Сабақ Тақырыбы: Төзім мен табандылық. Құндылық: «Ішкі тыныштық»



Дата26.08.2017
өлшемі34,8 Kb.
#28233
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Қалдығайты ЖОББМ Мерзімі: 28.01.2017 № 23 сабақ
Тақырыбы: Төзім мен табандылық. Құндылық: «Ішкі тыныштық»

Қасиеттер: сыпайылық, ашуланбау, шыдамдылық

Мұғалім: Тулеутаева К.Г. Сынып – 4 Оқушылар саны: 16



Сабақ мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, табандылыққа баули отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  • Ішкі тыныштықты сақтай отырып, сыпайылыққа үйрету

  • Оқушыларды ашуланбауға байсалдылықпен әрекет жасауын дамыту.

  • Оқушыларды ішкі тыныштық арқылы шыдамдылыққа тәрбиелеу.




Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

  2. Үй тапсырмасын тексеру

110 беттегі №23 Р. Әбілқадырованың «Әдемі әже» әңгімесі

  • Әдемі әжені демеп келе жатқан қандай адами қасиеттер?

  • Төзімділік пен табандылықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

  • Төзімділік пен табандылықты өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады?




Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді»




  • Табандылық қандай кедергілерді жеңеді деп ойлайсың?

  • Табандылықтың адам өміріне қандай маңызы бар?

- Өз бойларыңызға шыдамдылықты қалай жинақтар едіңіз?

Л. Винчи


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Құмырсқаға сабақ болды
Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты. Бір кезде:

  • Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырсам болмас, - дейді қызыл құмырсқа.

  • Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, - дейді көк құмырсқа.

Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдай, басқа бұлақ іздеп кетіп қалды.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды.

Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп мөлдір салқын су ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді. Достарынан ұялып, беті қызарған қызыл құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не істесе де «табандылықпен аяқтармын» - ау !» деп өз – өзіне серт етті.

Талқылау сұрақтар:


  • Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын» деп серт берді?

  • - Жақсы сөздердің құндылығы қандай?




«Айгөлек» журналынан

  1. Шығармашылықіс-әрекет,топтық жұмыс.

1 – топ. Ой тыныштығында отырып , сурет салу

2-топ: Жағдаяттан шыға білейік / сахналық койылым/

3 –топ: Ертегі құрастыру







  1. Топпен ән айту.«Ертегілер» әні

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айыкөркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,


Неге меніертпедіңдер,
Әлемдеріннің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріннің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,


Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.


Айгерім Қалаубаева

  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 116 – бетіндегі № 24 Ы. Алтынсариннің

«Асыл шөп» әңгімесін оқып келу.






  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалімнің сөзі:-Балалар,барлығымыз көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттер өмір бойы сендерге қуаныш әкелсін және де сол қасиеттерді мәңгілік жүректеріңде сақтаңдар.Енді көзімізді ашайық.Өте жақсы сіздерге көп рақмет!

Тыныштық,тыныштық,

Тыныштық барлық жерде

Тыныштық, тыныштық,

Тыныштық барлық әлемде.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет