?
Қандай әдіс-тәсілмен өзіндік жұмысты жақсы орындауға болады?
|
Жаңа алған ақпараттың маңыздылығын түсіну
|
Бекіту
|
Сабақта мен нені есіме сақтадым? Нені түсіндім/ түсінбедім? Түсінуге не маған бөгет болды? Жаңа сабақ қай жағынан мені таңғалдырды, қызықтырды? Жаңа тақырыпта не маған ұнады/ ұнаған жоқ? Қандай көңіл күймен мен үшін сабақ аяқталды?
|
Жаңа материалға менің көз қарасым
|
Үй тапсырмасы
|
Нені еске сақтау керек/жаттау керек ? Қандай тапсырманы орындау мен үшін қызық/қиын, қызық емес/ қиын емес болады?
|
Үй тапсырмасын сапалы орындау
|
Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады.